География
Шемонаиха ауданында минералды-шикізат ресурстары орналасқан, атап айтқанда полиметаллдық кенге бай, оның құрамында жез, мырыш, алтын, қорғасын бар. Пайдалы қазбаға бай кен орындары ауданның экономикасының өсуіне жағдай жасайды.
Климаты қатал – континентті. Абсолюттік максимумдік температурасы +40 градус, абсолюттік минимум -48 градус. Көбінесе солтүстік және оңтүстік жел соғады секундына 25-30 метр жылдамдыққа жетеді, жердің қату тереңдігі 220 мм, қар жабынының биіктігі 115мм, жауын-шашынның мөлшері бір жылда 780 мм. Жауын-шашынның максималдық мөлшері бір жылда 795 мм.
Тарих
1766 жылы Уба өзенінің жағалауында алғашқы тұрғыны Шемонаевтың тегімен аталған қоныс құрылған. Кенді Алтайдағы таукен зауыты ісінің дамуы халық санының өсуіне ықпалын тигізді. 1897 жылғы санақ нәтижесіне сәйкес, біздің Александровский болыстығы (Шемонаев а. орталығымен) қазіргі Шығыс Қазақстан аумағындағы халықтың тығыз орналасқан жері болды, 26 мыңнан астам тұрғындары болды.
Шемонаев ауылы үш пошта жолдарының қиылысында орналасты, оның ең басты көрікті орындары тас шіркеу, мектеп, пошта, телеграф, болыстық басқарма, аурухана, сауда дүкендері болды.
Шемонаиха ауданы құрылғаннан кейін 1928 ж. ауыл шаруашылығын ұжымдандыру процесі басталды. Шемонаихада 3 колхоз құрылды: «Колос», «Новая жизнь» және «Красный партизан».
Біздің өлкенің тарихындағы түбірлі өзгеріс Рубцовка-Риддер темір жол құрылысы болды, ол Шемонаиханың өмірін анықтады- 1938 жылы жұмысшы кенті болды. 1930 ж. темір жол кентінде жаңа мектептер, банк, әкімшілік ғимараттар, тұрғын үйлер салынды, кентті көгалдандыру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді.
Ұлы Отан соғысы Шемонаиханың дамуына ұзақ уақыт бойы кедергі жасады. «Барлығы майдан үшін, барлығы Жеңіс үшін!» атты ұранмен бірлескен аудан тұрғындарының еңбегі, азық-түлікті жеткізудің мемлекеттік жоспарын орындаға бағытталған болатын.
1950 жылдардың басында ауыл шаруашылығы басымды болып қала берді, өнеркәсіп кәсіпорындарының үлесті салмағы 6,3%,- ол «Обувщик», «15 лет Октября» және К.Ворошилов атындағы өнеркәсіп кооперацияларының артельдері, Уба өзенмен ағызу кеңсесі мен май зауыты.
Шемонаиха өміріндегі үлкен оқиға 1953 ж. «Заря» кинотеатрының құрылысы мен ашылуы болды, ол шемонаихалықтардың көптеген буындарының сүйікті демалыс орнына айналды. Кейін оның бәсекелесі жаңа Мәдениет үйі болды, сол уақытта онда 18 көркемөнерпаздар ұжымдары жұмыс істеді, оның ішінде халық атақтары бар хор мен театр болды. Көркемөнерпаз әртістер қалада құрметті де атақты адамдар, мұғалімдер, дәрігерлер, қызметкерлер, жұмысшылар болды. Спектакльдерге костюмдер, декорациялар дайындалды, жергілікті типография бағдарламалар мен билеттерді басып шығарды. Әрбір премьера Шемонаиха мәдени өмірінің үлкен оқиғасы болды.
1960 ж.ж. басындағы үлкен құрылыс Уба өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы болды. Көпір құрылысы ауданның экономикалық дамуына, сондай-ақ тұрғындар санының артуына себебін тигізді. 1961ж. халық саны 16 мың адам болды, Шемонаихаға қала мәртебесі берілді.
1964ж. Николаевский кен орнын өнеркәсіптік игеру басталды, оған қомақты мемлекет қаражаты бөлінді.
1964ж. ақпанда «Химстрой» тресі құрылды. Кейін құрылыс матариалдар зауыты, жиһаздар фабрикасы салынып, жұмыс істей бастады.
1965ж., Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 20 жылдығына қаза болған жерлестерге естелік ретінде обелиск орнатылды. Жеңістің 40 жылдығын 1985ж. шемонаихалықтар жаңа мемориалдық кешенде қарсы алды.
1891ж. шемонаихалық аурухана өз тарихын бастады, көпес Павел Плещеев тас ғимарат салды. Жаңа ғимарат 1978 ж. пайдалануға берілді.
Шемонаиха қаласында алғашқы мектеп 1865 ж. пайда болды және сыныпты училище деп аталды. Қазіргі уақытта 4 жалпы білім беретін және 1 кәсіптік мектеп, 2 колледж бар, оқушылардың жалпы саны 3855 адамнан астам. 40 жыл бұрын музыка мектебі ашылған болатын..
Аудандық көлемдегі әр қалада өз мұражайларының болуы екіталай. Мұражайды ашуда нағыз патриоттарВ.В.Викулов пен К.А.Феклистовтың еңбектері зор болды. 35 жылдан астам, 1973 ж. бастап аудандық мұражай Шығыс Қазақстанда алдыңғы қатардағы мұражайлардың қатарына кіреді
Аумағы
Ауданның аумағы 4 мың кв.км жерді алады. Ауданда 11 әкімшілік-аумақтық бірлік, соның есебінде 8 – ауылдық округ, 2 – кент, және 1 қала округі бар.
Әкімшілік орталығы Шемонаиха қаласы болып саналады.
Первомайский кенті;
Усть-Таловка кенті;
Вавилон ауылдық округі;
Волчанка ауылдық округі;
Верх-Уба ауылдық округі;
Выдриха ауылдық округі;
Каменев ауылдық округі;
Зевакино ауылдық округі;
Октябрьский ауылдық округі;
Разин ауылдық округі.
Шекаралар
Аудан Алтай өлкесімен және Ресей Федерациясының Алтай Республикасымен, Бородулиха және Глубокий аудандарымен, Риддер қаласымен шекаралас. Аудан орталығы және Өскемен қаласының аралығы - 110 ш.км., Семейге дейін - 140 ш.км., Астанаға дейін - 1100 ш.км., Алматыға дейін - 1060 ш.км.
Халқы
Халық саны- 2017 жылдың 1 желтоқсана көрсеткіш 44 349 адам, оның ішінде: ерлер – 21243 (47,9%), әйелдер – 23106 (52,1%).
Еңбекке Жарамды халықтың – 23 554 адам. Тіркелген жұмыссыздар саны 131 адам, жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар 1257 адам немесе 78,5% - ға жүгінген.
Қызметкерлердің тізімдік саны -барлығы жұмыс істейтіндер – 9 196 адам, оның ішінде:
ауыл шаруашылығы – 866 адам,
өнеркәсіп – 3 654 адам,
көлік және қоймалау – 550 адам,
тұру және тамақтану бойынша қызметтер – 1 адам,
қаржы және сақтандыру қызметі – 4 адам,
жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар – 2 адам,
кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 5 адам,
мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету – 963 адам,
білім – 1924 адам,
денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер – 1126 адам,
өнер, ойын-сауық және демалыс – 49 адам,
предоставление прочих видов услуг – 52 адам.
Инфрақұрылымы
Тұрғын үй құрылысы
Тұрғын үй құрылысының жалпы ауданы 978,1 мың м2, оның ішінде: қалалық елді мекенде 378,5 мың м2 немесе 38,8 %.
Аудандағы барлық тұрғын үйлер саны 10461 бірлік, онің ішінде қалада 3482 үй. Көп қабатты үйлер саны 173. 86 кондоминиум, ПИК-4 тіркелді (Шемонаиха қ.). 86 кондоминиумдарға жер пайдалану актілері берілді.
