География
Көкпекті ауданының табиғи – климаттық шарттары әр-түрлі. Ауданның солтүстік және батыс бөліктерінде таулы және қыратты аймақтар болып келеді, қыратты аймақтары құнарлы, орталық бөліктерінің басым бөлігі қырлы аймақты жерлер.
Ауданның оңтүстік – шығыс бөліктері Зайсан көлімен тұтасады. Көкпекті ауданының климаты континентті, дымқыл.
Көкпекті ауданының солтүстік таулы аймақтарының температурасы жұқа режімде. Басқа аудандардың климатымен салыстырғанда жаз мезгілінде
ауаның температурасы төменірек. Қыс мезгілдерінде суық ауа райына байланысты сынап бағаналары жоғары болады.
Аудан облыс орталығы Өскемен каласынан 202 шақырымда орналасқан . Аудан орталығына жақын елді-мекен 4 шақырым, ең алшақ жерде орналасқан елді-мекен 175 шақырымды орналасқан.
Тарих
Қарт Қалба тауларынан басталып шежірелі Зайсан көліне дейінгі жерді алып жатқан Көкпекті жері қазыналы жер ғана емес, сонымен қатар тарихы қатпарлы өлке.
Атам заманда Абылай осы жер – «Толағай» түбінде шатыр тігіп кеңес шақырған, Атақты Қабанбай, Райымбек батырлардың ізі қалған осы жер. П.Семенов -Тянь-Шаньский мен Шоқан Уәлихановта осы жерге ат басын бұрған екен.
Көкпекті жері жайлы ауызекі әңгімеде «Жеті жұрт келіп, жеті жұрт көшкен екен» дейді. Мұның негізінде шындық жатыр. Ежелгі заманның қалтарасына үңілсек, осынау сайын даладан кімдер өтпеді дейсіз! Ертіс маңынан сыр бойына жосыла-жөңкіп оғыздар өтті. Солардың ізін куа Киев Русіне ат тұяғын бірақ тіреген қимақ-қыпшақ тайпалары жосылды. Одан кейін Ресей патшалығы темір шеңгелін салды.
Архив бойынша Көкпекті казак-орыс бекінісі 1763 жылы салыныпты. Міне осы кезден бастап Көкпекті ауылының іргетасы қаланғалы ретінде тарихы басталып, көптеп ағылып келіп жатқан казактар мен орыстар саны арта түскен.
Содан ұзақ жылдар бойы Семей-Шәуешек арасындағы байланыс бекеті, Зайсан-Семей арасындағы өткерме сауда орталығы болып саналған.
1919 жылдың 10 желтоқсандағы Көкпекті жерінде Кеңес өкіметі орнады.
РКП(б)-ның аудандық бюросы Көкпектіде 1920 жылдың 5 шілдесінде құрылды. Көкпекті ауылы шалғай жатқан елді мекен болғандықтан, саясат пен экономикадан тыс қалған еді.
1921 жылдың 11 қаңтарында Көкпекті ауданының комсомол өкілдерінің партия конференциясы өткізілді. Осы жиында 1921 жылдың 20 қаңтарында өткен облыстық конференция делегаттары сайланды. Коммунистер халық шаруашылығын қалпына келтіру үшін күресті, аудан экономикасын көтерді.
Ауданда 50 мың адам болған екен. Оның 10 мың 5 орыс болыстығына шоғырландырылған орыс ұлысы болсы, 40 мыңдайы 8 болыстыққа біріктірілген қазақ халқы. Байырғы тұрғындар тек Көкпекті ауылы мен Үлкен Бөкенде тұратын. Қалғандары 1910-1915 жылдары көшіп, жер аударып келгендер болатын.
Тарихи деректер бойынша 1928 жылға дейін әкімшілік жағынан Өскеменге қарап, уездер таратылған соң Ақсуат жеріндегі «Қызыл тас» ауданының құрамына кірген. 5-6 ай жаңадан құрылған Үлкенбөкен ауданының құрамында болды.Одан кейін 1930 жылға дейін Самар ауданы құрамына еніп келді.
Сөйтіп, Көкпекті аудан ретінде 1930 жылы желтоқсан айында шаңырақ көтерді. Осы мерзімнен бастап Көкпекті ауылы өз алдына аудан болып бөлінді. Ауданның атауы Көкпекті өзеніне байланысты аталды.1933 жылы Көкпекті және Ақсуат аудандары болып қайта ұйымдастырылды.
Аумағы
Көкпекті ауданының аумағы – 14575 мың шаршы метр.
