• Мобильді үстемені жүктеу

Стамбулда Қазақстан-Түрік бизнес-форумы өткізілді

Қазақстанның инвестициялық климаты мен еліміздің салық жүйесі Түркия бизнесмендерінің қызығушылығын тудырды. Стамбулда өткізілген «Қазақстан-Түркия» бизнес форумы барысында инвесторлар осындай пікір айтты, - деп хабарлайды   «Хабар 24» тілшісі.

Әлеуетті инвесторларға еліміздің инвестициялық климаты, заңнамадағы соңғы өзгерістер мен шетелдік бизнесмендерге берілетін мүмкіндіктер туралы  ақпарат берілді.

Ерлан Хаиров, ҚР СІМ инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы:

 - Түркиядағы қазақстандық инвестициялардың көлемі – 1 миллиард АҚШ доллары. Бұл негізінен қызмет көрсету, тоқыма өндіру және машина жасау салалары.  Бүгінгі күні елімізде 1900-ден астам түрік кәсіпорындары жұмыс істейді.

Мерт Сары, Түрік-Қазақстан іскери кеңесінің басқарма төрағасы:

- Қазақстан – Орталық Азиядағы көшбасшы. Бұл елдің көптеген салалар бойынша, әсіресе, ауыл шаруашылығы, химиялық және тау-кен өнеркәсібі салаларында мүмкіндіктері аса мол. Сонымен қоса, Қазақстан арқылы көршілес елдердің 180-миллиондық нарығына шығуға болады. Қазіргі уақытта, мысалы, түрік бизнесмендері Қазақстанның кен өндіру секторына инвестиция салуды жоспарлап отыр.       

 https://24.kz/ru/news/economyc/item/286047-v-stambule-proshel-kazakhstansko-turetskij-biznes-forum