• Мобильді үстемені жүктеу

Маңызды салалар

Шығыс Қазақстан облысында машина жасау саласындағы жетекші кәсіпорындар «Өскемен арматура зауыты» АҚ, «КЭМОНТ» АҚ, «Өскемен конденсатор зауыты» ЖШС, «Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты» АҚ, «Силумин-Восток» ЖШС, «МАШЗАВОД» ЖШС және т.б. болып табылады.

«Өскемен арматура зауыты» АҚ 40 жылдан астам уақыт бойы ТМД мемлекеттерінің мұнай-газ объектілерінде, сондай-ақ алыс шет елдерде кеңінен қолданылатын құбыр арматурасы мен мұнай-газ кәсіпшілігі жабдықтарын жобалайды, әзірлейді, өндіреді және жеткізуді жүзеге асырады.

«КЭМОНТ» АҚ - Қазақстан Республикасы мен Орта Азия аумағында 0,4 кВ-тан 220 кВ-қа дейінгі кернеу класындағы электротехникалық жабдықтардың ірі өндірушісі болып табылады. «КЭМОНТ» АҚ дайындайтын электротехникалық жабдық өнеркәсіптің әртүрлі салаларында: металлургия, атом, химия, тау-кен өндірісі, мұнай және газ, өнеркәсіптік энергетика және энергия жүйелері объектілерінде, ауыл шаруашылығы мен тұрғын үй құрылысында, әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық мақсаттағы объектілерде қолданылады.

«Өскемен конденсатор зауыты» ЖШС 62 жыл бойы машина жасау, металлургия, энергетика, мұнай-газ, теміржол сияқты өнеркәсіп салаларының электр желілеріндегі реактивті қуаттың орнын толтыру үшін конденсатор жабдықтарын әзірлейді, өндіреді және жеткізеді. 5 жыл ішінде өндіріс көлемі екі есе өсті, оның ішінде жаңа, қымбат өнім шығару есебінен.

«Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты» АҚ құбыр арматурасы мен мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын өндіру бойынша Қазақстанның ірі машина жасау кәсіпорындарының бірі болып табылады. Зауыт өнімін қолдану саласы мұнай-газ өндіру өнеркәсібі кәсіпорындары, магистральдық мұнай және газ құбырлары, айдау станциялары мен резервуарлық парктердің технологиялық схемалары, энергетикалық кешен, сумен жабдықтау және т.б. болып табылады.

1996 жылы негізі қаланған «Силумин-Восток» ЖШС өнеркәсіптік автоматтандыру, электрмен жабдықтау, жобаны кешенді әзірлеу және өнеркәсіптің түрлі секторлары үшін жабдықтарды жеткізу өндірісі саласында Қазақстанда көшбасшы орынға ие. Кәсіпорын электр қалқан, сорғы, өнеркәсіптік тоңазытқыш жабдықтарын, бекіту арматурасын және блокты-модульдік ғимараттарды шығарады.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы ауданы 2153,2 мың га, оның ішінде 124,5 миллион текше метр сүрек қоры бар орманмен жабылған 1283,9 мың га. Жалпы орташа өсім жылына 1,9 миллион текше метрді құрайды.

Облыс әкімдігіне ведомстволық бағынысты орман шаруашылығының 13 коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - КММ) аумағында өсетін ормандардың тұқымдық құрамында самырсын – орманның жалпы алаңның 30%, қайың – 18,4%, көктерек - 16,3% құрайды. Сағызқарағай, шырша, балқарағай, терек екпелері аз таралған. Орман алқаптарының 1,6% әртүрлі тұқымды бұталар алып жатыр.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес басты мақсатта пайдаланылатын ағаш кесу, өнеркәсіптік ағаш дайындау облыс әкімдігіне ведомстволық бағынысты орман шаруашылығының 13 КММ ормандарында ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

Орман шаруашылығы КММ бойынша басты мақсатта пайдаланылатын ағаш кесудің жыл сайынғы ықтимал көлемі 987,51 мың текше метрді құрайды, оның ішінде қылқан жапырақты шаруашылық бойынша 172,14 мың текше метр және жапырақты шаруашылық бойынша 815,37 мың текше метр. 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жапырақты ағаштардың төмен сұрыпты сүрегін қайта өңдеу өндірісінің болмауына байланысты басты пайдалану бойынша дайындама көлемі орта есеппен 64 мың текше метрден аспайды.

Орман орналастыру ұсынған ағаш кесудің барлық түрлері бойынша жыл сайынғы жалпы көлемі 1,5 миллион текше метрден асады.

Ағаш кесудің барлық түрлері бойынша нақты сүрек дайындау, соңғы 5 жылда 225 мың текше метрден аспайды, жиналған сүректің басым бөлігі жалпы көлемнің шамамен 70%-ын отын сүрегі құрайды. Осылайша, шамамен 1,3 миллион текше метр талап етілмеген болып қалады.

Қазіргі уақытта шикізат әлеуетінде орман өңдеу өндірістерін дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру мүмкін болатын 26 перспективалы орманшылықтың 14-і басты пайдаланудағы ағаш кесу бойынша сүрек дайындаудың жыл сайынғы көлемі 554,9 мың текше метр  болатын сүрек дайындау бойынша ұзақ мерзімді орман пайдалануға бекітілді.

12 орман шаруашылығы басты мақсатта пайдаланылатын ағаш кесу бойынша сүрек дайындаудың жалпы жылдық көлемі 305 мың текше метр болатын тендерге шығарылуы мүмкін.

Осылайша, ШҚО сүрек өңдеу өндірістерін дамыту үшін жақсы ресурстық әлеуетке ие.

Сала өңір экономикасында жетекші орын алады. 2022 жылдың 10 айында өңдеу өнеркәсібі көлеміндегі үлес салмағы 67,2% құрады. Бұл саланың жетекші кәсіпорындары «Казцинк» ЖШС, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ болып табылады. Саланың кәсіпорындары негізгі асыл және түсті металдарды: қорғасын, мырыш, мыс, тазартылған алтын және күміс, сондай-ақ титан, тантал, атом электр станцияларына арналған отын шығарады.

«Казцинк» ЖШС - мыс, бағалы металдар мен қорғасынның ілеспе өндірісінің үлкен үлесі бар ірі интеграцияланған мырыш өндірушісі – барлығы дайын өнімнің 23 түрі. Шығарылатын өнім номенклатурасына металл мырыш, тазартылған қорғасын, тазартылған күміс, катодты мыс, сондай-ақ басқа да ілеспе өнімдер кіреді. Компания Қазақстан Республикасындағы ең ірі алтын өндіруші болып табылады. Компанияның негізгі кәсіпорындары Қазақстан Республикасының аумағында, басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. Компания 1997 жылы құрылды. Бас инвестор Glencore International AG болып табылады.

«Үлбі металлургия зауыты» АҚ – атом энергетикасы, электрондық, металлургия өнеркәсібі және басқа да салалардың қажеттіліктері үшін уран, бериллий, тантал және ниобий өнімдерін әлемде танылған өндірушілердің бірі. 1997 жылдан бастап кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ құрамына кіреді. Кәсіпорын құрамында ірі металлургиялық өндірістер – уран, бериллий және тантал, сондай-ақ қосалқы бөлімшелердің дамыған инфрақұрылымы бар. Атом электр станциялары үшін уран отынының компоненттерін өндіруші уран өндірісі болып табылады. Уран өндірісінің өнімдері (уран диоксиді ұнтақтары және отын таблеткалары) әлемдегі ең ірі отын өндірушілермен сертификатталған. Жеткізу Солтүстік Америка, Еуропа және Азия елдеріне жүзеге асырылады. Толық цикл бойынша жұмыс істейтін бериллий өндірісі – кен концентраттарын өңдеуден бастап бериллий мен оның қорытпаларына негізделген өнімдердің кең ассортиментін шығаруға дейін бірегей болып табылады. Дайын өнім Еуропа Одағы елдеріне, Ресей Федерациясына, АҚШ-қа, ҚХР мен Жапонияға сатылады.

