• Мобильді үстемені жүктеу

Форум туралы

Шығыс Қазақстан облысындағы
«Алтай Invest-2016» Халықаралық инвестициялық форумы

2016 жылғы 20-21 қыркүйекте Өскемен қаласында «Алтай Invest-2016» Халықаралық инвестициялық форумы өткізіледі.

Форумның мақсаты – өңірге инвестиция тарту, Шығыс Қазақстанның брендін әлемге таныту және әлеуетті инвесторларға облыстың инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру. Форум бағдарламасында – В2В кездесулер, өзекті мәселелер бойынша халықаралық деңгейдегі спикерлер және модераторлар жүргізетін роуд-шоу, инвестициялық жобалардың көрмесі.

Форумда 926 млрд.теңгені құрайтын (2,7 млрд. доллар) 84 жоба таныстырылады, соның ішінде агроөндіріс кешені бойынша 105 млрд. теңгеден асатын 41 жоба, кәсіпкерлік бойынша 33 млрд. теңгені құрайтын 8 жоба, знергетика саласында 238,0 млрд. теңгені құрайтын 3 жоба, туризм бойынша 15,7 млрд. теңгені құрайтын 10 жоба, мемлекеттік-жеке серіктестік бойынша 534,4 млрд. теңгені құрайтын 22 жоба кіреді. Сондай-ақ жалпы ауданы 278 га құрайтын туризмді дамытуға арналған 46 перспективалы орындар іріктелінді.

Анықтама үшін: 2015 жылы «Алтай Агро Инвест-2015» Форумы өтті, аталған форумда өңірдің ауылшаруашылық саласындағы жоғары әлеуетімен басымдылығы таныстырылды. Форум қонақтарына, 13 елдің дипломаттарына және> 70 инвестициялық компанияларға агроөндіріс кешенінің 15 бағыты бойынша 50 инвестициялық жоба таныстырылды. Форумның нәтижесінде ауылшаруашылығы саласындағы 68 млрд.теңгені (201,8 млн.доллар) құрайтын 13 меморандумға қол қойылды.

Форумның аудиториясын елшілер, Қазақстанның және шетелдің қаржы институттары, шетелдік инвесторлар, ұлттық компаниялар басшылары, Шығыс Қазақстанның кәсіпорындары, бизнес және мемлекеттік органдар өкілдері, барлығы 17 ел өкілдері қатысады. Жалпы форумға 500-ден астам делегаттар келеді деп күтілуде.

 «Алтай Invest-2016» қатысушылары жеке компания/өнім/жобасын әлеуетті серістестерге/клиенттеріне/инвесторларға таныстыруға мүмкіндік алады, жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылайды және менеджмент бойынша жаңа мағлұмат алу, ресурстарды тиімді пайдалану және бизнеске инвестиция тарту, сондай-ақ Форум аясында өтетін қосымша іс-шараларға қатысу (роуд-шоу, В2В кездесулер, Форумның панелді отырысы).

«Алтай Invest-2016» – өңірдің инвестициялық даму мәселелері бойынша бизнес-қауымдастық пен биліктің мүдделі диалогы үшін бірегей алаңы.

Форумды ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі. Серіктестер – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар бойынша Ұлттық агенттігі, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

Көбірек ақпарат алу үшін сілтемен өтуге болады: altaiinvestforum.kz