• Мобильді үстемені жүктеу

Инвестициялық қызмет

2018 жылғы қаңтар-мамырға негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 126991,1 млн. теңгені  құрады.

2017 жылғы қаңтар-мамырдағы деректермен салыстырғанда негізгі капиталға салынған инвестициялар 15,0%-ға көбейді.

Өңдеу өнеркәсібіне – 14383,3 млн. теңге, кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеруге – 46789,6 млн. теңге, көлік пен қоймалауға  – 12924,1 млн. теңге, жылжымайтын мүлікпен операцияларға – 13179,5 млн. теңге, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны кондиционерлеуге – 12944,8 млн. теңге, құрылысқа – 2437,5 млн. теңге, білім беруге – 1199,6 млн. теңге, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтерге – 1569,5 млн. теңге, ауыл, орман және балық шаруашылығына – 6246,0 млн. теңге инвестиция салынды.

Қаржыландыру көздері бойынша инвестициялардың құрылымында кәсіпорындардың меншікті қаражаты 60,6%-ды, республикалық бюджет қаражаты –         7,7%-ды, жергілікті бюджет қаражаты – 11,8%-ды, банк кредиттері – 1,7%-ды, өзге де қарыз қаражаттары 18,2%-ды құрады.

Республикалық бюджет қаражатының басым бөлігі (64,8%) көлік пен қоймалауға; жергілікті бюджет (31,0%) – өнер, ойын-сауық және демалыс; банк кредиттері (48,3%) – ауыл, орман және балық шаруашылығына; меншікті қаражат (66,7%) – өнеркәсіпте, өзге де қарыз қаражаттары  (79,7%) кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеруге.

Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда тұрғын үйлерді пайдалануға беру 6,8%-ға көбейіп, жалпы алаңы 135598 ш. метрді құрады. 

2018 жылғы қаңтар-мамырда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 56546,7 млн. теңгені құрады, бұл өткен 2017 жылғы қаңтар-сәуірдегі сәйкес кезеңге қарағанда 52,7%-ға көп. Құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 2017 жылы қаңтар-мамырмен салыстырғанда – 49241,2%-ға көбейіп, 53,1 млн. теңгені, күрделі жөндеу 1916,0%-ға артып, 31,0 млн. теңгені құрады, ағымдағы жөңдеу 57,7%-ға көбейіп, 5389,5 млн. тенгені құрады.