• Мобильді үстемені жүктеу

«KazakhInvest» АҚШ-та өз қызметін кеңейтті

«KazakhInvest» ұлттық компаниясы өз қызметін АҚШ-та кеңейтті,- деп хабарлайды «Хабар» агенттігінің тілшісі.

Оның басты міндеттерінің бірі - Қазақстандағы бизнесті дамытуға мүдделі шетелдік инвесторларға сапалы қолдау көрсету, жұмыстарды ұйымдастыруда әкімшілік-құқықтық және техникалық мәселелерді шешуде жан-жақты көмек көрсету болып табылады.

Америкалық іскерлік топтармен кездесе отырып, АҚШ-тағы «KazakhInvest» өкілі Дәулет Саудабаев біздің еліміздің экономикасын жаңғырту, инвестициялық және салық саясатын жақсарту, өндірістік және көлік инфрақұрылымын жетілдіру бойынша қабылданған кешенді шаралар туралы әңгімелеп берді.

Шетелдік инвесторлар тарапынан сенімді арттыруға бағытталған қосымша шаралар ретінде, ол инвестициялық жобаларды ең жоғары деңгейде жүзеге асыруға байланысты барлық мәселелерді тікелей талқылауға мүмкіндік беретін Қазақстанның Премьер-Министрінің төрағалық етуімен Үйлестіру Кеңесінің құрылғандығын атап өтті.

Дәулет Саудабаев, АҚШ-тағы «KazakhInvest» өкілі:

- «Біздің Тұңғыш Президентіміз – Елбасының арқасында тәуелсіздік алғаннан бері ең таңдаулы инвесторлар Қазақстанға кірді. Біз ұзақ уақыт бойы бірге жұмыс істеп келе жатқан «Шеврон» компаниясының үлгісін көрсетіп отырмыз. Неліктен ол жұмыс істейді, өйткені ол Қазақстанның бүгінгі таңда аймақтағы ең тұрақты алаңдардың бірі екеніне сенеді. Бұл алаңды біз ары қарай дамытуымыз керек. Өз кезінде бұл өте қиын болды, өйткені барлық институттар енді ғана өз жұмысын бастап келе жатқан. Бүгінде бізде тұрақты, ауқымды және мықты экономикамыз бар. Осыған байланысты, инвесторлар белгілі бір позицияларға емес, Қазақстанда бизнес жүргізу қаншалықты ыңғайлы екеніне қарайды. Осыған орай, «KazakhInvest» компаниясы Сыртқы істер министрлігімен, АХҚО-мен бірлесіп, біздің еліміздегі инвесторлар өздерін жайлы сезіну үшін барлық күш-жігерін жұмсайды».

Авторлар: Майра Абдрахманова, Ренат Садыров


Источник: https://24.kz/ru/news/economyc/item/313760-kazakh-invest-razvorachivaet-svoyu-deyatelnost-v-ssha
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz