• Мобильді үстемені жүктеу

Катардың ірі конгломераты Астанаға сапармен келді

Қазақстан мен Катар Мемлекеті арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамыту аясында 17 қаңтарда Астанада «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Сапарбек Тұяқбаевтың Катардың «Alfardan Group» ірі конголмератының өкілдерімен кездесуі өтті.

Сапардың басты мақсаты – Қазақстан мен Катар мемлекеттері арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамыту. Сапар қараша айында Доха қ. Өткен  «Invest in Kazakhstan» инвестициялық форумы нәтижесінде өткенін атап кеткен жөн. 

Кездесу барысында «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басшылығы бизнесті Қазақстанда жүргізудің және катарлық компаниялардың қазақстандық нарыққа шығуының бәсекелік артықшылықтарына ерекше көңіл бөлді.

Анықтама ақпарат:

«AlfardanGroup» компаниялар тобы – Парсы шығанағы өңіріндегі жетекші отбасылық конгломераттардың бірі. Компания зергерлік бұйымдар, валюта айырбастау, жылжымайтын мүлік, автомобиль сату, қонақ үйі және мейрамхана бизнесі салаларындағы, теңіз өнеркәсібі мен инвестицияларға байланысты салалардағы кәсіпорындарды қамтиды.

https://ru.invest.gov.kz/media-center/press-releases/krupneyshiy-katarskiy-konglomerat-posetil-astanu/