• Мобильді үстемені жүктеу

Маңызды салалар

Шығыс Қазақстан облысында машина жасау кешені аймақтағы жылдам дамып жатқан кешендердің бірі болып табылады.  Бұл салада 158 кәсіпорын, оның ішінде 12 ірі, 9 орта және 137 шағын кәсіпорындар жұмыс істейді.

Кәсіпорындардың барлық түрлерінің өнеркәсіптік өндіріс құрылымының ең үлкен меншікті үлесін ірі және орта кәсіпорындар алады, олардың машина жасау көлеміндегі үлесі 80%-дан асады.

«Азия Авто» АҚ, «Казцинкмаш» ЖШС, «Өскемен арматуралық зауыты» АҚ, «Востокмашзавод» АҚ, «Өскемен конденсаторлық зауыты» ЖШС, «КЭМОНТ» АҚ, «Семмашзавод» АҚ, «Семей инжиниринг» АҚ, «Гидросталь» ЖШС, «Казэлектромаш» ЖШС, «СемАз» ЖШС, «Машзавод» ЖШС және басқалары жетекші кәсіпорындар болып табылады.

Машина жасау кәсіпорындары мұнайкәсіпшілік, тау-кен – шахталық және металлургия жабдықтары, жеңіл және жүк автомобилдері, автобустар, дөңгелекті тракторлар, конденсаторлар және басқа электротехникалық өнім, барлық мүмкін түрленімді сорғылар, кәбіл және басқа өнім шығарумен айналысады.

«БИПЭК АВТО-Азия Авто» компаниялар тобына кіретін «АЗИЯ АВТО» АҚ аймақтың және Қазақстандағы ең ірі машина жасау кәсіпорындарының бірі болып табылады.

«Азия Авто Қазақстан» АҚ 4 мың жұмыс орындарын құратын «Өскемен қаласында толық циклді автозауыт пен автоқұраушылар өндіру технопаркін салу» жобасын жүзеге асырады.

«СемАз» ЖШС

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі автотехника мен ауылшаруашылық техника жинастыру болып табылады.

Қазіргі уақытта кәсіпорында «Белорус» тракторының тоғыз үлгісін, «Shacman», «Урал», «Foton», «Газель», «FAW» жүк автомобилдерін жинастыруды игерді және сериялық шығаруды реттеді.

Өнімнің негізгі өткізу нарығы – Қазақстан Республикасының аймақтары.

2009-2016 жж. кезеңі ішінде «Беларус» тракторының және 2234 жүк автомобилдерінің 8066 бірлігін шығарды.

 

«Өскемен арматуралық зауыты» АҚ

Кәсіпорын Қазақстан Республикасындағы құбырлар жүйесі үшін құбырлы ілмекті арматураның ең ірі өндірушісі, және көлемі бойынша ТМД-да үшінші өндірушісі болып табылады.

Зауыттың өнімдері шибер және сыналы ысырмалары, шарлы крандар, кері және дискілі ысырмалар, кері клапандар және басқалары Қазақстан Республикасынан тыс жақсы танымал: Ресейде, ТМД мемлекеттерінде, сондай-ақ алыс шетелде.

Ағымдағы жылы хром жабынының сапасын кеңейту және арттыру мақсатында гальваника телімін жаңғырту жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар зауытта шығарылатын өнімнің номенклатурасын кеңейту жоспарланып жатыр.

 

«Өскемен конденсаторлық зауыты» ЖШС

Кәсіпорындар конденсаторлар мен конденсаторлық қондырғылар шығарады. Соңғы бірнеше жыл ішінде кәсіпорын өндірісті жаңғыртып, қазіргі уақытта өнімді шығару үшін озың әлем брендтерінің жабдықтарын пайдаланады: «AMADA», «HILTON», «Synthesis» және басқалары. 2017 жылы электротехникалық өнімнің 8 жаңа түрін өндіруді игеру жоспарланып жатыр.

Кәсіпорынның өнімі ішкі нарыққа, ЕАЖО елдеріне, ТМД, Франция, Венгрия және басқа шетел елдеріне жеткізіледі.

 

«КЭМОНТ» АҚ

Орта және төмен кернеулі электротехникалық жабдықты жобалау және дайындау саласында 60-жылдық жұмыс тәжірибесі бар электротехникалық машина жасайтын жедел дамитын озық кәсіпорын.

«КЭМОНТ» АҚ елеулі өндірістік базасы бар, оның құрамында дайындаушы, бояу және жинастыру цехтары, технологиялық желілер, SIEMENS, ALSTOM (AREVA) және басқа озық фирмалардың бағдарламалық-сандық басқарылатын заманауи станокты жабдығы бар.

«КЭМОНТ» АҚ шығаратын электротехникалық жабдық өнеркәсіптің әртүрлі салаларында: металлургиялық, атомдық, химиялық, тау-кен өндіруші, мұнай және газ, өнеркәсіптік энергетика және энергожүйелер объектілерінде, ауыл шаруашылығында және тұрғын үй құрылысында, әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық тағайындалған объектілерінде қолданылады.

