• Мобильді үстемені жүктеу

Кәріс компаниялары ҚР аумағындағы жобаларға инвестиция салуға ниетті

Көлемі бойынша екінші кореялық ірі қаланың компаниялары Қазақстан аумағындағы жобаларға инвестиция салуға ниетті. Еліміздің Кореядағы елшісі Бақыт Дүйсенбаевтың Пусанға алғашқы ресми сапары барысында экономикалық және мәдени ынтымақтастық талқыланды, деп хабарлайды "Хабар 24"тілшісі.  

Қазақстандық делегация мегаполис басшылығымен кездесті. Осы қалада Қазақстанның Бас консулдығын ашу бойынша ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, тиісті Жарлыққа осы жылдың тамыз айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған болатын. Бірлескен кино өндірісінің мүмкіндіктері Пусан халықаралық кинофестивалінің төрағасымен кездесуде қарастырылды.

Кәріс тарапы қазақстандық кино сапасының жоғары деңгейін атап өтті. Биыл еліміздің бірнеше компаниясы Азиядағы ең ірі кинофестивальде өздерін жариялады. Біздің республикамыздың инвестициялық мүмкіндіктері дөңгелек үстелде аймақтың ең ірі компанияларының қатысуымен ұсынылған. Бизнесмендер аяқ киім өндірісі, логистика, мұнай-химия және автомобиль жиынтықтары сияқты салаларда ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.

Ян Дже Сен, логистикалық компанияның президенті:

- Біз Қазақстанды үлкен транзиттік мүмкіндіктері бар Орталық Азиядағы басты мемлекет ретінде таныдық. Біз логистикамен айналысамыз, егер мүмкіндік болса, осы салаға инвестиция салғымыз келеді. Өйткені Кореядан Еуропаға Қазақстан аумағы арқылы жүктерді теңіз жолымен салыстырғанда 3 есе жылдам жөнелтуге болады.

https://24.kz/ru/news/economyc/item/508824-korejskie-kompanii-namereny-investirovat-v-proekty-na-territorii-rk