• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстанның энергетикалық секторында жағымды инвестклимат қалыптасқан - сарапшы

Қазақстанда инвесторлар үшін жағымды инвестициялық климат қалыптасқан, ал бұл жұмыстың қорытындылары ұлт үшін үлкен пайда тигізді. Ол туралы Брюссельде Халықаралық Энергетикалық Хартияның бас хатшысы энергетикалық инвестиция жұмсау тәуекелдерін бағалаумен таныстыру кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24» хатшысы.

Басылымда Еуропаның, Азияның және Африканың 30 елінің  энергетикалық секторына инвестиция жұмсау жағдайлары туралы ақпарат келтірілген. Инвестклиматты бағалау және оны жақсарту бойынша ұсыныстар ұйымға мүше елдердің үкіметтеріне, сондай-ақ, шетелдік инвесторларға көмек бола алады. Инвестиция жұмсау тәуекелдерінің рейтингі елдерді «жақсы» және «нашар» деп бөлмейді, алайда, олардың инвестклиматының жағдайын талдауға және жақсартуға мүмкіндік береді.

Халықаралық Энергетикалық Хартия хатшылығының басшысы Урбан Руснак:

- Қазақстанның энергетикалық секторындағы инвестициялық климат жағымды. Елдің даму жолында үлкен әлеуеті бар. Инвестициялар үшін жасалған жағдайлар неғұрлым жақсы болса, инвесторларға соғұрлым жақсы және инвестиция жұмсау соғұрлым жеңіл: бұл халық үшін де, инвесторлар үшін де тиімді. Қазақстанда жоғары деңгейлі Шетелдік инвесторлар кеңесі құрылғаны тамаша, мен оның отырыстарына бірнеше рет қатыстым. Бұл Қазақстанның осынша инвесторды энергетикалық секторға ғана емес, экономиканың басқа салаларына да қалай тартқанын түсіндіреді. Барлығы «Шевронмен» жасалған бірінші шарттан басталды, содан кейін Қазақстан инвестициялық мүмкіндіктер тудыру бойынша ұзақ жол өтті. Бұл жұмыстың қорытындылары бүкіл өңірге дұрыс инвестициялық саясат және оны жүзеге асыру ұлт үшін үлкен пайда тигізе алатынын көрсетті


Источник: http://24.kz/ru/news/economyc/item/270038-investklimat-v-energosektore-kazakhstana-vesma-blagopriyatnyj-ekspert

Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz