• Мобильді үстемені жүктеу

Астанада «Kazakh Invest» Басқарма Төрағасы мен Ресей Федерациясының ҚР Елшісінің кездесуі өтті

Астанада «KazakhInvest» Басқарма Төрағасы Сапарбек Тұяқбаев пен Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше Елшісі Алексей Бородавкиннің кездесуі өтті. 

Кездесуге сондай-ақ Ресей Федерациясының ҚР Сауда өкілі Александр Яковлев қатысты.

Тараптар ЕАЭЫ аясында инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады. Кездесу барысында «Kazakh Invest» басшысы Ұлттық инвестициялық стратегияға сәйкес Ресей Қазақстанға инвестиция жұмсайтын 11 басымдықты елдер тізіміне кіретінін атап өтті. Ресей тарапына ҚР аумағындағы өзекті инвестициялық ұсыныстар тапсырылды.

Кездесуде сондай-ақ «Байқоңыр» кешенінің аумағында арнайы экономикалық аймақ құру мүмкіндігі талқыланды.

Ресей Федерациясының Қазақстандағы Елшілігінің ақпараты бойынша, ҚР экономикасына жұмсалған ресейлік инвестициялар көлемі шамамен 12 млрд. АҚШ долларын құрайды, 50 жуық ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта ресейлік компаниялар ҚР Жекешелендіру бағдарламасына да қызығушылық танытуда. 

«Ресей инвестициялары Қазақстанда жаңа жұмыс орындарын құруда. Бұл кәсіпорындар алдын ала кәсіби-техникалық дайындықтан өтетін қазақстандық кадрларды оқытуға үлесін қосуда», - деп атап өтті РФ ҚР елшісі Алексей Бородавкин. 

Тараптар сонымен бірге Ақтау қ. Бесінші Каспий саммитінің барысында қабылданған уағдаластықтар шеңберіндегі ынтымақтастық мүмкіндігін талқыға салды. Оның ішінде, тараптар Каспийдегі туристік жобаларды жүзеге асыруда қызығушылық білдірді. Одан басқа, перспективалық бағыттар – кемежай, балық аулау шаруашылығын, кеме жүзуді және басқаларды дамыту ашылды.

Ресей Елшісі экономикалық интеграцияны дамытуға ағымдағы жылдағы бірлескен іс-шаралар беретінін айтты. Олардың арасында – Қазан қ. Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысы, Астана қ. ТМД Үкімет  Басшыларының Кеңесі және Петропавловск қ. Мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін XV Аймақаралық ынтымақтастық форумы. 

http://www.invest.gov.kz/ru/news/v_astane_sostoyalas_vstrecha_predsedatelya_pravleniya_kazakh_invest_i_posla_rossiiskoi_federatsii_v_rk