• Мобильді үстемені жүктеу

Венгрия Үкіметі Қазақстан-Венгрия инвестициялық жобаларын дамыту үшін 400 млн еуродан артық қаражат бөлді

Венгрияға сапарының аясында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Сапарбек Тұяқбаев Венгрияның Сыртқы істер және сыртқы экономикалық істер министрлігінің, НІРА Венгриялық инвестициялар тарту агенттігінің, экспорттық-импорттық банктің және венгриялық іскерлік топтар өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында Сыртқы істер және сыртқы экономикалық істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Левенте Мадьярмен кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың әлеуетті салалары ретінде тағам өнеркәсібін, мұнай-газ-химия, машина жасау және ақпараттық технологияларды белгіледі. Сұхбат қатысушылары бірлескен жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастыққа дайындықтарын атап өтіп, қазақстандық бизнестің қатысуымен инвестициялық шараны өткізу туралы келісті.

Сондай-ақ, сапар аясында Венгриялық экспорттық-импорттық банктің Төрағасымен (Hungarian Export-Import Bank) кездесу өтті. Қазақстан-Венгрия экономикалық қатынастарын жүзеге асыру және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін Венгрия Үкіметі 400 млн еуродан артық қаражат бөлді. «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Тараптар 2019 жылдың наурыз айында венгриялық бизнеске таныстыруға арналған жобалар пулын белгілеуге келісті.

ICell компаниясымен кездесу қорытындылары бойынша қаржылық транзакцияларды бақылау және автомобиль жолдарында ақы алу жүйелерін енгізу бойынша екі жобаны жүзеге асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Болашақта бұл жобалар ҚР экономикасының көлеңкелі құрамын қысқарту арқылы салық алымдарын арттыруға және Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ақы алу жүйесін енгізуге мүмкіндік береді. Екі шешім де «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының қағидаларына сәйкес келетінін атап кеткен жөн.

Анықтамалық ақпарат:
Венгриялық экспорттық-импорттық банк (
HungarianExport-ImportBank) – Венгриялық экспорттық-кредиттік агенттік экономикалық саясатты ынталандыру құралы ретінде әрекет етеді, венгриялық экспорттаушы кәсіпорындардың жұмыс орындарын сақтауында, жұмыспен қамтуды өсіруде және Венгрияның экспорттық қуаттылықтарын кеңейтуде қолдау көрсетеді. 

Венгриялық инвестициялар тарту агенттігі (
HIPA) үкімет қаулысына сәйкес Венгрияға инвестиция жұмсауға ниетті шетелдік компанияларға кәсіби көмек көрсету үшін құрылған. Агенттіктің міндеті – үкіметтің инвестицияларды ынталандыру бойынша басты міндеттерін қолдау және екі жақты және көп жақты халықаралық экономикалық қатынастарға көмек көрсету болып табылады.

https://ru.invest.gov.kz/media-center/press-releases/head-of-kazakh-invest-nc-jsc-visited-hungary-/