2017 жылы Шемонаиха қ. 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыру басталды, жобаны аяқтау мерзімі 2018 жыл.
Жылумен жабдықтау
Аудан аумағында жылу энергиясының негізгі жеткізушісі «ВостокЭнерго» ЖШС қазандығы (қуаттылығы 100г/калға жуық) болып табылады. Осы ЖШС теңгерімінде 37,6 км жылу желілері бар. Қазандық сондай-ақ Шемонаиха қаласы және Усть-Таловка кентінде орналасқан барлық объектілерге жылу береді. Жабдықтарға жөндеу меншік қаражат есебінен жүргізіледі. Жыл сайын осы мақсаттарға 100 млн. теңге бөлінеді.
Сонымен қатар, ауданда қуаттылығы 100 Гкалл дейін 23 ұсақ қазандық орындары бар: электрлік жылу беру-14; қатты отындармен жылыту-6; дизельдік отындармен жылыту-3. Бұдан басқа ауданда электр пештерімен жылытатын денсаулық сақтау объектілері бар.
Аудан бойынша жылу беру желілерінің жалпы ұзындығы - 60,8 км, нормативтік шығындары - 18,17%.
Аудандағы жылу беру энергиясының тарифтері 2639,78 тенге/Гкалдан 5972,62 тенге/Гкалға дейін түрлендіріледі.
Газбен жабдықтау
Ауданда орталық газбен Шемонаиха қаласы ғана жабдықталған. Қалған елді мекен пуктілер әкелінетін баллон газымен қамтамасыз етілген.
Газбен қамтамасыз ету желілердің ұзындығы 5,3 км құрайды. 13 газ тарату қондырғылары бар.
Сумен жабдықтау
Су құры желілерінің жалпы қашықтығы 341,7 шақырым құрайды, оның ішінде Шемонаиха қаласында 75 шақырым. Ұсынылатын судың жалпы көлемі жылына 5588 мың.м3. орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтылу 95,3 % құрайды.
Тұрғындардың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділігін арттыру үшін Республикада «Ақ бұлақ» бағдарламасы жұмыс істейді. Бағдарлама жұмыс істеген кезінде (2014 бастап -2017 жылға дейін) аудан тұрғындарының орталықтандырылған су құбыры суымен қамтамасыз етілуі 1,3 % көбейді, 2018 жылғы 01 қаңтарға 95,3 % құрайды. 2014 жылдан бастап ауданда 454,464 млн.теңге сомаға 3 су құбыры салынды (Барашки а., Коневка а., Ново-Ильинка а.)
2017 жылға су құбыры құрылысы бойынша 2 жобаны іске асыру үшін ақшалай қаражат бөлінді: Красная Шемонаиха а., Рулиха а.
3 пайдаланушы ұйым жұмыс істейді, оның ішінде: біреуі жеке меншік («Востокэнерго» ЖШС) және 2 коммуналдық кәсіпорын («Первомайский водоканал» ЖШС және «Шемонаихинский водоканал» ЖШС).
Жеке пайдаланушы ұйымдар Шемонаиха қаласының және Усть-Таловка кентінің 21178 тұтынушыларына немесе сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген тұтынушылар санынан 49% қызмет көрсетеді.
15213 адамды немесе 35,4% адамды қамтамасыз етумен ауданның 17 елді мекенінде 2 коммуналдық кәсіпорын ауналысады.
Аудан тұрғындары үшін тариф 46,98-ден 204,88 теңге/м3 құрайды.
Су бұру
Шемонаиха ауданының 35 елді мекенінің 3 елді мекенінде орталықтандырылған су қайтарғы бар (Шемонаиха қ., Усть-Таловка к., Первомайский к.). Халықтың 41,3% орталықтандырылған су қайтарғыны қолданады. 1980 жылы салынған тазарту ғимараттары жұмыс істейді (Шемонаиха қ., Усть-Таловка к.).
Су қайтару желілерінің жалпы ұзындығы 75,98 км, оның ішінде қаладағы желілер – 12,6 км, ауылдағы желілер – 63,38 км.
Аудан бойынша кәріз қызметіне тариф ҚҚС-мен м3 10,95 теңгеден 81,8 теңгеге дейін түрленеді.
Шемонаиха ауданында барлық елді мекендермен тәулік бойы байланыстыратын автомобиль жолдарының тармақталған желілері бар.
Аудандық маңызы бар ортақ қолданыстағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 119 км құрайды. Оның 27 км жақсы жағдайда, 74 км қанағаттандырарлық жағдайда, 18 қанағаттандырарлықтай емес жағдайда. Жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлес салмағы 84,6% құрайды.
Техникалық жағдайға байланысты жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының көп бөлігіне 77 км қара жабын (қара қиыршық тас және қара ұсақ тас) төселген, қиыршық тас төлселген жолдар – 42 км құрайды.
Автомобиль жолдары
Шемонаиха ауданында барлық елді мекендермен жыл бойы байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тармақталған автомобиль жолдарының желісі бар. Ауданның жол желілерінің жалпы қашықтығы 798 шақырым құрайды, атап айтқанда 68 шақырым республикалық маңызы бар автомобиль жолдары, 114 шақырым облыстық маңызы бар жолдар, 119 шақырым аудандық маңызы бар жолдар және 497 шақырым ауданның елді мекендерінің көше-жол желілері.
2017 жылы жолдардың жол жабындары бойынша үлкен көлемде жұмыстар атқарылды. Барлық проблемалық учаскелер жөндеу жұмыстарының түрімен қамтылды: «Дмитриевка – Бородулиха – Шемонаиха» 72-87 шақырым автомобиль жолдарына орташа жөндеу жүргізілді. «Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» республикалық маңызы бар жолдар 80-97 шақырым, 96-102 шақырым, 105-113 шақырым, 113-121 шақырым. ЖСҚ өзгеруіне және жұмыстарды орындау мерзімін ұзарту туралы сот шешімінің шығарылуына байланысты, 2018 жылы жоғарыда көрсетілген жолдардың жол жүру бөлігін кеңейтумен 121-123 шақырым жерге күрделі жөндеу бойынша жобаны жүзеге асыру жалғасады.
Жолдарды жазғы ұстау аясында 12285 шаршы метр алаңға ағымдағы шұнқырларды жөндеу жұмыстары жүргізілді, арам өсімдіктерден жолдың бойы шабылды, жер жабынының бойындағы және жиектеріндегі бұтақтар шабылды, қиыршық жолдарды пішіндеу, тозған жол-нұсқаулық белгілері ауыстырылып, 233 дана жаңадан орнатылды.
Көше-жол желісі:
Көлік инфрақұрылымын жақсарту аясында Шемонаиха қаласында орташа жөндеу бойынша жұмыстар атқарылды:
Крепа көшесі қашықтығы - 160 м,
Повстанческий көшесі қашықтығы - 440 м.
Пролетарский көшесі қашықтығы - 160 м.
Урицкий көшесі қашықтығы- 1,1 км.
Строительний көшесінің учаскесіне (Урицкий көшесінен Вербицкий көшесіне дейін) қашықтығы - 700 м.
Чкалов көшесі (Астафьев көшесінен Советский көшесіне дейін) қашықтығы -320 м.
Чкалов көшесі (Астафьев көшесінен Вокзальный көшесіне дейін) қашықтығы - 500 м
Чкалов көшесінен Астафьев көшесіне дейінгі учаскеге қашықтығы - 500 м
Жуков, Интернациональный, Украинский, Астафьев, Повстанческий, Вербицкий, Чапаев көшелері бойынша 2213 шаршы метр көлемде шұңқырларды жөндеу жұмыстары орындалды.
