• Мобильді үстемені жүктеу

АХҚО өкілдері Қазақстанның 6 қаласында кездесулер өткізді

Табыстылық, кепілдік және тәуекелдер – бағалы қағаздарға ақша жұмсауға дайын қазақстандықтарды қызықтыратын басты сұрақтар. Осы және басқа тақырыптар Халықаралық инвесторлар аптасында талқыланып, оның шеңберінде «Астана» Халықаралық қаржы орталығының өкілдері Қазақстанның 6 қаласында кездесулер өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Семинары и лекции ведущих экспертов в сфере финансовой грамотности и инвестиционной культуры посетили полторы тысячи человек. В том числе студенты и преподаватели вузов, а 

Қаржылық сауаттылық және инвестициялық мәдениет саласындағы жетекші сарапшыларды семинарлары мен дәрістеріне бір жарым мың адам келді. Олардың ішінде студенттер мен ЖОО оқытушылары, сондай-ақ, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушылары бар.

 Мұхтар Бубеев, АХҚО қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті бас директорының м.а.:

- Біз АХҚО ұсынатын мүмкіндіктерге тұтынушылар мен іскерлік топтар тарапынан, сондай-ақ, қандай бағалы қағаздарды орналастыруға болатынына немесе инвестицияларды неге жұмсауға болатынына айтарлықтай қызығушылықты көріп тұрмыз. Сонымен бірге, инвесторлар мен эмитенттердің мүдделері қалай қорғалатыны сұрақтар тудыруда. Қазір бүкіл әлем бойынша 80 реттегіш өз юрисдикцияларында осындай шараларды өткізуде. Біз АХҚО ретінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау – маңызды тақырып және біз үшін артықшылықты деп санаймыз. Мұндай шараларды кейін де өткізуге тырысамыз.

Николай Ли, Нұр-Сұлтан қ. тұрғыны:

- Біріншіден, инвестиция жұмсау туралы тыңдау мен үшін қызықты болды. Оның себебі – мен өзімнің шағын жобам үшін инвестиция іздеудемін. Менің жобам жануарларға байланысты. Бұл үй жануарларына немесе мал түлігінің иелеріне арналған онлайн-алаң. Бізде, яғни ТМД елдерінде инвестициялар саласы аз дамыған. Мұндай шараларда теория жүзінде білім алып, жаңа адамдармен танысасың. Бұл пайдалы шара.

https://24.kz/ru/news/economyc/item/345798-predstaviteli-mftsa-proveli-vstrechi-v-6-gorodakh-kazakhstana