• Мобильді үстемені жүктеу

Қытайдың тоқыма өнеркәсібінің өкілдері Астанада болып қайтты

ҚХР Тоқыма өнеркәсібі одағына кіретін  қытайдың 30-дан астам ірі тоқыма компанияларының басшылары Қазақстанның инвестициялық мүкіндіктерімен танысу мақсатында алғаш рет Астанаға келіп қайтты. Аталмыш кездесу «KazakhInvest» ұлттық компаниясының қолдауымен ұйымдастырылды.

Кездесу кезінде «KazakhInvest» басқармасының төрағасы Сапарбек Тұяқбаев өз сөзінде Қазақстан мен Қытай арасында бірлескен инвестициялық бағдарлама аясында биотехнология, автокөлік кластері, ЖЭК және басқа да салаларда ірі жоғары технологиялық жобаларды жүзеге асыру басталғандығын айтып өтті. Бұл жобалар туралы ағымдағы жылдың маусым айында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ҚХР-на іссапары барысында уағдаластыққа қол жеткізілген болатын.

«Тоқыма өнеркәсібі – ынтымақтастық жолында құрылған мықты күш-жігері, әлеуеті бар келешегі зор бағыт. Мысалға, Қазақстанда жыл сайын 250 мың тонна мақта жиналады. Осы көлемнің үштен бір бөлігі қайта өңделеді, қалған бөлігі шикізат ретінде экспортқа шығарылады. Сонымен қатар, бізде «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы бар, ол Өзбекстанмен – ірі мақта өндіруші елмен шеакаралас аймақта орналасқан. Халықаралық рейтинг бойынша Қазақстандағы инвестициялық ахуал орталық Азия аймағындағы ең жақсы болып табылатындығын ескеретін болсақ, Қазақстанда бизнесті дамыту, келешекте одан әрі экспортпен айналысу мәселелерін талқылау қажет», - деп мәлімдеді С.Тұяқбаев. 

«Оңтүстік» АЭА басшысы Медеу Ділдабаев қытайлық серіктестеріне  арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына арналған жеңілдетілген режимдер туралы толық ақпарат берді. 

Кездесу шеңберінде тоқыма өнеркәсібінің делегация мүшелері мақта өндірісі, шикізатты өңдеу, киім-кешек өндірісі, сондай-ақ логистика салаларында ынтымақтастық бойынша келіссөздер жүргізді.  

«Бұл Қазақстанға біздің алғашқы сапарымыз және біздің делегацияның көптеген мүшелері сіздің елмен қарым-қатынасты бастауға өте қызығушылық танытып отыр. Біз «KazakhInvest» шақыруы арқасында Қазақстанға келіп отырмыз. Біз өте сәтті кездесу өткіздік, инвестициялық әлеует туралы білдік деп санаймын. Қазақстан мен Қытай – таулары, өзендері, байланыстырып тұрған жалпы шекарасы бар елдер, сондықтан аталған салада зор мүмкіндіктеріміз және зор әлеуетіміз бар деп сенімдімін», - деп атап өтті кездесу нәтижесі бойынша қытай делегациясының басшысы, Қытай Тоқыма өнеркәсібі одағының төрағасы Сун Жуйчжэ. 

Сондай-ақ, Қытай Қазақстан Республикасындағы Халықаралық Сауда Палатасы Өкілдігінің бас директорының орынбасары Гао Ци «бүгінгі кездесу – тоқыма өнеркәсібі саласындағы Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық үшін өте жақсы бастама. Үкімет инвесторларға өте жақсы жағдайлар жасап отыр. Сондықтан, бүгінгі келіссөздер мен талқылаулардан кейін міндетті түрде жақсы нәтиже болатындығына сенімдімін» деп айтып өтті. 

Анықтама ретінде: Қытайдың Тоқыма өнеркәсібі одағы елдің жетекші федерацияларының бірі болып табылады. ҚХР Тоқыма өнеркәсібі министрлігінен қайта құрылған Одақтың 20 жылдан артық тарихы бар. Қазіргі таңда ұйым қатарында 20 млн артық адам еңбек етеді. Одақтың құрамына кіретін компаниялар Қытайдың бүкіл тоқыма өнеркәсібіның жалпы экспорттық көлемінің 12%-ын құрайтын өнімді экспорттайды, қытай экономикасына жалпы үлес 3%-ға бағаланады.

 http://www.invest.gov.kz/ru/news/predstaviteli_tekstilnoi_promishlennosti_kitaya_posetili_astanu