• Мобильді үстемені жүктеу

200-ден астам неміс компаниясы Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен танысты

Ганновер қаласындағы әлемдегі ең ірі көрме орталығында HANNOVER MESSE 2018 өнеркәсіп технологияларының халықаралық көрмесі өтті. «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы көрмеде өз павильонын орналастырып, онда елдің инвестициялық мүмкіндіктері, соның ішінде, Қазақстанға инвестиция салуға арналған басты жобалар таныстырылды.

Форум аясында «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Марат Біріжан германиялық бизнес-қауымдастықтың өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізіп, инвестициялық климат мәселелері, сондай-ақ, Жекешелендіру бағдарламасына қатысу талқыланды.

Осылайша, «E.On» және «EDF Energy» компанияларымен кездесу барысында Марат Бірімжан осы мекемелердің өкілдерін ЖЭК жобаларын іске асыру аясында 15 жыл мерзімге электр энергиясын сатып алуға арналған кепілдендірілген тарифтерді алу үшін ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап Қазақстанда аукцион жүйесі енгізілгені туралы ақпарат берді.

«SAP SE», «ZEISSIG GmbH & CO.», «Bertrand»t, «Kuka», «Cloos» және «LappGroup» компанияларымен инвесторлар үшін әлдеқайда қызықты жобалар егжей-тегжейлі талқыланды.

Елдің инвестициялық тартымдылығы туралы Марат Бірімжан форумның Қазақстандағы индустриалдық және инфрақұрылымдық жобаларды қолдауға арналған сессиясы кезінде мұқият әңгімелеп берді.

«Қазақстан үкіметі жаңа жұмыс орындарын құру, экспорт пен салық түсімдерін ұлғайту үшін төрт негізгі саланы белгіледі: логистика, тамақ өнеркәсібі, химия өнеркәсібі және машина жасау. Мысалы, Қазақстан Қытай, Орталық Азия және Таяу Шығыспен тығыз байланысты. Бұл жеткізу мерзімінің қысқаруы және бағыттарды әртараптандырудан табыс алуға мүмкіндік береді», - деді форумның ашылуына Марат Бірімжан.

Сондай-ақ, форум барысында Марат Бірімжан негізгі жобалар жайында да айтып берді: «Kazakh Invest» ерекше жобалық идеяларды әзірлеуге көмектеседі. Өткен жылы біз шетелдік инвесторларға ұсынылған 50 жобаны әзірлеп қойдық. 2018 жылы ұлттық компания осы тектес тағы 100 жобаны қосуды жоспарлап отыр. Біз оның алғашқы нәтижелерін көріп оытрмыз – әлеуетті инвесторлар кейбір жобаларға өызығушылық танытып, келіссөздер басталды».

Анықтама үшін: HANNOVER MESSE Ганновер компаниясы – жоғары технология, инновациялар және өнеркәсіптік автоматтандырудың әлемдегі ең ірі көрмелердің бірі болып табылады. Оның әлем бойынша қатысушыларының саны 6 000 асады. Жыл сайын Ганновер өнеркәсіп өнімдерінің өндірушілері мен жабдықтаушыларының кездесу орнына айналады. Ол бүгінде тәжірибе алмасу орны және жаңа әріптестік қарым-қатынас көзіне айналды.

http://invest.gov.kz/ru/news/bolee_200_nemetskih_kompanii_oznakomilis_s_investitsionnimi_vozmozhnostyami_kazahstana