• Мобильді үстемені жүктеу

Астанада Қазақстан-Мысыр кәсіпкерлер форумы өтуде

ҚР инвестициялық мүмкіндіктері және шетелдік инвесторларды қолдау шеңберіндегі шаралар туралы «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Марат Бірімжан Мысыр Араб Республикасы компанияларының қатысуымен өткен бизнес-форум барысында айтып берді.

Оның айтуынша, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективалары мен шарттарын талқылау кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүдделерін білдіретін бірыңғай келіссөз жүргізуші ретінде қызмет етеді. Компания инвесторлармен инвестициялық жобалардың идеясынан бастап жүзеге асырылуына дейінгі сүйемелдеу бойынша қызметтердің толық ауқымын қамтамасыз ете отырып, «бір терезе» қағидасы бойынша өзара әрекеттеседі, оның ішінде, заңды тұлғаны тіркеу, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және кейінгі пайдалану үшін қажетті әр түрлі рұқсаттар мен келісулерді, сондай-ақ, инвесторларды мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шараларын алу тәрізді мемлекеттік қызметтерді алуға көмектеседі. Одан басқа, KAZAKH INVEST Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтары бойынша бірыңғай үйлестіру орталығы ретінде қызмет етеді.

Бизнес-форум Мысыр Араб Республикасының Сауда және өнеркәсіп министрінің бірінші орынбасары Ахмед Таха Борайенің төрағалық етуімен Мысыр Араб Республикасы делегациясының жұмыс сапары шеңберінде өтуде. Сапар шеңберінде мысыр делегациясының қазақстандық компаниялармен, Астана әкімдігімен, сонымен қатар, министрліктер мен ведомстволардың, «Атамекен» ҰКП және «КІТ» бизнес-қауымдастығының басшылығымен кездесулері жоспарланған. Мысыр тарапы Қазақстанға инвестиция жұмсау мүмкіндігін қарастыруда және кәсіпкерлік өкілдерімен және еліміздің іскерлік қоғамымен кездесуге мүдделі.

Қазақстан мен Мысыр арасында сауда-экономикалық салада тығыз ынтымақтастық орнағанын атап кеткен жөн. ҚР мен МАР арасындағы тауар айналымы 2017 жыл қорытындылары бойынша $ 62,4 млн. құрады. Экспортта мұнай және мұнай өнімдері, металл бұйымдары, зығыр дәні және басқалар, ал импортта – хош иісті заттардың қоспалары, химиялық өнімдер, дәрілік заттар, киім, цитрус жемістері және басқалар басым.

https://ru.invest.gov.kz/media-center/press-releases/v-astane-prokhodit-kazakhstansko-egipetskiy-forum-biznesmenov/