Депутаттар жаңа Абай облысының болашағы туралы
Шығыс Қазақстан және жаңа Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі аспектілерін қайта ұйымдастырылған шығысқазақстандық мәслихат депутаттары талқылады, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.
Екі аймақтың бюджетін бекітуге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, алдағы үш жылда Абай облысында 1 трлн теңге капитал салымымен 25 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты шын мәнінде қайта ұйымдастырылды. 8 маусымнан бастап қазіргі құрамның 16 депутаты Семейде әкімшілік орталығы бар жаңа Абай облысының мүддесін білдіретін болады. Сонымен қатар, барлық қаржылық болжамдар бойынша жаңа Абай аймағы экономикалық тұрғыдан келешегі зор аймақ болып саналады.
Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
- 2021-2025 жылдары Абай облысында 1,1 трлн теңге инвестициясымен 25 жобаны іске асыру жоспарланған. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында берік экономикалық негіз құрылды.
Депутаттардың пікірі бойынша, жаңа Абай облысы қазірдің өзінде өзін-өзі қамтамасыз етіп отыр. Облыс аумағында мыс кенін әлемдегі ең ірі қайта өңдеушілердің бірі – Ақтоғай КБК жұмыс істейді. Туристік кластер де Абай облысының визит карточкасы болмақ. Алакөлдің шипажайлары бүгінде халықаралық стандарттарға сай келеді. Жағалауды абаттандыруға соңғы екі жылда 7 млрд теңге белгіленген.
Инесса Чернышева, облыстық мәслихаттың депутаты:
- Менің ойымша, облыстарға бөлу бір-бірінен бөлу емес. Меніңше, барлық байланыстар сақталады. Бәрібір де, біз бір елде, бір мемлекетте өмір сүріп жатырмыз, біздің міндетіміз – жаңа Қазақстан құру және, менің ойымша, Абай облысы шынымен де ең жақсы жетістіктерге қол жеткізеді деп ойлаймын. Денсаулық сақтау, білім беру және тұрғын үй құрылысының әлеуметтік салаларына маңызды инвестициялар Шығыс Қазақстан және Абай облыстарын мемлекеттік қаржыландырудың перспективалалы бағыттары болмақ.
https://24.kz/ru/news/economyc/item/547650-deputaty-o-perspektivakh-novoj-abajskoj-oblasti