АХҚО халықаралық инвесторлар аптасы басталады
Қаржы қызметтерінің тұтынушыларын қорғау, инвестициялау негіздері және бизнесті жүргізу жағдайлары туралы хабардарлықты арттыру үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығында 2019 жылғы 30 қыркүйектен бастап 6 қазанға дейінгі аралықта «АХҚО инвесторларының халықаралық аптасын» өткізу жоспарлануда, деп хабарлайды Елорда Ақпарат астаналық қаржы орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жыл сайын бағалы қағаздар жөніндегі комиссия халықаралық ұйымының (IOSCO) аясында өткізілетін «Халықаралық инвесторлар аптасына» 6 контитенттегі әлемнің 80 елінің қаржы реттегіштері қатысады. IOSCO қаржы нарығының реттегіштерін біріктіретін халықаралық ұйым болып табылады. IOSCO мүшелері 115 артық юрисдикцияда 95% артық әлемдік бағалы қағаздар нарықтарын реттейді. Халықаралық инвесторлар аптасын өткізу АХҚО-ның қаржы қызметтері тұтынушыларын қорғау бойынша IOSCO стандарттарына бейілділікті білдіреді. Өткен жылы «Халықаралық инвесторлар аптасына» IOSCO аясында Қазақстанның 7 қаласында 3500 артық қатысушы қатысты», - деп айтылады хабарламада.
Биыл «Халықаралық инвесторлар аптасы» шеңберінде 30 қыркүйектен бастап 6 қазанға дейін Қазақстанның 6 қаласында Investor Awareness Roadshow республикалық кампаниясы шеңберінде өтеді: 30 қыркүйек – Петропавл, 1 қазан – Ақтау, 2 қазан – Қарағанды, 3 қазан – Түркістан, 4 қазан – Алматы, 6 қазан – Нұр-Сұлтан.
АХҚО «Халықаралық инвесторлар аптасы» бағдарламасы 2019 жылы академиялық және іскерлік топтарға арналған таныстырылымдар және ақпараттық сессиялар форматында өтетін болады. Күннің бірінші жартысында өңірлік жоғары оқу орындарының студенттері мен профессорлық-оқытушылар құрамына арналған дәрістер өтеді, олардың мақсаты – жастар мен академиялық топтардың қаржылық және инвестициялық мәдениетін қалыптастыру және инвестициялау негіздері туралы ақпараттандыру. Бастама шеңберінде сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушылары үшін семинарлар да өтеді.
Күннің екінші жартысында өңірлік бизнеске арналған таныстырылымдар өтеді, олардың барысында қаржы қызметтері тұтынушыларын қорғау, АХҚО бизнес үшін мүмкіндіктері, жасыл және ислам облигацияларын шығару ерекшеліктері, АХҚО тіркелудің артықшылықтары мен шарасы және Орталықтың білім беру бағдарламасы туралы айтылатын болады. Шарада АХҚО қаржы қызметтерін реттеу, қаржы технологиялары, жасыл және ислам облигацияларын шығару, бағалы қағаздар нарығында инвестиция жұмсау, сондай-ақ, үздіксіз кәсіби даму саласындағы сарапшылары сөз сөйлейді.
«Халықаралық инвесторлар аптасы» шеңберінде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында сондай-ақ Ислам қаржысы аптасын өткізу жоспарланған. Ислам қаржысы индустриясының Қазақстандағы және бүкіл әлемдегі дамуының өзекті мәселелері бойынша шеберлік кластары мен тренингтері өтеді. Ислам қаржысы аптасын Алматы (4 қазан) және Нұр-Сұлтан (6 қазан) қалаларындағы Islamic Finance Day жыл сайынғы конференциялары аяқтайды.
«Халықаралық инвесторлар аптасының» қорытынды шарасы – «Инвесторлар күні» конференциясы 6 қазанда Нұр-сұлтан қ. өтеді. Конференция шеңберінде шақырылған спикерлер мен АХҚО сарапшылары қаржы қызметтері тұтынушыларының құқықтарын қорғау қимасындағы АХҚО қаржы қызметтерінің кең ауқымы, бизнестің инвестициялық құралдары мен мүмкіндіктері жайлы әңгімелейді.
https://24.kz/ru/news/economyc/item/344455-mezhdunarodnaya-nedelya-investorov-startuet-v-mftsa