География
Зырян ауданы Кенді Алтайдың солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, оның шекаралас аудандары Таулы Алтай Республикасы (Ресей), Катон-Қарағай ауданы, Көкпекті ауданы, Глубокий ауданы. Быструшен сүмбісі ауданның ең биік нүктесі болып табылады. Зырян ауданының бедері екі бөлікке бөлінеді: солтүстік және солтүстік-шығыс бөлікті алатын, биік таулы және оңтүстік-батыс бөлікті алатын, тауаралық аңғарлары бар аласа таулы. Осындай аңғарларда негізінен ауылдық аймақтар орналасқан.
Ауданның солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігінде 4,500 млн. жыл бұрын Кайнозой дәуірінде 2777 м., ең жоғарғы деңгейлі белгісімен ұзындығы 120 км Холзун сеңдерінің көтерілуінің тектоникалық қозғалыстары әсерінен пайда болған негізгі жоталар көтеріледі. Осы жоталардан ауданның бас өзендері бастау алады: Бұқтырма, Хамир, Тұрғысын, Черновая, Бобровка, Игнашиха. Соңғы 20-30 жылда Бұқтырма өзенінің су деңгейі (жоғарғы деңгей белгісі 4,88 м, төменгі деңгей белгісі 2 м) айтарлықтай төмендеді, сондықтан да өзен жағасындағы аймақтарды су басу бұл уақытта тек өзендегі мұздың кептелуі жағдайында болады. Сонымен қатар Зырян ауданында Бұқтырма суқоймасының бір бөлігі орналасқан.
Зырян ауданының аумағында аңғарлар бар. Соның ішінде ең жарқырап көрінетіні 420-430 м биіктік белгісімен, түзу беті бар Зырян шұңқыры болып табылады. Аудан аумағында сел қаупі бар телім 2, сонда қалай бүкіл аудан ҚР сейсмоқауіпті аумағына жатады. Бұнда сейсмикалылық 2 балды құрайды. Зырян ауданында көлемді көшкін түсу қаупі бар аймақтар бар, бақыланатын жолдары: «Зубовск, Путинцево, Богатырево, Снегирево» тау кендері, «Алтын-Сай, Столбоуха, Лаптиха, Үлкен өзен» таулары.
Зырян ауданы Республикадағы ең суық жерлердің бірі болып табылады. Бұндай температура таралымы температуралық инверсия нәтижесінде туады. Температураның абсолютті ең төменгі деңгейі 1940 жылы -51 байқалды, температураның абсолютті ең жоғарғы деңгейі 1900 жылы +40 байқалды. Ауданның климаты температуралық инверсияға байланысты, бірінші қатқақ 2-ші қыркүйекте, соңғы қатқақ 29-шы мамырда болады. Аудан орталығы Зырян қаласы болып табылады, ол Березовканын сол жағалауында, теңіз деңгейінен 457 м биіктікте орналасқан. Ауданда қар жамылғысы қазан-қараша айларында орнайды, наурыз-сәуір айларында ериді. Ең суық ай қаңтар орташа температура -32-35 жетеді, ең жылы шілде орташа температура +13,7, +17 дейін жетеді. Жер қабатының қату тереңдігі 130 см-дей, қар жамылғысының биіктігі орташа есеппен 70-250 см, қар жамылғысының салмағы 250-300 кг/м. Жел бағытының басымдығы солтүстік, солтүстік-шығыс және батыс, желдің орташа жылдамдығы 28-38 м/сек жетті. Жылына 30 күндей күшті жел байқалады, көбінесе күз мезгілінде. Тұмандар көбінесе өзендерде жиі байқалады, бұдан басқа қыркүйек және қазан айларында басқа да жерлерде байқалады. Ауаның ылғалдылығы қыс мезгілінде 55 %, ал жаз мезгілінде 95 % құрайды.
