• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстан және Германия АӨК саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Қазақстан және Германия АӨК саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Берлинде Қазақстандық делегация болашақ неміс кәсіпкерлері мен инвесторлары үшін бір қатар таныстырылымдар өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24» хатшысы.

Олар Қазақстанның аграрлық секторында неміс компаниялары үшін қандай мүмкіндіктер барын әңгімеледі. Басты спикерлер арасынла – СҚО әкімінің бірінші орынбасары Айдархан Сапаров. Облыстың артықшылықтары жайлы айта отырып, ол өңірдің аграрлық екенін және көршілес Ресейдің үш облысымен шекаралар және оның экспорттық әлеуетіне ерекше тоқталды. Сондай-ақ, ол СҚО бидайды терең өңдеу зауытын салу жоспарланғанын атап өтті. Бұл жобаға қатысу үшін ол неміс инвесторларын шақырды. АӨК дамуының артықшылықты бағыттары, мемлекеттік қолдау шаралары және Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы туралы толығырақ қатысушыларға ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері және Қазақ инвест әңгімеледі. Өз кезегінде, германиялық компаниялар басшылары Қазақстан олар үшін қызықты нарық екенін және олар тәжірибесімен және технологияларымен бөлісуге дайын екенін атап өтті.

Германиялық агробизнес альянсының директоры Пэр Бродерзен:

- Біз Қазақстанда бар мүмкіндіктерді көрдік және Қазақстанға аграрлық секторды ары қарай дамыту үшін біз ұсына алатын құралдарды түсіндік. Біздің мемлекеттер арасында тығыз ынтымақтастық орныққан. Германия үшін Қазақстан – экспорттық әлеуеті жоғары маңызды нарық. Қазақстан бір уақытта өзін қамсыздандыру бағытында жұмыс істейді, сондай-ақ, экспорттық мүмкіндіктерді жоғарылатады. Сіздердің еліңіздің аграрлық секторды жаңартудағы әлеуеті үлкен деп санаймын, бұл бағытта біздің елдер өзара әрекет ете алады.

СҚО әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров:

- Кездесуден кейін компаниялар жетекшілері жеке келіп, біздің облысқа қатысты, әсіресе құс фабрикасы, сепкіш бойынша қандай жобаларды жүзеге асыруды қалайтындары, сондай-ақ, орман өңдеумен қызығушылықтарын білдірді. Олар сәуір айында келіп, орманды, әсіресе қайыңды өңдеуді көруді, қырлы бөренелер жасуды, жабдық орнатуды қалайды. Біз барлық жағдайды жасаймыз. Оларды күтеміз.

Источник: https://24.kz/ru/news/economyc/item/290942-kazakhstan-i-germaniya-obsudili-sotrudnichestvo-v-sfere-apk
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz