• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстаннның билігі Алакөл көліне шетелдік туристерді шақыруды жоспарлауда

Қазақстанның Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданының билігі шипажайға отандық ғана емес, шетелдік туристерді де тарту үшін, Алакөл көлі жағалауының инфрақұрылымына инсестиция жұмсауды жоспарлауда, деп хабарлады аудан әкімі Серік Зайнулдин.

"Алакөл көлінің жағалауын көріктендіру мәселесі бойынша арнайы жұмыс тобы құрылған. 30 млрд теңге сомаға жобаларды жүзеге асыру жоспарланған", — деді Зайнулдин жексенбіде өткен Алакөл көлінің жағалауын шипажайлық дамыту болашағын талқылау барысындағы кеңесте.

"Екі жылдың ішінде біз жағалауды дамытуға көп қаражат жұмсадық. Жақындағы төрт жылда отандық туристермен қатар шетелдік туристер келіп, жайлы демалуы үшін, бұдан да көп қаражат жұмсаймыз", — деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов.

ШҚО Ақпараттық орталығының мәліметтеріне сай, мердігерлер ең алдымен күрделі толқын тосқылардың көмегімен жағалаудың рекреациялық аймағын бекітуді қолға алады. Сондай-ақ, жоба шеңберінде Ақтау теңіз кемежайын салу тәжірибесі бойынша жағалаудың шамамен екі километрін нығайту жоспарланған. Сонымен бірге, су құбырлары желісін және суалу құрылыстарын, кәріз желілерін, тазарту құрылыстарын және сүзу алаңдарын салу жоспарланған.

Электр энергиясының тұрақты берілуін қамтамасыз ету үшін, Мақаншы аулынан Көкталға дейін қуаты 110 кВт ЭЖЖ салынады.

Сонымен бірге, әкімдікте Үржал аулында ұшып-қону жолағын қайта құру ЖСҚ әзірлеу бойынша жұмыс аяқталды. Жобамен ұшақтардың жолаққа екі бағыттан қонуы, жолақтың ұзындығын 2100 метрге дейін және енін 45 метрге дейін арттыру, жоғары қарқынды жарықпен сигнал беру жабдығын орнату, өткізу қабілеті сағатына 70 жолаушы жаңа өткізу терминалын салу, сондай-ақ, қолданыстағы терминалдың әкімшілік жайын қайта жоспарлау қарастырылған. Қайта құрудан кейін әуежай 70-80 орынға дейінгі тар фюзеляжды әуе кемелерін қабылдай алады.

ШҚО Ақпараттық орталығының деректеріне сай, Алакөл көліндегі инфрақұрылымды жақсарту бойынша жұмыстар 2016 жылдан бастап жүргізілуде. Осы уақыттың ішінде демалу аймағы айтарлықтай кеңейді. Қазіргі уақытта туристерге 333 кәсіпкерлік нысаны қызмет көрсетуде, олардың ішінде 175 демалыс үйі, 2 қонақ үйі, 29 дүкен және 56 дүңгіршек, 10 кафе, 4 бар, 2 мейрамхана, 8 асхана және бір аспаздық, 2 дәріхана және аквапарк.

https://tourism.interfax.ru/ru/news/articles/60824/