Облыс аумағының шамамен 30% ормандар алуда, оларда майқарағай, балқарағай, шырша, самырсын, көктерек және қайың тәрізді ағаш түрлері өсуде, мұнда Қазақстанның іскерлік сүрегінің  70% жуығы жиналған. Сол уақытта бір кезде қатты дамыған ағаш өңдеу саласы бүгінде әлсіреген және қалпына келтіруді қажет етеді.


Облыстың Мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы 3,6 миллион гектарды құрайды. Шығыс Қазақстанда бүкіл Қазақстанның ағаштың  пайдаланушылық қорының  44 %  шоғырланған. Облыстың ормандылығы 6,96 % құрайды. Негізгі орман түзуші түрлер – қарағай, майқарағай, шырша, самырсын және балқарағай, көктерек, қайың, терек.


Орман шаруашылығын жүргізу үшін облыста ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетіне бағынышты 5 ерекше қорғалатын табиғи аумақ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне бағынатын 13 коммуналдық мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесі қызмет етеді, олардың негізгі міндеттері ормандарды өрттен және өз еркімен кесуден қорғау, орманды қалпына келтіру, орман қорғау шаралары болып табылады.


Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ауданы 1544,76 мың га құрайды. 41,8 %, оның ішінде орманмен жабылған аумақ 722,3 мың га.
Қазіргі уақытта шикізат әлеуетіне орман өңдеу өндірістерін дамыту бойынша жобаларды іске асыру мүмкін 25 перспективалық орманшылықтан 16 – 470 мың текше м негізгі пайдалану отаулары бойынша мүмкін жыл сайынғы ағаш дайындаумен ұзақ мерзімді орман пайдалануға бекітілгнен. 9 орманшылық 350 мың текше м негізгі пайдалану отаулары бойынша жалпы жыл сайынғы ағаш дайындау көлемімен тендерге шығарылуы мүмкін. 
Солайша, ШҚО ағаш өңдеу бойынша өндірістерді дамыту үшін жақсы қор әлеуетіне ие және шетелдік инвесторларды тарту мүмкіндігі бар.

 

Сала аймақтың экономикасында жетекші орын алып отыр. 2017 жылы өңдеу өнеркәсібінің көлемі бойынша үлес салмағының  73,1%-ды құрады, (өнімнің негізгі үлесі экспортқа жіберіледі осно). Соңғы бес жылда металлургиялық өнеркәсіп өндірісінң көлемі 1,9 есе артты. Осы саладағы жетекші кәсіпорындар  «Қазцинк» ЖШС,  «Өскемен Титан-магний комбинаты» АҚ, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ болып табылады. Сала кәсіпорындары негізгі асыл және түсті металдарды, атап айтқанда: қорғасын, мырыш, мыс, тазартылған алтын мен күміс, сонымен бірге титан, магний, тантал, АЭС-ке арналған отын шығарады.

«Қазцинк» ЖШС.

Негізгі қызмет түрі: пайдалы қазбаларды өндіру, байыту және қайта өңдеу, түсті және бағалы металдарды өндіру және сату, электр энергиясын өндіру. Шығарылатын өнімнің номенклатурасы: металл мырыш, тазартылған қорғасын, тазартылған алтын, тазартылған күміс, катодты мыс, кадмий, күкірт қышқылы. Өнімді өткізу нарығы: Қазақстан Республикасы, Ресей, Украина, Швейцария, Ұлыбритания, Қытай, Таяу және Қиыр Шығыс елдері.

«Үлбі металлургия зауыты» АҚ.

Негізгі қызмет түрі: құрамында бериллий бар шикізаттарды, тантал-ниобий бар шикізаттарды қайта өңдеу, тасымалдау, сақтау; атомды энергияны бейбіт қолдану объектілерінің ғұмырлық циклінің кезеңдерімен байланысты жұмыстарды/қызметтерді көрсету/орындау; металл бериллийді және оның қосылыстарын, сонымен бірге, металл тантал мен необийді және оның қосылыстарын алу, өндіру, сату.

Шығарылатын өнімнің номенклатурасы: Уран өнімі (ХКПУ, диоксид ұнтақтары, таблеткалары), тантал, ниобий өнімі (құймалары, прокат, тантал және  ниобий ұнтақтары), бериллий өнімі (металл бериллий, лигатуралар, қола, бериллий оксиді мен металл бериллийден жасалған бұйымдар).

Өнімді өткізу нарығы: Қазақстан, Ресей, АҚШ, Қытай, Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания, Австрия, Испания, Италия, Нидерланды, Бельгия, Израиль, Беларусь, Украина, Румыния, Латвия, Корея, Швейцария,  Оңтүстік Корея, Үндістан.

«Өскемен Титан-магний комбинаты» АҚ

Негізгі қызмет түрі: түсті металдар мен олардың қорытпаларын өндіру.
Шығарылатын өнімнің номенклатурасы: титан құймалары мен қорытпалары; кеуекті титан; тауарлық магний; ванадий пентаоксиді. Комбинат өнімі әуе-ғарыш саласындағы барлық ірі өндірушілермен сертификатталған және индустриалды дамыған елдерге экспортқа шығарылады.  

Қосымша құны жоғары болатын жаңа металлургиялық өнім шығару мақсатында кәсіпорындар жаңа өндіріс орындарын ашуда:

  • «Үлбі металлургия зауыты» АҚ 2016 жылғы 6 желтоқсанда Индустрияландыру күнін өткізу барысында АЭС-ке арналған отынды дайындаудың толық циклін қамтитын, тігінен біріктірілген компанияны құруға бағытталған, «Қазатомпром» ҰАК» АҚ  стратегиясы шеңберіндегі жедел жобалардың бірі болып табылатын жылу бөлетін құрамаларды өндіру бойынша,зауыт құрылысын бастады. Жылу бөлетін құраманы 2020 жылы іске қосу жоспарланып отыр.  Инвестиция сомасы 48 миллиардтан астам теңгені құрайды.
  • KAZ Minerals Тобы  «АқтоғайII» өндірісін кеңейту жөніндегі жобаны іске асыруда.  2021 жылдың екінші жартыжылдығында алғашқы өнімді шығаруға, 2022 жылы өндірісті ұлғайтуға  болжам жасалып отыр.  2022 жылдан бастап 2027 жыл аралығында жылына 80 мың тонна, одан кейінгі жылдары шамамен 60 мың тонна мыс қосымша өндірілетін болады. Қаржы жұмсалымының бюджеті  1,2 млрд. АҚШ долл.

 

Шығыс Қазақстан облысында электр энергиясын өндіруді әр түрлі меншік нысанындағы 8 энергия өндіруші ұйым іске асырады, олардың құрамына 9 электр станциясы кіреді. Электр станцияларының жалпы белгіленген қуаттылығы 2118 МВт құрайды.
Электр станциялары ұлттық және аймақтық маңызды электр станцияларына бөлінеді.


Ұлттық маңызы бар электр станцияларына қосымша және ҚР БЭЖ жүктеме кестесін реттеу үшін пайдаланылатын, қуаттылығы үлкен су электр станциялары жатады:
•    Бұқтырма СЭК "Казцинк" АҚ;
•    Өскемен СЭС;
•    Шүлбі ГЭС.


Сондай-ақ электр энергиясын өндіру СЭС Риддер каскадының - Хайрузовская және Тишинская 2 СЭС-нан іске асырылады.  
Шығыс Қазақстанның электр желілері электр энергиясын беру және (немесе) таратуға арналған, кернеуі 0,4-500 кВ аралық станциялар, үлестіру құрылғылары мен оларды жалғайтын электр беру желілерінің жиынтығы болып табылады.
Жүйе құрушы желі республиканың аймақтары мен Ресей Федерациясының энергетикалық жүйесімен электр байланыстарын, сонымен қатар, электр энергиясын электр станцияларымен беруді және оны көтерме тұтынушыларға жіберуді қамтамасыз ететін ұлттық электр желісі болып табылады. 


Шығыс Қазақстандағы электр энергиясының кепіл беруші жеткізушісі «Шығысэнерготрейд» ЖШС болып табылады. «Шығысэнерготрейд» ЖШС жалғыз құрылтайшысы – акцияларының 100 % «Самрук-Энерго» АҚ иеленетін «ШҚ АЭК» АҚ.

 

Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешенінің инвестициялық тартымдылығы келесі аспектілермен сипатталады:

1. Жер қорлары: Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жалпы ауданы 10,3 млн.га, оның ішінде егіндік - 1,4 млн.га, жайылым - 8,4 млн.га, шабындық – 441 мың га. - Қор жерлері – 10,6 млн.га, оның ішінде 8,9 млн.га – ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер.

2. Суарылатын жерлер аудандарын кеңейту және суарылатын егіншілікті дамыту: Шығыс Қазақстанның суарылатын егіншілік үшін үлкен жер (200,7 мың гектардан артық) және су қорлары бар, олардың ішінде мемлекеттік жер қорында 66,7 мың га (33%).

3. Мал шаруашылығында инвестиция салу үшін болашағы бар бағыттар:

- сүтті және етті мал шаруашылығын дамыту;

- етті құс шаруашылығын дамыту;

- ет өңдеу кешендерін салу;

- марал өсіру және омарташылықты дамыту.

Ауыл шаруашылығының негізгі бағыты – мал шаруашылығы, оның үлесіне жалпы өнімнің бүкіл көлемінің 60% артық бөлігі келеді. Бүгінгі күні шаруашылықтардың барлық санаттарында МІҚМ 1044,9 мың басы, 3,7 млн. қой және ешкі, 74,1 мың шошқа, 347,3 мың жылқы, 4,4 млн. құс, 9,6 мыңнан артық марал және бұғы, сонымен қатар, 77,4 мың ара отбасы саналады. Облыс бірегей ауыл шаруашылық қорларына ие, ал географиялық орналасуы жан-жақты, өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді.