• Мобильді үстемені жүктеу

Нью-Йоркте Мемлекет басшысымен дөңгелек үстел аясында америкалық инвесторлармен бірқатар құжаттарға қол қойылды

Ірі америкалық корпорациялармен инвестициялық дөңгелек үстел аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен екі жақты құжаттарға қол қою рәсімі өтті.

Осылайша, «Самұрық-Қазына» АҚ мен «General Electric» электр энергиясын генерациялау объектілерін дамыту бойынша тәжірибе алмасу мәселелері бойынша ынтымақтастық және әріптестік туралы келісімге қол қойды. 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Wabtec Corporation» локомотивтерді өндіру, жеткізу және сервистік қызмет көрсету, цифрлық шешімдерді енгізу және локомотивтерді газ моторлы отынға ауыстыру жолымен жасыл технологияларды қолдану мәселелері бойынша стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім жасасты.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мен «General Electric» арасында медициналық жабдықтар өндірісін оқшаулауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасында инвестициялық жобаларды дамыту мен іске асыруда өзара түсіністік туралы меморандум жасалды.

Сондай-ақ, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мен «Pfizer» компаниясы арасында Пневмококк вакцинасының өндірісін оқшаулау бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ мен америкалық тарап арасында үш құжат жасалды. Атап айтқанда, «Honeywell» корпорациясымен жабдықтарды жинауды оқшаулау  (есептеуіштерді қоса алғанда), технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйесі, күкіртті газды тазарту, кептіру және өңдеу, цифрландыру, сондай-ақ қызметкерлерді оқыту мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

«Baker Hughes» компаниясымен Қазақстанда жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсетуді оқшаулау, Шымкент оқу комбинаты базасында мамандарды оқытуды оқшаулау, газдан электр энергиясын өнеркәсіптік генерациялау, сондай-ақ жаңа технологияларды қолдану арқылы көмірқышқыл газының шығарылуын азайту мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Бұдан басқа, «Solar Turbines» компаниясымен Газ кен орындарын өнеркәсіптік игеру және жайластыру, InSight ГПА басқару бағдарламасына қашықтан қосылу жолымен консультациялық қызметтер көрсету, жұмыс істеп тұрған станцияларды жаңғырту, сондай-ақ газ тасымалдау инфрақұрылымын кеңейту мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Мемлекет басшысының қатысуымен инвестициялық дөңгелек үстелді ҚР СІМ, ҚР АҚШ-тағы Елшілігі, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ АҚШ Сауда Палатасымен бірлесіп ұйымдастырғанын атап кеткен жөн.

Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастық кеңейтілген стратегиялық серіктестік сипатында екенін атап өту қажет.

Америка Құрама Штаттары Қазақстан экономикасының ірі инвесторларының бірі болып табылады. Тәуелсіздік жылдары АҚШ-тан ҚР-ға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны $ 57,5 млрд жетті. Бұл ретте 2022 жылғы 1-тоқсанның қорытындысы бойынша ағын шамамен $1,9 млрд құрады, бұл 2021 жылғы ұқсас кезеңнің көрсеткішінен екі есе көп ($933 млн).

Қазіргі уақытта Қазақстанда американдық капиталдың қатысуымен 600-ге жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.

Инвестируйте в Казахстан - Пресс-релизы (invest.gov.kz)