Тарих
1747 жылы императрицасы Елизаветаның Жарлығымен барлық демидов кендерi мен зауыттары оның жеке меншiгiне таратылып алынды. Кен байлығы бойынша Змеиногорск бiрiншi болып саналған, бiрақ бұл кен орны өндiрiле бастады. Зерттелмеген болып Бұқтырма даласы ғана жатты.
1791 жылы Өскемен қамалынан Бұқтырма кенiне кезектi бергайерлер тобы жөнелдi. Олардың арасында Зырян кен орнын тұңғыш рет ашқан Зырянов Григорий Григорьевич те болды.
Зырян кен орнынан кейiн тағы көп ашулар болды.1801 жылы бұрынғы қашқын Мамонтов Хаир-Кумин өзенiнiң оң жақ жағалауында Зырян кенiнен 20 шақырым жерде қорғасын кен орнын тапты. 1810 жылы кендi ашқан Малеев Зырян маркшейдерiнiң атымен осы күнге дейiн Малеевка селосы атанып жүр. 1818 жылы Иван Заводин Кондратьево селосының маңында тағы бiр кен орнын тапты. Бұл кен орны -бұрынғы ҚСРО-ның теллурист күмiсi мен қорғасыны бар кендердiң бірі.
ХIХ ғасырдың басында Зырян кенi күмiс кенiн өндiрудiң iрi орталығына айналды және жалғыз Ресейде емес белесте де белгiлi болды.
Аумағы
Зырян ауданы 1 056 096 га алаңымен аумақты алады, бұл облыс алаңының 3,7% құрайды. Зырян ауданының аумағында екі қала орналасқан: Зырян және Серебрянск; 4 кент: Прибрежный, Зубовск, Жаңа Бұқтырма; 9 ауылдық округ: Малеевск, Северное, Средигорный, Чапаев, Парыгино, Никольск, Соловьево, Первороссийск, Тұрғысын.
Шекаралар
Зырян ауданы Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, 1 056 096 га алаңымен аумақты алады, халқы 74222 адам. Шығысында Ресеймен шекараласады, мемлекеттік шекара ұзындығы 104 киломертді құрайды. Солтүстікте Глубокий ауданымен, оңтүстік- батысында Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы, КатонҚарағай аудандарымен шекараласады, көршілес аудандармен шекара ұзындығы 330 километр.
Аудан орталығы – Зырян қаласы, облыс орталығы – Өскемен қаласынан 164 километр қашықтықта орналасқан. Оларды ортақ бағыттағы Защита бекетінен Зыряновск бекетіне дейін 181 км ұзындығымен теміржол және ортақ асфальтымен автомобиль жолы, 168 км ұзындығымен жеке телімдерде қиыршық тасты және ұсақ тасты төсемдер байланыстырады. Ауылдық аймақтар арасындағы автомобиль жолдары асфальтті және ұсақ тасты төсемде, жеке телімдерде топырақты. Ауданішілік жолдардың жалпы ұзындығы 1237 киломертді (387,5 км қатты төсемімен) құрайды. Автомобиль жолдарындағы көпірлер темірбетонды, жүк көтеруі 15 тоннадан 80 тоннаға дейін, ені 8 мерт, 20 тонна жүк көтергіштігімен және 225 метр ұындығымен Тұрғысын ауылы аумағында, олардың ішінде ірілеуі 186 метр ұзындығымен, 8 метр енімен және 80 тонна жүк көтергіштігімен Малеевск ауылының ауданында Бұқтырма өзені арқылы өтетін көпір. Теміржолда 15 металл көпір бар, олардың ішіндегі ірі екеуі Бұқтырма өзені арқылы, 278 метр ұзындығымен Парыгино ауылы ауданында және Ертіс өзені арқылы, 336 метр ұзындығымен Серебрянск қаласынан 12 километрде орналасқан. Сонымен қатар теміржолда 49 темір-бетонды көпірлер мен жол өтпелері, 80 тіреуге қойылған және ұстаушы қабырғалар, 2 тоннель, 7 галерея, 168 су өткізгіш құбырлар бар.
Зырян – Өскемен – 164 км,
Зырян – Семей – 380 км,
Зырян – Астана – 1250 км,
Зырян – Алматы – 1464 км.
Халқы
2016 жылдың 1- сәуірінде Зырян ауданында 69776 адам тұрады.
Зырян қаласы ауданның әкімшілік орталығы болып табылады, онда 36887 адам тұрады, Серебрянск қаласында 8739 адам тұрады, ауыл халқы 24150 адамды құрайды.
Аудан бойынша халықтың орташа тығыздығы бір шаршы метрге 6,9 адамды құрайды. Ең тығыз болып Зырян қаласы қоныстанған, бір шаршы метрге 642 адам, халықтың орташа тығыздығы бір шаршы метрге 180 адамнан келеді, Серебрянск қаласы және Октябрьск, Жаңа Бұқтырма, Прибрежный, Зубовск ауылдары.
Ауданда жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын әлеуметтік сала жақсы дамыған, олар- білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт мекемелері. Емдеу- алдын-алу мекемелерінің жүйесінде 1- аудандық поликлиника, 2-ПМСП, 10 амбулаторлық-поликлиникалық ұйымдар, 7 ауылдық дәрігерлік амбулаториялар бар. Бұдан басқа 2 аурухана ұйымы, 6 фельдшерлік-акушерлік пункті, 30 медпункт бар.
Аудан аумағында 7 ауыл клубы, 7 мәдениет үйі, оның 6 мемлекеттікі, 27 мемлекеттік кітапхана, соның ішінде 2 көздері көрмейтін және құлақтары нашар еститін адамдарға арналған мамандандырылған кітапхана қызмет көрсетеді. 151 спорт имараты, 3-балалар-жасөспірімдер мектебі жұмыс істейді.
Үкіметтің негізгі республикалық және облыстық құрылымдары- құқық қорға органдары және фискалды органдары ұсынылған. Банк филиалдары жұмыс істейді, олар «Қазақстанның Халық Банкі» ААҚ, «Еуразиялық банкі» АҚ, «Банк Центркредит» АҚ, «Алматы сауда-қаржы банкі» АҚ, «Форте Банк» АҚ, сақтандыру компаниялары.
Инфраструктура
Балабақшалар:
1) «Зырян ауданының №10 «Ладушки» балабақшасы» КМҚК
2) «Зырян ауданының №14 «Катюша» балабақшасы» КМҚК
3) «Зырян ауданы әкімдігінің «Қарлығаш» балабақшасы» КМҚК
4) «Зырян ауданы әкімдігінің «Жасмин» балабақшасы» КМҚК
5) «Алва ҚКО» ЖШС «Золотой ключик» жеке меншік балабақшасы
6) «Серебрянск қаласының №7 «Салтанат» балабақшасы» КМҚК
7) «Зырян ауданы әкімдігінің «Сказка» балабақшасы» КМҚК
8) «Зырян ауданы әкімдігінің «Радуга» балабақшасы» КМҚК
Жалпы білім беретін мектептер:
1) «Зырян қаласындағы №6 орта мектебі» КММ
2) «Зырян қаласындағы №7 орта мектебі» КММ
3) «Зырян қаласындағы №8 орта мектебі»КММ
4) «Зырян қаласындағы № 9 орта мектебі» КММ
5) «Зырян қаласындағы №11 орта мектебі» КММ
6) «Зырян қаласындағы Мектеп-Лицейі» КММ
7) «Зырян қаласының № 1 бастауыш мектебі» КММ
8) «Зырян қаласының № 2 бастауыш мектебі» КММ
9) «Путинцев орта мектебі» КММ
10) «Леснопристань орта мектебі» КММ
11) «Зубовка орта мектебі»КММ
12) «Парыгин орта мектебі» КММ
13) «Тұрғысын орта мектебі» КММ
14) «Чапаев орта мектебі» КММ
15) «Никольск орта мектебі» КММ
16) «Бородино орта мектебі» КММ
17) «Маяк орта мектебі» КММ
18) «Средигорный орта мектебі» КММ
19) «Соловьево орта мектебі» КММ
20) «Александровка бастауыш мектебі» КММ
21) «Андреевка бастауыш мектебі» КММ
22) «Кремнюха негізгі мектебі» КММ
23) «Шірікқайың орта мектебі» КММ
24) «Подорленок негізгі мектебі» КММ
25) «Быков негізгі мектебі» КММ
26) «Новокрестьянка негізгі мектебі» КММ
27) «Крестовка бастауыш мектебі» КММ
28) «Снегирево бастауыш мектебі» КММ
29) «Серебрянка қаласындағы №1 М.Инюшин атындағы орта мектебі» КММ
30) «Серебрянка қаласындағы №2 негізгі мектебі» КММ
31) «Серебрянка қаласындағы №4 орта мектебі» КММ
32) «№1 Жаңа – Бұқтырма орта мектебі» КММ
33) «№2 Жаңа – Бұқтырма орта мектебі» КММ
34) «Первомайское орта мектебі» КММ
35) «Октябрьск орта мектебі» КММ
36) «Первороссийское орта мектебі» КММ
37) «Васильевка негізгі мектебі» КММ
38) «Дородница орталау мектебі» КММ
39) «Киров орта мектебі» КММ
40) «Северное негізгі мектебі» КММ
Колледждер:
1) «Аграрлық -техникалық колледж» мекемесі
2) «Гиппократ» медициналық колледжі
3) Құрылыс және көлік колледжі мекемесі
4) «Зырян технологиялық колледжі» КММ
5) «Зырян шаруашылық колледжі» КММ
6) «Серебрянск технологиялық колледжі» КММ
Пошталар
1) Шығыс Қазақстан облысының «Қазпочта» акционерлік қоғамы бөлімшесінің Зырян аудандық пошта байланысы.
Зырян кенді аудан- Кенді Алтай аудандарының ең негізгі және алғашқы болып ашылған таулы-кен орындарының бірі, Лениногорск-Зыряновск аймағының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, аумағы бойынша Ревнюшен горстантиклинальмен тең. Ауданда бір жарым мыңнан астам полиметалл, колчеданды-полиметалл, мыс-колчеданды қазба орындар, кен орындары және минералды орындар бар. Қорғаныс, мырыш, мыс, алтын, күміс және өзге де құгды қоспалар бар кен орындарынан басқа аудан табиғи құрылыс материалдарына- құмды-қиыршық тасты қоспаға, құрылыс құмына, кірпіш қалыптарына өте бай. Өңірдің негізгі экономикасы өнеркәсіп болып табылады. Пайдалы қазба байлықтар өнеркәсіптің негізгі салаларын бағыттайды. Базалық сала-тау-кен қазу. Осы саладағы басты кәсіпорын- «Казцинк» ЖШС Зырян тау-кен байыту кешені- Зырян қаласында орналасқан. Ауданда цемент өндіру бойынша Қазақстанның ірі кәсіпорны- «Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ жұмыс істейді (Октябрьск кенті).
«Зырян тоқыма фабрикасы» ЖШС, «Рассвет» ЖШС, «Универсал Вектор» ЖШС атты жеңіл өнеркәсіптер қызмет көрсетеді. Бұл кәсіпорындардың өнімдері-арнайы киімдер, әйелдер мен балаларға арналған киімдер шығарады.
«ОЕСЗ» ЖАҚ орама-сүзгі материалдар, кәсіпорындар мен тұрғындарға арналған тыныс жолдарын қорғайтын құралдар, пластмассадан әр түрлі өнімдер шығарады. Электр қуаты Серебрянск қ. жақын орналасқан «Казцинк» ЖШС Бұқтырма Гидроэнергетика кешенінде өндіріледі. Кешенмен жылына сағатына 2,5 млрд КВт шығарады.
Ауданда көлік инфрақұрылымы жақсы дамыған. Транспорт желісі автомобиль және теміржол көліктерімен қамтылған. Ауданда жолаушыларды тасымалдау үшін негізгі көлік қатынасы автомобиль көлігі болып табылады. Қатты жабынмен жабылған аудан аумағы бойынша өтетін барлық автомобиль жолдарының қашықтығы 391 километрді құрайды (2003 жылы 143,5 км жол иесіз деп берілген). Аудан облыс орталығы Өскемен қаласымен, КатонҚарағай ауданымен республикалық маңызы бар «Өскемен-Зырян-Рахман қайнары» автомобиль жолымен байланысқан, ұзындығы 191 км. Темір жол участогы Защита ст. Зыряновс ст. дейін.
Бұқтырма су қоймасында Бұқтырма шлюзі жұмыс істейді, Бұқтырма айлағы. Аудан облыс көлемінде негізгі ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші болып табылады, соның ішінде өзге аудандармен салыстырғанда дәнді дақылдар көп өндіріледі. Ауыл шаруашылық жерлердің көптігі, табиғаттың жайлылығы ауыл шаруашылық дақылдарының экономикалық жағынан көптеген түрлерін өсіруге мүмкіндік береді, соның ішінде көп отырғызылатындар астық тұқымдастар мен майлы дақылдар. Жетекші сала- өсімдік шаруашылығы (өндіріс саласында 66 % ). Дәстүрлі мал мен құс шаруалығын өсіруден басқа марал шаруашылығымен де айналысады.
Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша шағын, орта бизнес кәсіпорындары және жеке кәсіпкерлер айналысады.
Құрылысқа түсетін қаражаттардың басты көзі кәсіпорындардың өз қаражаттары, тұрғындардың қаражаттары блып табылады. Аудан бюджеті қаражатынан негізінен әлеуметтік сала нысандарына және жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Тау-кен өндіру өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, шағын бизнес
Өндіріс
· Өнеркәсіп: 4681 адам – 6,7%,
ауылшаруашылық, аңшылық және орман өсірушілік: 226 адам – 2,1%,
құрылыс: 603 адам – 1,6%,
сауда, автомобиль және үйде қолданатын бұйымдарды жөндеу: 375 адам – 1,2%,
қонақүйлер және мейрамханалар: 0 адам – 0,2%,
көлік және байланыс: 1292 адам – 3,1%,
қаржылық қызмет: 0 адам – 0,04%,
жылжымайтын мүлік, жалға беру және кәсіпорын қызметтерінің операциясы: 499 адам-0,9%,
мемлекеттік кәсіпорындар: 551 адам – 1,9%,
білім беру: 423 адам – 3,9%,
денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер: 1449 адам– 2,5%,
басқа да коммуналды, әлеуметтік және арнайы қызметтер: 0 адам – 1,1%
Жер ресурстары
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 222 957 га,
Елді мекен жерлері – 65 075 га,
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс, ғарыш қажеттеріне, ұлттық қауіпсіздік және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жерлер – 3143 га,
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзет аймақтарының жерлері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мақсатындағы жерлер – 32 188 га,
Орман қорының жерлері – 563 114 га,
Су қорының жерлері – 28 408 га,
Босалқы жерлер – 142 849 га.
Еңбек ресурстары
Зырян ауданы бойынша 01.04.2016 жылға халықтың саны 69 776 мың адамды құрайды.
2016 жылғы 07 қыркүйекке жұмыссыздардың саны – 260 адам, соның ішінде ауылдық жерлерде – 68 адам.
Тіркелген жұмыссыздардың ішінен:
– ер адамдар – 109 адам.,
– әйелдер–151 адам.,
– 29 жасқа дейінгі жастар – 84 адам.,
Кадрлар әлеует
«Аграрлы-техникалық колледж» мекемесі:
Пайдалы қазбаларды байыту – 10,
Пайдалы қазбалардың жаңа кен орындарының жерастын өңдеу – 18,
«Гипппократ» Медицина колледжі мекемесі:
Емдеу ісі – 184,
«Құрылыс және көлік колледжі» мекемесі:
Тау электромеханикалық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу – 175,
Ғимараттар мен құрылыстардың құрылысы және пайдалану – 78,
Автомобильді көліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану – 85,
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту – 149,
Іс жүргізу қызметі және мұрағатты жүргізу – 3,
Сауда менеджменті – 77,
Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету – 27.
«Зырян технологиялық колледжі» КММ:
Тамақтану ұйымы/Аспаз – 25,
Шаштараз өнері және сәнді косметика/Шаштараз–сәнгер – 20,
Автомобильді көліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану/автомобильдерді жөндеу бойынша слесарь – 24,
Пісіру ісі/электрогаз пісірушісі – 25,
Слесарь ісі/Элетр жабдықтарын жөндеу бойынша слесарь–электрик – 42,
Жол-құрылыс машиналарды техникалық пайдалану/Бульдозердің машинисі – 16,
Ғимараттар мен құрылыстардың құрылысы және пайдалану/Сырлаушы – 35,
Тігін өндірісі және киімдерді тігу/ портной-20
Түрлер бойынша жиҺаз өндірісі/ ағаш өңдейтін станоктарда жұмыс істеу-22
«Зырян ауылшаруашылық колледжі» КММ
Ауылшаруашылығындағы техникалық қызмет көрсету және жөндеу – 65,
аспазшы – 25
Техник-механик-8
2016 жылы Индустрияландыру картасына «мал шаруашылығы фермасын қайта құру, 2000 басқа дейін ІҚМ басын өсіру» жобасын енгізу жоспарланған. Жобаның сомасы 150,0 млн теңге. Құрылыс кезеңінде 15-20 адам, пайдалануға берер кезде 17 адам жұмыспен қамтылады.
2017 жылдың бірінші тоқсанында Индустрияландыру картасына «Темір бетонды өнім шығаратын зауытты қайта құру және жаңғырту» жобасын енгізу жоспарланған, жобаны жасаушы «КТБ Восток» ЖШС (К.С.Куанбаев), жобаның құны- 100 млн теңге (қарызға алынған сома 100 млн) 150 жаңадан жұмыс орнын ашумен, шығарылатын өнімдердің түрлері:
т/б өнімдер, шпалдар, жабын плиталар, пустотты плиталар және т.б. Қарызға алынытан қаражаттарды зауыт сатып алуға және құрылыс-өнеркәсіп қызметін дамытуға жоспарланған.
Ұсынылатын өнімдердің шығарылуын арттыру, сатып алу және жаңғырту.
2016 жылы субсидиялау бөлігі бойынша жобалар қаржыландырылды, екінші деңгейдеі банктер арқылы несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің жалпы сомасы 38,5 млн теңге.
5 жобаны іске асыру барысында жаңадан 20 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Кәсіпкерлік қызметтің 2 нысаны пайдалануға енгізілді. Соның ішінде 1 нысан қызмет көрсету саласы (шаштараз), 1 азық-түлік тауарларының дүкені.
Инвестициялық әлеует
Аудан инвестициялық жобалардың тізімін орналастырады, бұл ауданның экономикалық дамуына оң әсер ете алады. Жобалардың дамуы «Бизнестің жол картасы 2020», «Жұмысбастылық 2020», кіші қалаларды дамыту Бағдарламалары сияқты мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясындағы несие беру және қайта қаржыландыруға байланысты. Сауда жүйелерін, қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету саласын, жеңіл және өндіруші өнеркәсіп кәсіпорындарын, туристтік бизнесті болашақта дамыту көзделуде.
Ауданның қала құрушы және басқа да ірі кәсіпорындарының ілеспелі өндірісін құру жолымен, кіші кәсіпкерліктің орта және ірі бизнес өкілдерімен құрылымдық ынтымақтастықтығын ұйымдастыру көзделген. Ауданның кәсіпкерлерімен 2012 жылы 80,6 млн. теңге құнымен 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылды: «Оттек өндіруші бекетті жабдықтау», «Бетон-ерітінді түйін құрылысы», «Пенобетонды топтама өндірісі бойынша цех құрылысы», жолаушылар тасымалдаушы таскиді ұйымдастыру, «Күнбағыс тұқымын өндіру», «Жүк тасымалын ұйымдастыру». Кәсіпкерлік қызметтегі 23 нысан пайдалануға енгізілді. Сонымен қатар 12 сауда нүктелері, 2 қоғамдық тамақтану нүктелері, 9 қызмет көрсету салалары (стоматологиялық кабинет, шаштараз, жатақхана, құрылыс-монтаждау жұмыстары).
Зырян ауданы әкімінің сайтында 18 жоба және 28 бизнес-идея бойынша ақпарат орналастырылды, бұларды Зырян ауданында жүзеге асыру мүмкін.
Кадрлар ресурстарында қажетсіну
Тәрбиеші, жүргізуші, аулашы, слесарь-сантехник, физика мұғалімі, өндірістік оқыту шебері, тігін жабдықтарын жөндеу бойынша механик, есепші, электр есептегіш құралдарын орнату және пайдалану бойынша электрмонтер, аспаз, жүк тиеуші, бармен, әкімгер, даяшы, кондуктор, электргаздәнекерлеуші.
Туристік әлеует
1) «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғаттық қорығы» – қарапайым және сирек экологиялық жүйе, биологиялық әртүрлілік және өсімдіктің генетикалық қорын және жануарлар әлемінің табиғи үрдістердің табиғи жағдайында зерттеу және сақтау бойынша қызметтерді іске асыру үшін;
2) Бұқтырма су қоймасы – Дем алу базасы, дем алу үйлері, шипажайлар;
3) Тау өнімдері – мыс ежелгі тау-кен өндіру Путинцево ауылының маңайында Хамир өзенінде;
4) Никольский бейіті – Бородино және Кремнюха ауылдарының арасындағы жыртылған жерде орналасқан;
5) Жалғыз бейіт – бұрынғы ескі Үлкен-Нарын және Зырян жолының жыртылған жерде орналасқан;
6) Таволжанка бейіті – бейіт 10 төмпешіктен тұрады Катон-Қарағай және Зырян аудандарының шекерасында орналасқан, балықшы қосының жанында, Таволжанка өзенінің оң жақ жағалауында;
7) Я.И.Никольников бейіті – Азамат соғысы жылдарындағы ескерткіш. Зират 1,2 м ұзындықтағы ескерткіш, төрт қырлы қиылып жасалынған пирамида тәріздес, ұшында бес бұрышы бар. Іргетасы 0,80 м.төртбұрыш. Материалы– цемент,кірпіш және қаңылтыр темір. Жазу мәтіні: «Мұнда 1919 жылы қазан айында Колчак бандиттерімен жауыздықпен өлтірілген Обухов коммунасының мүшесі, қызыл партизан Никольников Яков Иванович жерленген 1893–1919 жж»;
8) С. Малеяны дарға асқан орны, жасырын ұйымның жетекшісі – ескерткіш төрт қырлы дұрыс емес пирамида тәріздес кірпіштен жасалған ұзындығы 2,2 м екі баспалдағы бар іргетасы төртбұрышты биіктігі 0,8 м. Аумағы 2,5 мХ 2,5 м. цементті құммен араластырып сыланған. Жазылған мәтіні: «Малей Семен Филлипович (1879–1919 жж.), путилов коммунасының мүшесі, Зырян ауданының бірінші партячейка хатшысы, 1919 жылдың қыркүйек айында колчактар атқан»:
