• Мобильді үстемені жүктеу

География

Аудан аумағы Қалба тауларының етегінде орналақан, ауданның барлық аумағын тән таулы бедер, олар абсолюттік биігіне қарай екіге бөліге болады: орта таулы және төмен таулы. Орта және төмен таулы аумақтарда негізі жайылым жерлер.

cherch sibiny-lakes

Тау етегiндегi далалық аймақ аздап ылғалды және жылы бейнеленедi, шамалы ыстық ауа райы оңтүстiк бөлiкте. Суық айының (қаңтар) орташа температурасы -14/-18 градустар құрайды, ең жылы ай (шiлде) + 20/+21 градустар. Аудан құрғақ дала табиғи-климаттық зонасында орналастырған.

Тарих

Ұлан ауданы 1928 жылғы 17-қаңтарда Ленин, Тарғын, Ұлан, Пролетар болысының бір бөлігі есебінен,  Өскемен уезінен құрылған. Орталығы – Сібекенті.

Қазақстан ССР Жоғарғы Советі Презиумының 1966 жылғы 31-қаңтарда Жарлығымен қайта құрылған (орталығы – Никитинка ауылы) құрамына келесі сельсоветтер енгізілді: Аблакет, Егінсу, Қанай, Крупский, Тайынты, Тарғын, Асубұлақ, Ақтау, Огневка кенттері.

Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының 1997 жылғы 23-мамырдағы Жарлығымен ауданға таратылған Таврия ауданының аумағы беріліп, Ұлан ауданының орталығы болып Молодежный кенті белгіленді.

Бүгінгі күні аудан құрамында төмендегідей ауылдық округтер бар: Алмасай, Аблакет, Айыртау, Азовое, Багратион, Бозанбай, Егінсу, Каменка, Таврия, Тарғын, Төлеген Тохтаров, Саратовка, Өскемен, Қасым Қайсенов, Асубұлақ, Огневка.

Аумағы

Аудан аумағы – 962481 га.

Шекаралар

Ұлан ауданы облыстың төрт аудандарымен шектеседi:
– солтүстiкте – Глубокое ауданы;
– шығыста – Зырян ауданы;
– оңтүстiкте – Көкпектi ауданы;
– батыста – Жарма ауданы.
Аудан орталығынан қалаларға дейiн қашықтық:
Өскемен қаласына дейiн – 15 шақырым,
Семей қаласына дейiн – 215 шақырым,
Астана қаласына дейiн – 1200 шақырым,
Алматы қаласына дейiн – 1200 шақырым.

Халқы

Халықтың саны 39421 адам құрайды

Инфраструктура

Бала бақшалар:
1) «Аленушка» бала бақшасы» МКҚК Касым Кайсенов кенті;
2) «Айгөлек» бала бақшасы» МКҚК Бозанбай ауылы;
3) «Колосок» бала бақшасы» МКҚК Привольное ауылы;
4) «Асем-ай» бала бақшасы» МКҚК Мамай Батыр ауылы;
5) «Балдаурен» бала бақшасы» МКҚК Айыртау ауылы.

Жалпы білім беретін мектептер:
1) «Асубұлак орта білім беретін мектебі» КММ Асу-Булак кенті;
2) «Р. Марсеков атындағы орта білім беретін мектебі» КММ Касым Кайсенов кенті;
3) «С. Сейфулин атындағы орта білім беретін мектебі» КММ Огневка кенті;
4) «Азовое орта білім беретін мектебі» КММ Азовое ауылы;
5) «К. Акжолов атындағы негізгі мектебі» КММ Манат ауылы;
6) «К. Кайсенов атындағы негізгі мектебі» КММ Айтыкова ауылы;
7) «Актюба негізгі білім беретін мектебі» Актюба ауылы;
8) «А. Аханов атындағы орта білім беретін мектебі» КММ Алғабас ауылы;
9) «Абая атындағы орта білім беретін мектебі» КММ Алмасай ауылы;
10) «Амангельды атындағы негізгі білім беретін мектебі» КММ Баяш Өтепов ауылды;
11) «М. Горький атындағы негізгі білім беретін мектебі» КММ Бестерек ауылы;
12) «Бозанбай орта білім беретін мектебі» КММ Бозанбай ауылы;
13) «Ломоносов атындағы орта білім беретін мектебі» КММ Мамай Батыр ауылы;
14) «М.Таенов атындағы орта білім беретін мектебі» КММ Жоғарғы Тайынты ауылы;
15) «17-лет Октября орта білім беретін мектебі» КММ Восточное ауылы;
16) «Гагарин жалпы білім беретін орта мектебі» КММ Гагарино ауылы;
17) «Герасимовка орта білім беретін мектебі «« КММ Герасимовка ауылы;
18) «Т.Тохтаров атындағы орта білім беретін мектебі» КММ Донское ауылы;
19) «Е.Бакишев атындағы негізгі білім беретін мектебі» КММ Жанузак ауылы;
20) «Ю.Гагарин атындағы негізгі білім беретін мектебі» КММ Айыртау ауылы;
21) «Каменка негізгі білім беретін мектебі» КММ Каменка ауылы;
22) «А.Пушкин атындағы отра білім беретін мектебі» КММ Сағыр ауылы;
23) «Н.Лут атындағы орта білім беретін мектебі» КММ Митрофановка ауылы;
24) «Канай орта білім беретін мектебі» КММ Жана-Канай ауылы;
25) «Привольное орта білім беретін мектебі» КММ Привольное ауылы;
26) «Пролетарка негізгі білім беретін мектебі» КММ Пролетарка ауылы;
27) «Ахметов атындағы орта білім беретін мектебі» КММ Саратовка ауылы;
28) «Таврия орта білім беретін мектебі» КММ Таврия ауылы;
29) «И.Айттықов атындағы орта білім беретін мектебі» КММ Таргын ауылы;
30) «Тройницкое негізгі білім беретін мектебі» КММ Тройницкое ауылы;
31) «Украинка орта білім беретін мектебі» КММ Украинка ауылы;
32) «С. Аманжолов атындағы орта білім беретін мектебі» КММ Уланское ауылы.

Колледж:
«Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі» МКҚК Саратовка ауылы.

Өндіріс

Ауданның экономикасының басты бөлімі агроөнеркәсіп кешеніне байланысты. 2018 жылдың 1 сәуіріне  ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы түсімінің көлемі 5,0 млрд. теңгені құрады.

Ауданда 39 асыл тұқымды шаруашылық тіркелген, оның ішінде етті ІҚМ өсіретін – 9 шаруашылық, сүтті ІҚМ өсіретін – 4 шаруашылық, қой өсіретін – 6, жылқы өсіретін – 8, ара өсіретін – 10, марал өсіретін – 1, шошқа өсіретін-1 шаруашылық.

Ауданда 6 мал сою пункті, 13 мал сою алаңы және 1 құс  сою зауыты бар.

Аудан бойынша 26 ірі қара мал бордақылау алаңдары жұмыс атқаруда, онда жыл бойғы бордақыда 3,5-4,0 мың бас ірі қара мал бордақыланып, 650-700 тонна ет өндіріледі.

Ауданда ауылшаруашылығы құрылымдарын жоғары сапалы және аудандық тұқымдармен қамтамасыз ету үшін I, II және III репродукциялы өндірісті 5 тұқым шаруашылығы оның ішінде 1 элиталы тұқым шаруашылығы жұмыс істейді.  

Ауданда 2018 жылы 1 сәуірдегі ақпарат юойынша 2218 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның  –217  заңды тұлғалар, 891 - жеке кәсіпкерлер, 1087  шаруа қожалықтары және 23 ауыл шаруашылық кооперативтері.

Жер ресурстары

  • ауыл шаруашылық мақсатындағы жер алқаптары– 589 995 га,
  • елді-мекен жері – 76 606 га,
  • өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауылшаруашылығы мақсатына арналмаған жерлері – 8584 га,
  • ерекше қорғалатын табиғи аймақ жерлері – 91 га,
  • орман қоры жерлері – 129 621 га,
  • су қоры жерлері - 15 753 га,
  • босалқы жерлер – 132 942 га.

Еңбек ресурстары

Аз қамтылған азаматтар саны есептік кезеңде 1643 адамды құрады.                                              2017 жылғы қаңтар – желтоқсан айлары аралығында ресми тіркелген жұмыссыздар - 127 адам, яғни 2016 жылмен салыстырғанда 23 адамға жоғары (104 адам).

Жұмыссыздар үлесі 0,6 % құрайды.

Есептік кезеңде 655 жаңа жұмыс орындары ашылды.

2017 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 38 адам,  2016 жылғы деңгеймен салыстырғанда 32,1 %-ға төмендеді  (56 адам).

тұрғын үй көмегі –  557 отбасы,

балалар жәрдемақысы –11,3 %-ға, 2017 жылы 976 бала,  (2016 жылы – 1100  бала , мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға - 24 бала.

Халықты жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында, аудан көлемінде «2017-2021 жылдарғы арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы іске асырылуда, яғни 2017 жылғы қаңтар – желтоқсан айлары аралығында келесі бағыттар бойынша жолдамалар берілді:

- әлеуметтік жұмыс орындарына – 20 адамды орналастыру жоспарланған, нақты 24 адам жіберілді, оның ішінде 6 жастар;

-жастар іс-тәжірибесіне – 9 адамды орналастыру жоспарланған, нақты 13 түлек жұмыстарға жіберілді;

- кадрларды қайта даярлау 3 айлық курстарына 116 адамды оқыту жоспарланған, оның ішінде 62  жастар.

 Нақты оқуға 120 адам жіберілді,:

аспазшы (10 адам), шаштаразшы (7 адам),  есепші (8 адам), жүргізуші (49 адам), оператор ДЭЕМ (4 адам), мал санитары (12 адам), тракторист (12 адам), электрик ( 14 адам), электргазбен дәнекерлеушілер тобы (4 адам).

 Оның ішінде оқуды аяқтағандар  115 адам: аспазшылар тобы (9 адам), шаштараз тобы               (9 адам), оператор ПЭВМ (4 адам), электрик (14 адам), электргазбен дәнекерлеушілер тобы (4 адам), мал санитары (12 адам), тракторист (12 адам), есепші (8 адам), жүргізуші (34 адам), кәсіпкерлік қызметі және кадрлар бойынша  маман (2 адам). Қалған 15 адам оқуды жалғастыруда.

 Аймақты дамыту бағдарламасы шеңберінде:

- әлеуметтік жұмыс орындарына -15 адам;- оның ішінде 2 жастар;

 жастар іс-тәжірибесіне – 10 адам.

Ақылы қоғамдық жұмыстарға 643 адам қатысты, жоспарланған 630 адам.

Кәсіптік оқуға 6 жұмыссыз тұлғалар жіберілді,

Соның ішінде:шаштараз тобы (2адам), маникюр (4 адам). Олардан 6 адам оқуды аяқтады, 4 адам жұмысқа орналасты.

Кадрлар әлеуеті

Бүгінгі күні «Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы колледжі» 221 студент келесi мамандықтар бойынша оқытады:

Ауылшаруашылық механизаторы – 46 студенттер;

Агрономия – 12 студенттер;

Ветеринария – 163 студенттер;

Инвестициялық әлеует

Ауданда индустрияландыру  картасына 2 инвестициялық жоба енгізілген. Жобалардың жалпы құны 3267 млн. теңге. «Өскемен құс фабрикасы» АҚ 20000 тоннаға дейін ет өңдіру жобасы және «Құс етінен өнім өндіретін зауыттың құрылысы» Айтас МП ЖШС  жобасы енді.

2017-2020 жылдарға индустрияландыру  картасына «OstFish» ЖШС және    «Минерал добыча» ЖШС  (2017 г.) жобалары еңгізілді.

Кадрлар ресурстарында қажетсіну

Медициналық жұмыскер- 1 адам;

Ветеринарлық дәрігер-1 адам;

Операторы- 6  адам;

Есепшi және қаржыгер – 3 адам;

Автоэлектригі-1 адам;

Декларант-1 адам;

Электромеханигі-2 адам;

Сою және ілу операторы-1 адам;

Соттың бас маманы-2 адам;

Психиатор дәрігері-1 адам;

Неврапатолог дәрігері-2 адам;

Дәріхана меңгерушісі-1 адам;

Диетикалық тамақтану бойынша медбике-1

Жансыздандыру реаниматолог дәрігері-1 адам;

Фельдшер-2 адам;

Әйелдер дәрігері-1 адам;

Фармацевт-1 адам;
Мұғалімдер-63 адам;

Психолог-3 адам;

Автотранспорт цехінің бастығы-1 адам;

Орта арнаулы біліммен:

Мұғалімдер-20 адам;

Кітапханашы-2 адам;

Іс-жүргізуші-1 адам.

Туристік әлеует

Ұлан ауданында негiзгi әйгiлi демалыс базалары:
– «Малахит» демалыс базасы 100 адамға арналған 20 үй 4-6 орынға арналған, спорттық алаң, асхана, жағажай.
– «Аюда» демалыс базасы, 700 адамға арналған 188 үй 6-8 орынға арналған, спорттық алаң, асхана, жағажай.
– «Окуньки» демалыс базасы, 100 адамға арналған 33 үй 4-6 орынға арналған, автокөлікке арналған тұрақ, спорттық алаң, асхана, жағажай.
– «Көктау» сауықтыру кешені 40 адамға арналған 1 қонақ үй, 4 орынды коттедж үйлер, орыс моншасы, фин саунасы, караоке бар, бильярд, үстел теннисі, кафе-бар. Тау шайтан арбасымен, роликтерді жалға береді.
– «Ульба» демалыс орны 210 адамға арналған үйлер, монша, балалар ойын алаңдары, сопрттық алаңдар, автокөлікке арналған тұрақ, асхана.