ТМД аумағындағы жалғыз және әлемдегі ең ірі төрт зауыттың бірі - шикізатты өңдеуден бастап берілген сапа параметрлері бар дайын тантал-ниобий өнімдерін алуға дейінгі толық өндірістік циклі бар зауыттың тантал өндірісі болып табылады. Тантал өндірісі бойынша ҮМЗ серіктестерінің қатарында - АҚШ, Ресей, Франция, Германия және Жапонияның танымал фирмалары бар.

«Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ – шикізат өндіруден бастап дайын өнім өндіруге дейінгі барлық технологиялық қайта бөлуді қамтитын әлемдегі ең ірі тігінен біріктірілген салалық кәсіпорындардың бірі. Комбинаттың өндірістік құрылымына 5 негізгі және 6 қосалқы цехтар, сондай-ақ еншілес және бірлескен кәсіпорындар кіреді. Зауыттың өнімі барлық әлемдік аэроғарыш кәсіпорындарымен сертификатталған. Қазақстандық титан әлемдік нарықтың 16%-ын алады, кеме жасауда, медицинада, мұнай және химия өнеркәсібінде қолданылады. Серіктестер - «Boeing», «Airbus», «Nippon Steel», «SNECMA», «General Electric» және басқа да көптеген компаниялар.

 

Шығыс Қазақстан облысында электр энергиясын өндіруді әр түрлі меншік нысанындағы 8 энергия өндіруші ұйым іске асырады, олардың құрамына 9 электр станциясы кіреді. Электр станцияларының жалпы белгіленген қуаттылығы 2118 МВт құрайды.
Электр станциялары ұлттық және аймақтық маңызды электр станцияларына бөлінеді.


Ұлттық маңызы бар электр станцияларына қосымша және ҚР БЭЖ жүктеме кестесін реттеу үшін пайдаланылатын, қуаттылығы үлкен су электр станциялары жатады:
•    Бұқтырма СЭК "Казцинк" АҚ;
•    Өскемен СЭС;
•    Шүлбі ГЭС.


Сондай-ақ электр энергиясын өндіру СЭС Риддер каскадының - Хайрузовская және Тишинская 2 СЭС-нан іске асырылады.  
Шығыс Қазақстанның электр желілері электр энергиясын беру және (немесе) таратуға арналған, кернеуі 0,4-500 кВ аралық станциялар, үлестіру құрылғылары мен оларды жалғайтын электр беру желілерінің жиынтығы болып табылады.
Жүйе құрушы желі республиканың аймақтары мен Ресей Федерациясының энергетикалық жүйесімен электр байланыстарын, сонымен қатар, электр энергиясын электр станцияларымен беруді және оны көтерме тұтынушыларға жіберуді қамтамасыз ететін ұлттық электр желісі болып табылады. 


Шығыс Қазақстандағы электр энергиясының кепіл беруші жеткізушісі «Шығысэнерготрейд» ЖШС болып табылады. «Шығысэнерготрейд» ЖШС жалғыз құрылтайшысы – акцияларының 100 % «Самрук-Энерго» АҚ иеленетін «ШҚ АЭК» АҚ.

 

Мал шаруашылығындағы инвестициялау үшін перспективалы бағыттар:

- сүтті және етті мал шаруашылығын дамыту;

- ет құс шаруашылығын дамыту;

- ет өңдеу кешендерін салу;

- марал шаруашылығы мен ара шаруашылығын дамыту;

- суармалы жерлерді дамыту (жемшөп дақылдарын өсіру).

Ауыл шаруашылығының негізгі бағыты - өсімдік шаруашылығы, оның үлесіне жалпы өнім көлемінің 55%-ы, мал шаруашылығына 45%-ы келеді.

2022 жылдың 10 айында шаруашылықтардың барлық санаттарында 473 мың бас ІҚМ (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 103,9% құрады), 652,1 мың қой мен ешкі (103,9%), 52,1 мың шошқа (96,9%), 200,4 мың жылқы (108,9%), 4,3 млн. құс (166,1%) саналады.

Облыстың бірегей ауылшаруашылық ресурстары бар, ал географиялық орналасуы жан-жақты, өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді.