• Мобильді үстемені жүктеу

Катарда "Invest in Kazakhstan" форумы өтті

Сапар шеңберінде «Invest in Kazakhstan» инвестициялықфорумыөтті, оның барысында Қазақстан және Катар бизнес-қауымдастықтарының өкілдері бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың болашағын талқылады.

Сапардың басты мақсаты – Қазақстан мен Катар мемлекеті арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамыту. Инвестициялық форум өрісінде екі елдің іскерлік топтары В2В форматында қарым-қатынас орнатып, тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды.

Катар Мемлекетіндегі ҚР Елшілігінің және Катардың Сауда-Өнеркәсіптік палатасының көмегімен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басшылығы жетекші катарлық мемкомпаниялармен және бизнес-қауымдастықпен келіссөздер өткізді.

«Qatar Investment Authority» Катар инвестициялық қорының Атқарушы директоры Мансур Аль-Махмудпен кездесулер барысында Катардың мұнай-газ мемкомпаниясының басқарма төрағасы Саад Шерида Аль-Каабимен, «Qatari Diar» Катардың инвестициялар және құрылыс пен девелопмент саласындағы активтерді басқару жөніндегі мемкомпаниясының басқарма төрағасының бизнесті дамыту бойынша орынбасары Аль-Муслехпен кездесулер барысында Қазақстан делегациясы Катар жағын Қазақстанның инвестициялық жобаларымен таныстырды.

http://mid.gov.kz/ru/news/v-katare-proshel-forum-invest-kazakhstan