• Мобильді үстемені жүктеу

Өскеменде екі мыңнан артық бизнес-ұйым ашылды

Өткен жылдың ішінде тек Өскеменде ғана екі мыңнан астам жаңа бизнес-ұйым ашылды. Тәуелсіздік күніне орай облыс орталығында бірегей шыны өндірісі іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Бұл өз саласындағы қажетті қызметтер кешенімен тұтынушыларды қамтамасыз ете алатын елдегі және ТМД-дағы бірінші кәсіпорын. Бұл ретте өнімді өнеркәсіптік алыптармен қоса, халық та пайдалана алатын болады. 

Өскемен – Қазақстанның өнеркәсіптік орталығы. Ірі кәсіпорындар өңір экономикасының негізін құрайды. Бірақ, сарапшылардың пікірінше, қазір шағын және орта бизнес көлемін де өсіру қажет. Сектордың әлеуеті болса – өте жоғары.

Жақсылық Омар, Өскемен қ. әкімі:

- Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қалада бір де бір шағын және орта бизнес кәсіпорны болмаған. Тәуелсіздік алғалы олардың саны 30 мыңға жетті. Бұл жаңа жұмыс орындары, жаңа кәсіпорындар. Бұл салық түсімдерінің артуы. Бүгінде 30 мың шағын және орта бизнес кәсіпорындарынан 32 миллиард салық жиналады. 

Бұл сан ары қарай өсетін болады. Қалада жаңа кәсіпорындар ашылуда. Олардың ішінде шыны өндірісі. Оның бірегейлігі – ТМД елдерінің арасында осында ғана бір жерде әр түрлі өнімнің шығарылуының ретке келтірілуі. Бұл автомобильдің маңдай әйнектеріне арналған триплекс, шыныпакеттер, енді шыныққан шыны. Заманауи сандық жабдығы бар жаңа цехге зауыт 250 миллион теңге жұмсады. Және де мемлекеттік бағдарлама бойынша жеңілдікті кредиттеудің арқасында қосылды.

Константин Бородастов, кәсіпорынның директоры:

- Соңғы 5 жылда біз 3 корпус салдық. Мемлекеттен мұндай орасан қолдаусыз бұл мүмкін еместігіне сенемін! Қолдау үлесі 80 пайыз. Біздікіндей шағын кәсіпорын мұндай мерзімде өз қаражатымен осылайша дами алмас еді!

Бұл ретте шыныққан шыныдан бұйымдарды өндірудің өңірде сұранысқа ие болғаны соншалық, сатып алушылардан кезек құрылды. Зауыт өніміне өнеркәсіптік алыптар да қызығушылық білдіруде.

Ержан Мандиев, салынып жатқан автомобиль зауытының жетекшісі:

- Мұнда құзыреттердің дайындамасы құрылып жатқаны сөзсіз. Қазақстанда шыныққан шыны өндірісі бар. Бірақ, бұл өндіріс автомобиль өнеркәсібінде қолдануға жарамды шыныққан шыныны өндіруге мұмкіндік береді. Себебі оған жай ғана тегіс емес, кез келген пішін бере алады.

Андрей Лазарев, өнеркәсіптік кәсіпорынның атқарушы директоры:

 - Бізде Қарағанды облысындағы құрылыстың үлкен жобасы бар. Бұл жаңа фабрика құрылысы. Жоба шамамен 400 миллион долларға бағаланады. Сондықтан, әрине, біз үшін бұл кәсіпорын өндіретін өнімдер маңызды. Оның үстіне біз объектілерімізді үнемі жаңартудан, жөндеуден өткіземіз, ол үшін де шыны қажет.

Ал шыныққан шыны әдеттегіден қысым кезінде шашылып қалатынымен жақсы. Өткір кетіктер қалдырмайды және қызметкерлерді жарақаттамайды. Өнеркәсіптік объектілер үшін – бұл қызметкерлерінің қауіпсіздігінің кепілі. Одан басқа, зауыт өнімі тұрғын үй құрылысында кеңінен қолданылады. Тек облыс орталығында ғана биыл жалпы ауданы 346 мың шаршы метр 47 көп қабатты үйлер салынуда.    

Авторлары: Анель Есенбердина, Аслан Тулепов

https://24.kz/ru/news/economyc/item/362558-svyshe-dvukh-tysyach-biznes-organizatsij-otkryli-v-ust-kamenogorske