9) Совет үкіметі үшін күрескерлерге бауырластық зират – 1918 жылдың маусымынан қызмет еткен, қайтыс болған Зырянның колчактарға қарсы жасырын тобының мүшелеріне арналған;
10) Питер коммунарларына ескерткіш – Жоғары аспанға бетон қолдар созылған, аялап ұсталған масақтар. Бұл екі колоннаны рельефті екі адамның беті ұстап тұр;
11) Ақ гвардяшылар көтерілісі жылдарда коммунарларды өлтірген орын;
12) Совет үкіметін орнату кезіндегі күрескерлерге бауырластық зират;
13) Совет үкіметін орнату кезіндегі күрескерлерге бауырластық зират – ұйымастырушының атымен аталған Толстоухов көтерілісі, кулактарды жою лақапты пайдаланып күшпен жерлерді және меншіктерді тартып алуға бағытталған, 1930 жылы Бұқтырма өзені ауданында шаруалардың көтерілісін басуға қатысқан бірнеше жазалаушы экспедицияға қатысушылар қайтыс болған. Соның ішінде, В.Н.Гаврилов, Н.Г. Лебедев, 1918–1919 жж колчактарға қарсы қозғалыста қатысушыларға арналған ескерткіш;
14) Ұлы Отан Соғысында қаза тапқандарға Даңқ Мемориалы – 1941-1945 жж ҰОС қайтыс болған зыряндықтарға арналған ескерткіш. Жобаның авторы Переверзев Виктор Аркадьевич. Ескерткіш жеңіс символы– биіктігі 14 м трапеция типтес 3 ұштықтан құралады. Ұштықтың айналасында 3,5 м биіктікте тат баспайтын болаттан жасалған дөңгелек– даңқ тәжі– диаметрі 6 м, оған үлкен 1941–1945 цифры және қоладан жасалған «Никто не забыт, ничто не забыто» деген жазу бар;
15) ҰОС қаза тапқан жаунгерлерге ескерткіш – ҰОС қаза тапқан жерлес жаунгерлерге арнап орнатылған ескерткіш. Жобаның авторлары Бұқтырма цемент зауытының талғам бюросының жұмысшылары Лих Виктор Яковлевич және Ситников Григорий Гаврилович;
16) ҰОС қаза тапқан жауынгерлерге даңқ-ескерткіші – ҰОС қаза тапқан жерлес жауынгерлерге арнап орнатылған. Жобаның авторы Соловьев ауылдық Мәдениет үйінің кәсіподақ суретшісі Бедарев Василий родионович;
17) ҰОС жылдарында қаза тпақан жауынгерлерге – даңқ ескерткіші Лесная Пристань ауылының тұрғындарына, жауынгерлер құрметіне және Жеңістің 20 жылдығына арнап орнатылған (қазіргі Малеевск а. бөлігі);
18) ҰОС жылдарында қайтыс болған жауынгерлерге Мемориалдық кешен;
19) Жеңістің 30 жылдығына арнап орнатылған – ҰОС жылдарында қаза тапқан жауынгерлерге даңқ-ескерткіші;
20) ҰОС қаза тапқандарға ескерткіш – Парыгино ауылы жерлестерінің ҰОС қаза тапқан жауынгер жерлестерге орнатылған;
ҰОС жылдарында қаза тапқандарға ескерткіш – Прибрежное ауылы, бұрынғы Мәдение үйінің аумағында, 122 демалыс базасы, 5 демалу үйлері, 2 сауықтыру балалар лагері, 2 пансионат,
1 спорттық кешен.