2018 жылға арналған жоспар
«Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына және елді мекендердің көшелеріне күрделі және орташа жөндеу» бағдарламасы бойынша салалық қорытынды алу және жұмыстарды орындау үшін «ШҚО көлік және автомобиль жолдары басқармасы» ММ елді мекендердің көше-жол желілері бойынша 9 бюджеттік өтінім жолданды:
«Зевакино а. кіреберісі», «Убинка а. кіреберісі» автомобиль жолдары, Выдриха а. – 3 көше, Верх-Уба а. –2 көше,Первомайский к. – 2 көше.
Өндіріс
Аудан экономикасында негізгі роль агроөндірістік кешенге тиесілі. 2017 жылғы 11 айдағы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 25,4 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 105 % құрады, оның ішінде мал шаруашылығы 7,8 млрд. теңгені құрады немесе 97,9%, өсімдік шаруашылығы 17,5 млрд. теңге немесе 108%.
Аудандағы мал шаруашылығының асыл тұқымды базасы бес қожалық субъектілерімен ұсынылған: «Камышинское» шаруа қожалығы, ол симментальды тұқымды ІҚМ өсірумен айнлысады, «Выдрихинское» ЖШС, «Украинка», «Шемонаихинское», «Заря» шаруа қожалықтары, олар симментальды және қара-тарғыл тұқымды ІҚМ өсірумен айналысады.
Сондай-ақ, омарташылық саласы дамуда. Омарташылықпен айналысатын 7 жеке кәсіпкер асыл тұқымды дәрежесін алды.
Ауданда жасанды ұрықтандырудың 16 пункті, 13 сүт-тауарлы фермалар, 3 мал сою пункті бар. 7 ауыл шаруашылық кооператив құрылды, оның ішінде 3-уі сүт бағытында, бір кооператив өсімдік шаруашылығы бағытында, бір кооператив малды бордақылау бойынша, бір кооператив омарташылықты дамыту бойынша, бір кооператив жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру бойынша (картоп өсіру).
Ауданда өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірумен 316 ауыл шаруашылық құрылым айналысады, оның ішінде 269 шаруа қожалығы, 45 ЖШС, 1 коммандитті серіктестік, 1 өндірістік кооператив.
Ауыл шаруашылық құрылымдар көбіне дәнді дақылдарды өсірумен айналысады, сонымен қатар экономикалық тиімділігіне байланысты күнбағыс басым дақыл болып қалады.
Ауданда екі тұқым шаруашылығы қызмет жасайды: «Камышинское» шаруа қожалығы, «Камышинское-2» ЖШС, олар І, ІІ, ІІІ репродукциялы тұқымдарды өндірумен және сатумен айналысады.
Аудандағы суармалы алқаптарда картопты өсірумен «Иртыш-Танур» ЖШС, «Козыбаев М.А.» ШҚ, «Новоильинское» ЖШС айналысады.
Жер ресурстары
Ауыл шаруашылығы маңызы бар жерлер – 230413 га
Елді мекендердің жерлері– 37685 га
Өнеркәсіптік жерлер – 5077 га
Су қоры жерлері – 6526 га
Қор жерлер – 11815 га
Шемонаиха қ. пайдаланылатын жерлер– 4766 га
Еңбек ресурстары
01.01.2018 жылға тұрмысы төмен азаматтар саны 650 адамды құрады. 01.01.2018 жылға ресми тіркелген жұмыссыздар саны 131 адам, 0,5 % төмен көрсеткіш 2016 жылы 190 адам. Талдау жүргізілген кезең ішінде 311 жұмыс орны құрылды, ол 2016 жылғы деңгейден 2.2% жоғары (318 жұмыс орны).
Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 01.01.2018 жылға 31 адам (отбасы мүшелері 101 адам), тұрғын үй көмегіне 567 адам өтініш берді, балалар жәрдемақысына 38 адам өтініш берді (отбасы мүшелері 91 адам).
Ауданда халықты жұмыспен қамту мақсатында «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы шеңберінде іс-шаралар іске асырылуда, оған жіберілгені:
- әлеуметтік жұмыс орындарына – 85 адам, жоспар бойынша 30 адам, олардың ішінде 31 адам жастар;
- жастар тәжірибесіне – 67 адам, жоспар бойынша 30 адам;;
Кадрларды қайта даярлауға 3 айлық курстарға 246 адам жіберілді, жоспар бойынша 228 адам, олардың ішінде 158 адам жастар.
аумақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде:
- әлеуметтік жұмыс орындарына – 2 адам;
- жастар тәжірибесіне –3 адам;
Ақылы қоғамдық жұмыстарға 279 адам қатыстырылды.
Кәсіптік даярлауға 392 жұмыссыз азамат жіберілді, оның ішінде ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі (20 адам), Олардың ішінде тракторшы-машинист тобын даярлау курсын (20 адам) аяқтады.
Казіргі таңда Шемонаиха ауданында мынандай мамандар қажет
- Білім беру саласында (тәрбиешілер, мұғалімдер) – 79 бірлік;
- Денсаулық сақтау саласында – 25 бірлік;
Кадрлық әлеуеті
«Шемонаиха колледжі» КММ барлығы 249 оқушы, оның ішінде мамандықтар бойынша:
- Фермер шаруашылығы – 111 оқушы;
- Дәнекерлеу ісі – 52 оқушы,
- Өнеркәсіптегі электромеханикалық жабдықтар – 22 оқушы,
- Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану – 25 оқушы,
- Автомобиль көлігін жөндеу, техникалық қызмет көрсету және пайдалану – 16 оқушы,
- Автомобиль көлігін жөндеу, техникалық қызмет көрсету және пайдалану – 23 оқушы.
Инвестициялық әлеует
2017 жылғы 01 желтоқсанға негізгі капиталға инвестициялар көлемі 13 245,1 млн. теңгені құрады. Инвестициялардың нақты көлем индексі 99,2% құрады. Ауданның өнеркәсібін дамытуға инвестициялар көлемі 9881,1 млн. теңгені құрады, оның ішінде кен байыту өнеркәсібі 8767,1 млн. теңге, өңдеу өнеркәсібі 5,7 млн. теңге. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі 7194,8 млн. теңге. Жалпы көлемдегі сыртқы инвестициялар үлесі 8675,9 млн. теңге немесе 65,5%.
Химия өнеркәсібін дамыту және өңдеу секторына инвесторларды тарту мен экспортқа бағдарланған өнімді өндіру мақсатында, «Қазақстан» инвестициялық қорымен және «ICMP Dinatron» фирмасымен бірлесіп, Ертіс химия-металлургия зауытының өндірістік қуаттарын қалпына келтіру және жұмысын жандандыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Қазіргі таңда «ИХМЗ ДИНАТРОН» ЖШС кәсіпорны тіркелді.
Индустриализациялау картасы аясында машина құрастыруды дамыту үшін «Автокөлік құралдарына арналған тіркемелер мен жартылай тіркемелерді өндіру бойынша цехты ұйымдастыру» жобасы жүзеге асырылуда. Бастамасышы «Восток-Автопром» ЖШС өндірістік-коммерциялық фирмасы болып табылады. Жобаның жалпы құны 180 млн.теңге. Жобаның жобалық қуаттылығы жылына 600 бірлік тіркеме. Қазіргі таңда жер теліміне құжаттарды ресімдеу жүргізілуде. Жобаны жүзеге асыру кезеңі 2018-2020 жылдар.
Ауыл шаруашылығының нақты көлем индексі бойынша көрсеткішті арттыру, оның ішінде сүт өндірісін дамыту үшін келесі инвестициялық жобалар жүзеге асырылды:
- Өз қаражаты есебінен 450,0 млн. теңге сомасына «Камышинское» ШҚ 360 басқа арналған СТФ қайта құру аяқталды. 2017 жылғы 20 қазанда пайдалануға енгізілді. Сүт-тауарлы ферманы қайта құру арқылы төлдейтін мал 100 басқа көбейді және 9308 тонна сүт өндірілді.
- «Қосымша сүт қабылдау пунктерін ашу арқылы халықтан сүтті сатып алу көлемін арттыру жоспары» жобасына сәйкес 2017 жылы ауданда екі СҚП ашу белгіленген:
2017 жылғы сәуір айында Волчанка селолық округында «Мельников В.А.» ЖК СҚП ашылды, Вавилон селолық округында Горкуново а. 2017 жылғы қазан айында «Фрик» ЖК СҚП ашылды, басшысы Александр Яковлевич Фрик.
- ШҚО әкімі бекіткен сүт және ет бағытындағы пилотты ауыл шаруашылық кооперативтерін құру жөніндегі 2017-2021 жылдарға арналған АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасының индикативті көрсеткіштерін орындау бойынша жоспар-тапсырмаға сәйкес ауданға ШҚО әкімі бекіткен сүт бағытындағы екі ауыл шаруашылық кооперативін құру жоспары жеткізілді.
2017 жылы аудан бойынша жеті ауыл шаруашылық кооперативі құрылды – үш кооператив сүт бағытында, бір кооператив ет бағытында, бір кооператив өсімдік шаруашылығы бағытында, бір кооператив омарташылық бойынша, бір кооператив жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру бойынша.
«Тұмар» АӨК 2017 жылы «АЩҚҚҚ» АҚ арқылы құны 8,0 млн. теңге кұны бар МТЗ-82 тракторын сатып алды. «ФАРАМУРАЗ-РУСЛАН» АӨК желтоқсан айында «АШҚҚҚ» АҚ арқылы 12 млн.теңгеге Ульба модульді компаниясы арқылы сүт қабылдау пункті модулін сатып алды.
Кадрлар ресурстарында қажетсіну
Қазіргі уақытта Шемонаиха ауданы бойынша қажеттілік бар:
білім беру саласында (тәрбиешілер, мұғалімдер) – 79 бірлік;
денсаулық сақтау саласында – 25 бірлік.
Туристтік потенциал
Ауданның туристік әлеуеті Мыс химиялық комбинатының шипажайлық - профилактикалық кешенінің, Выдриха ауылындағы Уба шипажайының табиғи-рекреациялық ресурстарының бар болуымен сипатталады, сонымен қатар 2015 жылы Усть-Таловка кентінде 50 төсек орынға арналған екінші корпус пайдалануға енгізілді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша 6 млн теңге сомасына«Шемонаиха-Первомайский-Өскемен (7 км.) автомобиль жолында кемпинг салу» жобасы іске асырылды. Бүгінгі күні кемпинг толық көлемде жұмыс істейді.
Ауданда экологиялық туризмді дамыту, мәдениет және табиғи әлеуетті сақтау мақсатында тұрғындардың ортасында экомәдениетті тәрбиелеуде «Экстрим» туристік клубы жұмыс істейді, жыл сайын жұмысты жүргізу барысында жылына 100 адам қамтылады: олар оқу мекемесінің оқушылары, облыс, аудан тұрғындары. Клубтың жұмыс істеу бағыты: экология десанттарымен өзендердің жағалауларын, туристік тұрақтарды тазалау жұмыстарын жүргізеді, Шемонаиха және Глубокий аудандарының аумақтары бойынша жаяу жүру жорығын және Уба өзені бойынша қайықпен жүзу шаралары өткізіледі.
Ауданның туристік имиджінің тартымдылығы мақсатында туризмді насихаттау БАҚ, жарнамалық-ақпараттық өнім басылымдары, бейне-роликтерді түсіру, жыл сайын туризм бойынша аудандық конкурстарды өткізу, бейне роликтерге және фото суреттерге арналған фестивальдер іс-шарасын өткізу, Халықаралық туризм күніне арналған мереке, туризмді дамыту бойынша «Бұлақ көрсең көзін аш» аясында семинарлар өткізу арқылы жүзеге асырылады.
Суда, жаяу жүру жорығы, палаталы-тұрақ орындары, шыңға өрмелеу, атты туризм, балық аулау спортын дамыту үшін ауданның болашақта зор табиғи әлеуеті бар.