• Мобильді үстемені жүктеу

Таиланд инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі

Тай инвесторлары Қазақстанда күн энергетикасы, құрылыс және ТҚҚ басқару салаларында бірқатар жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы жұмыс кездесуі барысында Таиланд Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Чатчаван Сакорнсин мырза хабарлады

"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповпен кездесу шеңберінде Тай тарапына инвестициялық ахуал, қаржы құралдары, жобаларды іске асырудың негізгі артықшылықтары және Қазақстандағы инвестицияларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат ұсынылды. Бұдан басқа, делегаттар "Астана-Технополис" АЭА үлгісінде арнайы экономикалық аймақтар қызметінің шарттары, Қазақстандағы ЖЭК нарығына шолу жасау және аукциондар жүйесін ұйымдастыру туралы хабардар етілді.

Кездесу барысында "Wyncoast Industrial Park" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Жак Чамикорн мырза Қазақстандағы баламалы энергетика саласындағы бизнесті дамытуға мүдделілігі және түрлі бағыттарда бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыруға дайын екендігі туралы хабарлады. Айта кету керек, "Wyncoast Industrial Park" акциялары 1990 жылдан бастап Тайланд қор биржасында листингтен өтіп келе жатқан жария компания болып табылады.

Сонымен қатар, жұмыс кездесуі аясында инвесторлар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі негізінде инвестициялық жобаларды іске асыру ниеті туралы хабарлады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде одан әрі тығыз өзара іс-қимыл жасау туралы уағдаласты.

 Анықтама: Wyncoast Industrial Park-Бангкоктан 52 км, ауданы 11 га индустриялық аймақты иеленеді және басқарады, 5 түрлі алаңдарды ұсынады, олардың ішінде кеңселер мен конференц-залдар, қойма үй-жайлары, ашық алаңдар, шатыр алаңдары мен апартаменттер бар.

https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/tailand-zainteresovan-v-uglublenii-investitsionnogo-sotrudnichestva/