Ауданда 17 ауылдық округ орналасқан. Олар:
– Көкпекті
– Тассай
– Биғаш
– Көкжайық
– Үлгілімалшы
– Қ.Аухадиев
– Теректі
– Шұғылбай
– Белое
– Казнаковка
– Бастаушы
– Маринагорка
– Самар
– Миролюбовка
– Палатцы
– Сарыбел
– Үлкенбөкен
Шекаралар
Көкпекті ауданы Шығыс Қазақстан облысының орталығында орналасқан. Ауданның солтүстігі Ұлан ауданымен, батысы – Жарма ауданымен, оңтүстігі – Тарбағатай және Зайсан көлімен шектеседі. Ауданның шығыс бөлігі Бұқтырма су қоймасымен шектеседі. Аудан облыс орталығы Өскемен каласынан 202 шақырым, Семей қаласы дейін – 260 шақырым жерді құрайды.
Халқы
2018 жылдың 1 қантар тұрғындар саны28 973.
Инфраструктура
Аудан аумағында қызмет атқаратын кәсіпорындар:
Ауданда 37 мектеп, соның ішінде 11 негізгі, 21 орта және 5 бастаушы мектеп бар.
Барлық білім беретін мектептер:
КММ «Көкпекті орта мектебі»
КММ «Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектеп»
КММ «И. Жансүгіров атындағы орта мектеп»
КММ «М.Әуезов атындағы орта мектеп»
КММ «К.Аухадиев атындағы орта мектеп»
КММ «Преображенка орта мектебі»
КММ «Көкжайық орта мектебі»
КММ «Үлкенбөкен мектебі-балабақша» кешені
КММ «Абай атындағы мектеп-балабақша»
КММ «Амангелді атындағы орта мектеп»
КММ «№1 Самар орта мектебі»
КММ «Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектебі»
КММ «Көкжота орта мектебі»
КММ «Маринагорка орта мектебі»
КММ «Амангелді орта мектебі»
КММ Октябрь «мектеп-балабақша» кешені
КММ «Абай атындағы орта мектеп» ( а Басатаушы )
КММ «Новотимофеевка орта мектебі»
КММ «Казнаковка орта мектебі»
КММ «Миролюбовка орта мектебі»
КММ «А.Пушкин атындағы орта мектеп»
КММ «Пантелеймоновка негізгі мектебі»
КММ «Палатцы негізгі мектебі»
КММ «Романовка негізгі мектебі»
КММ «В.Маяковский атындағы негізгі мектеп»
КММ «Күйбышева атындағы негізгі мектеп»
КММ «Шаріптоғай негізгі мектебі»
КММ «Джумба негізгі мектебі»
КММ «Қаракөл негізгі мектебі»
КММ «Подгорненко негізгі мектеп»
КММ «Раздольненко негізгі мектеп»
КММ «Қараөткел негізгі мектебі»
КММ «Самар бастауыш мектебі»
КММ «Воздвиженка шағынкомплектілі мектебі»
КММ «Жанажол бастауыш мектебі»
КММ «Гагарина бастауыш мектебі»
КММ «Үшкөмей бастауыш мектебі»
Балабақша
КМКП «Балерке»
КМКП «Шуақты шұғыла»
КМКП «Дәншік»
КМҚК "Білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Көкпекті - Толағайы" балабақшасы
«Өрнек» жеке меншік балабақшасы
«Еркенұр» жеке меншік балабақшасы
«Бөбек лүпілі» жеке меншік балабақшасы
Колледж
КММ «Самар Агра-техникалық колледж»
Өндіріс
Ауданның тау-кен өндірісі кәсіпорындарына ЖШС "Сәтпаев кен-байыту" кәсіпорындары жатады, ол металл кендерін өндірумен айналысады және ЖШС "ДСУ-14" жатады.
Келешекте Көкпекті ауданында тау-кен өндіру саласын дамытуда салу екінші байыту ЖШС "Сәтпаев кен-байыту кәсіпорны" фабрикасы жоспарлануда. Екінші байыту фабрикасының құрылысын салу 2016-2017 жылдарға жоспарланған.
Сондай-ақ, Көкпекті ауданында ЖШС "Көкпекті Жолдары" "асфальт-бетон қоспаларын өндіру" жобасы кешенінің іске асырылуын мыналарды қамтиды:
а) Көкпекті ауданында асфальт зауыты, асфальт-бетон қоспаларын ыстық және суық түрлерінің шығарумен бірге, қажеттілігін өтейтін құрылыс материалдарын;
б) қиыршық тастарды ұсату цехы, асфальт-бетон қоспаларын шығаратын өндіріске қажетті және одан әрі іске асыру үшін басқа компанияларға және халыққа керек заттарды өндіру;
Өңдеу өнеркәсібі төмендегі кәсіпорындарды қамтиды:
- "Мәмбет"шаруа қожалығы.
- ЖШС "Рыбпром"
Жер ресурстары
Ауыл шаруашылық жері – 630903 га.
Елді-мекендерге қарасты жер – 172686 га.
Өнеркәсіп, транспорт, қарауыл жерлер – 3640 га.
Табиғат қорғау жерлері, сауықтыру, тарихи жерлер – 13957 га.
Орман қорындағы жерлер – 72874 га.
Су қорындағы жерлер – 109133 га.
Жер қоры – 454343 га.
Көкпекті ауданының аумағының қорында, мемлекеттік балансқа тіркелген жерлер қарастырылған.
1. Раздольнен – құрылыстық тас;
2. Палатцы – құрылыстық тас;
3. Каменюха – құрылыстық тас;
4. Чистояр – құрылыстық құм;
5. Самар – кірпіш шикізаты;
6. Новодорожно – кірпіш шикізаты;
7. Мариногорка – кірпіш шикізаты;
8. Үлкенбөкен – кірпіш шикізаты;
9. Карповка – кірпіш шикізаты;
10. Прохладнен – аралас құм-тас;
11. Ұзынбұлақ – аралас құм-тас;
12. Жана-Жол – аралас құм-тас;
13. Маринагорка – аралас құм-тас;
14. Песчан – аралас құм-тас.
Еңбек ресурстары
2017 жылдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылғандар-12621,
өз бетімен жұмыспен қамтылғандар-4698.
Жұмыссыз ретінде тіркелгендер -77 адам, оның ішінде әйелдер- 26, еркектер-51, 29-ға дейінгі жастар саны-28 адам, 50 жастан асқандар- 12 адам.
Жұмыспен қамтылғандар (жалдамалы жұмысшылар) келесі салаларда жұмыс істейді:
-өнеркәсіп-31 адам;
-ауыл,орман, балық шаруашылығы-4950 адам;
-құрылыс-310 адам;
-сауда, автокөлік жөндеу-601 адам;
-байланыс және көлік-165 адам;
-жылжымайтын мүлік жалға алу мекеме қызметтері-117 адам;
-мемлекеттік мекеме-357 адам;
-білім-1598 адам;
-денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек-586 адам;
-коммуналдық, әлеуметтікжәнежекеқызметкөрсету- 295адам;
Кадрлар әлеуеті
2017 жылы «Отан»Республикалық қоғамдық бірлестігінің Көкпекті ауданының «Кәсіптік-техникалық білім орталығында» келесі мамандықтар бойынша жұмыссыз азаматтар оқытылды:
- манипулярлық тиеушінің машинисті-10 адам;
- ветеринар өңдеуші-11 адам;
- компьютерлік сауаттылық- 10 адам;
- «Д», «Е» санаттары бойынша жүргізушілер- 15 адам;
- автокөлік жабдықтарды жөндеу бойынша шебер- 15 адам;
- Электр дәнекерлеуші- 21 адам.
Самар аграрлы- техникалық колледжінде:
- Машинист трактор - 25 адам;
- Аспаз- 15 адам;
- Шаштараз- 15 адам.
Инвестициалық әлеует
Аудан инвестициялық жобалардың тізіміне орналасқан, аудан экономикасының дамуына үлесін тигізуде. Жобаның дамуы «Бизнестің жол картасы 2020», «Еңбекпен қамту» мемлекеттік бағдарламасына несиелік және қаржыландыру жағынан тәуелді
Бизнесті қолдау және дамытудың "Жол картасы-2020" бірыңғай бағдарламасы аясында мақұлданған өтінім бойынша ЖШС "Жол-құрылыс басқармасы № 14" бөлімінің субсидиялау бойынша сыйақы мөлшерлемесі 30,0 млн. теңгені құрайды.
"Бизнестің Жол картасы» бірыңғай бағдарламасы аясында гранттар беру жөнінде 2 кәсіпкерге грант ұсынылған:
"Ойыншықтарды тігу және басқа да бұйымдарды тігу цехы" жобасы бойынша Ж.Б. Жабековқа -3,0 млн. теңге.
К\Х "Мах Б" жобасы бойынша "Қаз өсіру, қаздың еті мен одан бұйымдар шығару"жобасы бойынша К/Х «Мах Маrа» -3,0 млн. теңге.
Ағымдағы жылдың басынан бастап жеке кәсіпкерлікті қаржылық қолдау мақсатында ЖШС "Көкпекті Несие" 198,5 млн. теңге көлемінде несие беріледі;
«Жұмыспен қамту бағдарламасы - 2020» бағытын іске асыру арқылы кәсіпкерлікті дамыту үшін ӘКК Ертіс бюджеттен - 30,0 млн. теңге қаражат бөлінді.
Кадрлар ресурстарында қажетсіну
Көкпекті ауданында мәдениет саласы бойынша 2 мәдениет үй, 29 ауылдық клуб, 1 аудандық және 1 орталық кітапхана, 19 ауылдық кітапхана қызмет көрсетеді.
Аудан көлемінде тіркеуде тұрған 19 тарихи- мәдени ескерткіш бар, олардың ішінде археологиялық ескерткіші -13, қала құрылысы және сәулет ескеркіші – 6.
«Бос уақыт орталығы» КМҚК-на келесі қажетті мамандар қажет:
- Баян- 1 б.
- Флейта-1б.
- Домбыра – 1б.
- Прима қобыз – 1б.
- Қыл қобыз – 1б.
- Бас қобыз – 1б.
- Шертер-1б.
Туристік әлеует
Көкпекті ауданында ішкі туризмның дамуына көптеген қызметтер көрсетілуде. Аудан аумағында Зайсан көлі, Бұқтырма су қоймасы, Ертіс өзені, Кулунджун демалыс орны орналасқан. Сарыбел селолық округының аумағында 3 демалыс орындары жұмыс істейді, «Рубин», «Черемушка», «Бұқтырмалық лилия». Жаңа спорт кешендері, теннис ойынына арналған столдар, демалуға келген демалушыларға ашық теңіз, катамаран және қайықтар, балық ұстауға арналған қармақ бұның барлығы туризмның дамуына үлесін тигізуде. Көкпекті ауданы аумағында жазғы спорттық – сауықтыру лагерлері бар, «Көкпекті – Балауса 2» Сарыбель селолық округінің Новостройка ауылында, ал «Көкпекті – Балауса 3» Мариногорка селолық округінің Мойылды ауылында орналасқан. Осы лагерлер спорттық – сауықтыруға бағытталған, оған осы лагерлердің аумақтық орналасуы, таулардың таза ауасы және сұлу табиғаттың көріністері әсерін тигізеді. Тарихи маңызы бар, табиғаттың көркемдігімен тамсандыратын экскурсиялар жүргізу мүмкіндігі бар. Әрбір лагерь спорттық құрал – саймандары бар үлкен спорттық залымен, жазғы демалыс орындары және ойын – сауық алаңымен қамтамасыз етілген.
Денсаулықты жақсарту үшін марал қанына түсуге мүмкіндік бар. «Ворсинка» шаруа қожалығының аумағында «Марал» емделу орнында 12 орын демалушыларға арналған корпус жұмыс істейді. 26 орынға арналған асхана, бильярд, 6 орынға арналған vip-үйлер, монша, шағын спорттық алаң орналасқан. Қазіргі таңда «Марал» емделу орны 40-50 демалушыларға қызмет көрсетеді. Шаруашылықта 1500 марал бар. Жұмыс мерзімі маусым- шілде айлары.
Ауданда туризмның бірнеше түрлері даму үстінде, мәселен: Емделу орталықтары, мәдени-танымдық жерлер, жағажайлар , балаларға арналған спортық-сауықтырулар т.б. Туризмның дамуын қолдау мақсатында ауданда көптеген жәрмеңкелер, көрмелер жүргізіліп отырады.
Көкпекті ауданында 2 мәдениет үйі, 2 кітапхана жұмыс істейді. Көкпекті ауылында және Самар ауылында, 27 селолық кітапхана, 37 клуб бар.
Аудан аумағында 29 мәдени обьектілері бар. Көкпекті ауданында 21– ескерткіштер бар: 8 – соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіш, Жеңістің 60 жылдығына арналған ескерткіштер, Кеңес одағының ардагері Қойгелді Аухадиев атамызға арналған мүсін, Соғыс ардагерлері А. Асламовқа, К. Букетовқа арналған ескерткіштер. 2 Ауған соғысында көз жұмған жерлестерімізге арналған ескерткіштер бар.