• Мобильді үстемені жүктеу

Дүниежүзілік банк Қазақстанның мал шаруашылығына қаржы бөлуге дайын

Дүниежүзілік банк Қазақстанның мал шаруашылығын дамытуға шамамен 500 миллион доллар қаржы бөлуге дайын.

Бұл туралы АӨК салаларын дамыту жөніндегі Үкімет үйінде өткен жиынға қатысқан Қазақстандағы Дүниежүзілік Банктің тұрақты өкілі Ато Браун хабарлады. Ол дәстүрлі мал шаруашылығы салаларын дамыту маңыздылығын атап өтті: етті мал шаруашылығын және қой шаруашылығын, өйткені Қытай мен Ресейде етті тұтынудың үлкен нарығы бар. Сондай-ақ, Дүниежүзілік Банк сарапшылары экспорттық әлеуетті арттыру үшін мал шаруашылығы өнімдерін қадағалау жүйесін құру тәжірибелерімен бөлісті.

Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтің айтуы бойынша, біздің елімізде аталған сектор бойынша ірі халықаралық компаниялармен ынтымақтастық қарым-қатынас орнату бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Бірлескен жұмысқа қытай бизнесмендері де қызығушылық танытты, Дүниежүзілік Банкпен серіктестік отандық фермерлер мен аграрлық қызметкерлерінің де қызығушылығын тудырды.

Өмірзақ Шөкеев, ҚР ауыл шаруашылығының министрі:

- Егер Дүниежүзілік Банк тобы айтса, біз осы жерде сөйлесіп, ірі өндірушілерді осында шақырушы едік. Олар белгілі стандартта жұмыс істейді, ал біз бірлесе жұмыс істейміз. Қалғаны тізбек бойынша. Барлығын сіздермен бірге атқаратын боламыз.

 

Дереккөз http://24.kz/ru/news/economyc/item/269237-vsemirnyj-bank-gotov-investirovat-v-zhivotnovodstvo-kazakhstana

Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz