• Мобильді үстемені жүктеу

География

Солтүстік – батысқа қарай, Өскемен қаласы арқылы, Ертіс жағасында Колбинский Алтай тауының және өзендерінің арғы жағында және Дубыгалин таулы, кесек тасты алаптары үймеленген жерде Глубокое ауданы жайыла орналасқан – Глубокое жері ежелгі болса да, заманауи.
Глубокое ауданы жалпы көлемі 7,3 мың шаршы км, алғашқы қоныстанғандардан бері 280 жыл.
Аудан пайдалы географиялық орынды алып жатыр. Ол Шемонайха, Ұлан және Зырян аудандарымен, Алтай даласымен, Өскемен және Риддер қалаларымен шектеліп жатыр. Глубокое ауданының жер қойнауында полиметалл кендері бар. Осымен қатар, мырыш, қорғасын және мыспен бірге олардың құрамында алтын, күміс, кадмий, сүрме, күшән, темір, күкірт, сынап және басқа да элементтер кезедеседі. Олар Березовка, Белоусовка, Иртыш және Жаңа – Березовка жерлерінен шыққан металдардың тазалығы бойынша дүниежүзілік стандарттан кем түспейді. Ауданның аймақтарында 23 құрылыс материалдарының орны ашылды, оның ішінде құрылыс тасы, әктік, кірпіш саз балшық, құм, құрылыс құмы және қиыршық тас қоспасы бар.
Глубокое ауданының ормандарында саңырауқұлақтар, жидектер, бүлдіргендер, балды, дәрілі өсімдіктер көп. Ормансыз учаскелердегі әртүрлі шөптер сапалы жоғарғы өнімді шабындық және жайылым ретінде пайдаланылады.
Таулы орманда аю, сары күзен, сілеусін, сусар, бұлғындар мекендейді. Тасты жерлерде кабарга, ал жота жерлерде сібір ешкілері кездеседі.
Ойлы – қырлы жерлерден және таулы қыр даладан тайгаға дейінгі жота және жым-жырт жатқан шыңдардың барлығы өткен жылдардағы және қазіргі таңдағы тау-кендерін ұмыт қалдырмайды: Березовка, Белоусовка, Ертіс, Ново-Березовка және басқа кен орындары.
Бұл жер бөлігі – қазынаға бай. Жер байлығын және әлеуметтік сараптаманың нәтижесін барлығы көре алады. Ағымдағы көп жылдар бойы аудан экономика жағынан да, әлеуметтік дамудада алдыңғы қатарларда.
Ауданды жер қоймасы деуге болады, өйткені табиғат бар байлығын сыйлаған: алтын, күміс, мыс, мырыш, қорғасын, көмір бар. Шағын Үлбінің көрінісі Швейцарияға теңдес, Таулы Үлбі тауларына қол жетпес.

forest village

Тарханканың геологиялық бөлігі – Тарханка ауылы. Ол Үлбі өзенінің жазығының оң жақ баурайына жақын орналасқан, негізгі ғылыми құндылығы бар табиғи ескерткіш. Иванов және Убинский жоталарынан жағалаудың ойпат жерлеріне дейін созылады, Үлбі өзені – Граматуха өзені және Тыныш Үлбі мен Ертістің қосылуынан құрылған. Оның негізі – Шағын Үлбі. Үлбі жазығы әдемі жерлерде тау шатқалдарының арасында орналасқан. Тау шыңдарының басынан тастар жауып жатқандай, төмен жағында ашық түсті альпа шалғындары пейілді. Шөптер, самырсын, қарасамырсын, шыршамен,балқарағаймен, қарағаймен, талмен, қайыңмен араласқан. Аумақтарды бұта қараған басқан. Үлбі өзені соңында Ертіс өзеніне келіп құйылады. Ертіс өзені Қазақстан мен Ресейдегі ең ірі өзендердің бірі болып табылады. Оның ұзындығы Қара Ертіс есебінен 4248 км. Ұзындығы жағынан ол ірі Сібір, Енисей, Обь өзендерінен асып түседі десекте болады. Оның алып жатқан арнасы 1 595 680 шаршы километр. Синь-Сань Қытай провинциясының батыс бөлігінде алыс және ертегілер елі Жоңғарияда, теңіз деңгейіндегі Моңғолияның Алтай мұзды қырларының 2500 метр биіктігінде шағын тау бұлағы Ертіс өзені басталады. Таудан аққан бұлақ алдындағы тау – тасты шайып ағатындықтан, өзенді Ертіс деп атаған. Түрік тілінен аударғанда «Ертіс» сөзі «жерді қопару» делінген.

Тарих

1730 жылы штейгер Иван Чупоршнев бай Березовка кенішін ашты. 1731 жылдан Демидов Невьян заводынан әкелінген жұмысшы кадрлар күшімен бұл телімді пайдалана бастады. Нан мен жарма алыстағы сібір мен орал уездерінен әкелінді.
Азық-түлік проблемасын шешу үшін 1760 жылы «Өскемен қамалына орналасу және Уба өзенінің арғы жағына, Ертістің оң жағалауына Березовка, Глубокое Ульба және басқа да Ертіске құятын өзендер жағалауына қамалдар салу мен екі мыңға дейін орыс әкеліп қоныстандыру туралы» Сібір жарлығы шықты.
1761 жыл Глубокоенің туған жылы. Ескі көздердің айтуы бойынша осы жылы Петушок жотасының етегіне Игнатий Губин отбасымен қоныстанған.

Халқы

Халқының жалпы саны 63883 адам

Өндіріс

Глубокое ауданы бірден бір өнеркәсіптік дамыған аумақ болып табылады. Ауданның өндірістік әлеуеті – бұл өнеркәсіп және ауылшаруашылығы өндірістік көп салалы құрылымы, сәйкес өндірістік қуатының бар болуы. Мұнда ірі тау - кен өндіру кәсіпорындары, өнеркәсіпті өңдеу өнеркәсібі, энергетикалық, тамақ, жеңіл және ағаш өндіруші өнеркәсіп, құрылыс индустриясы кәсіпорындары  шоғырланған.

Өңірдің өнеркәсібі үш сала бойынша ұсынылды: ірі тау - кен өндіру кәсіпорыны, өңдеу өнеркәсібі және электрэнергиясын, газ және суды тарату. 

Тау-кен өнеркәсібінің негізін 2 ірі кәсіпорын құрайды: «Востокцветмет» ЖШС және «BAURCOLD» ЕЖШС ТКК. Тау-кен өнеркәсібінің  жалпы ауданның өндірістік өнеркәсібіндегі үлесі 50 %-дан астам.

Өңдеу өнеркәсібінің негізін келесі ішкі салалар құрайды:  металлургиялық өнеркәсіп және негізгі құнды және түсті металл өндірісі (саладағы үлесі 37,5%), тамақ өнімдерін өндіру, сонымен қоса сусындар (14,8%), басқа да металл емес минералдық өнімдер өндірісі (18,8%), химиялық өнеркәсіп (25,6%), қағаз және қағаз өнімдерінің өндірісі (0,03%), ағаш өңдеу және ағаш өнімдерінің өндірісі, жиһаз (0,5%) және басқа да өнеркәсіп салалары (2,8%). Өңдеу өнеркәсібінің жалпы аудандық өнеркәсіп әлеуетіндегі үлесі 43,7% құрайды.

Металлургиялық өнеркәсіпті  «Altyn MM» ЖШС кәсіпорынымен ұсынылған. Аталған ішкі саланың тауарлық өнімі  «Доре» алтын қорытпасы.

Химиялық өнеркәсі «Орика-Казахстан»АҚ ұсынылған – жарылғыш заттарын және Қазақстанныцң тау-кен кәсіпорындары үшін жарылғыш заттар өндірісі.

Құрылыс материалдарының өндірісі  келесі кәсіпорындармен ұсынылған:  «Восток-Универсал»ЖШС – минералды тақтайшалар және минералды бұйымдар өндірісі; «Шығыс Керамика»ЖШС, «Кірпіш-құрылыс компаниясы»ЖШС, «Элхон»ЖШС –құрылыс кірпіштерінің өндірісі.

Тамақ өнеркәсібі  «Племптица»ЖШС (жұмыртқа, құс еті мен субөнімдер өндірісі), «Восход – Молоко» ЖШС (сүт және қышқыл сүт өнімдері),  «Красный Яр»ЖШС (ұн және макорон өнімдерінің өндірісі),  «Ших»ЖШС (қарақұмық және бұршақ өндірісі), «ПКФ Шахан – Ата» ЖШС (нан өнімдері), сонымен қатар өсімдік майын, кондитерлік өнімдер, жұмыртқа және т.б. өндірісімен айналысатын басқа да кәсіпорындар.

Ағаш өңдеу ішкі саласы  дайын ағаш өнімдерін, дайындамаларды, терезе және есік блоктарын және т.б. өнімдер өндірісіне мамандандырылған шағын бизнес субъектілерімен («Вега-плюс»ЖШС, «Юккор»ЖШС,  «Кенес и К»ЖШС,  «Чароит»ЖШС,  «Лесник»ӨК және т.б.)

Жеңіл өнеркәсіп «Гретта»ЖШС (тігін бұйымдар өндірісі: төсек-орын жамылғылары, арнайы киім, сыртқы киім және т.б.), «Меир»ЖШС (шахталық, желдеткіш қолғаптар өндірісі) және ауданның жеке кәсіпкерлерімен ұсыналыды.

Жер ресурстары

Ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлер – 193720,02 га

Елді мекендердің жерлері – 49532 га

Өнеркәсіптік жерлер – 7729,55 га

Орман қоры – 297502 га

Су қоры – 2900 га

Босалқы жерлер – 35133,43 га

Еңбек ресурстары

Жұмысқа жарамды халық – 35804 адам

Жұмыссыз халық – 1630 адам

Жалпы жұмыспен қамтылған халық – 9492 адам

Ауыл шаруашылығы саласында – 456 адам (4,7%)

Өнеркәсіпте – 4046 адам (41,3%)

Оның:

Тау-кен өндіру – 2818 адам (28,8%)

Өңдеу – 965 адам (9,9%)

Электрмен қамтамасыз ету – 263 адам (2,7%)

Кадрлар әлеуеті

Өнеркәсіптегі электр механикалық құрал-жабдықтар (түрлері бойынша):

электр құрал-жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электромонтер – 60 адам

Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша): электрмен дәнекерлеу – 89 адам

Ғимараттар мен құрылыстар салу және пайдалану: сылақшы – 46 адам

Фермерлік шаруашылық:

Аспаз – 68 адам,

Тракторшы – ауыл шаруашылығы өндірісінің машинисі – 49 адам

Ауыл шаруашылығын механикаландыру: техник-механик – 26 адам

Инвестициялық әлеуеті

  1. 1. «Предгорное а. бұрынғы майды экстракциялау зауытын қайта жаңарту» -  «Сары - Бұлақ» Компаниясы» ЖШС. Жылына 150 тоннаға дейін күнбағысты өңдеу жоспарланып отыр. қазіргі кезде құрылыс-жөндеу, ескі жабдықты бұзу және т.б. жұмыстар жүріп жатыр. 2 млрд. теңгеден артық инфестиция құйылды. Жобаны іске асыру мерзімі 2018 жыл. 

    2. «Глубокое к. арматура өндіру жөніндегі болат балқыту зауытын салу» - «СПЗ Глубокое» ЖШС. Жылына 50-ден 100 мың тоннаға дейін дайын өнім өндіру. Жобаны іске асыру мерзімі 2018 жыл.

Кадрлар ресурстарында қажетсіну

  • Жоғары және ЖОО кейінгі білімі бар мамандар:

Ауыл шаруашылығы саласындағы:

Зоотехник – 1 адам;

Мал дәрігері – 1 адам;

Өндірісте:

Элетр инженері – 2 адам;

Механика инженері – 2 адам;

Білім және денсаулық сақтау саласында:

Мұғалдім (жалпы білім бері пәндерінің) – 15 адам;

Құрылыс және коммуналдық шаруашылықта:

Құрылыс инженері – 1 адам;

Өзге салалар:

Орманшы - 1адам;

Бағдарламашы – 1 адам;

Бухгалтер – 2 адам.техникалық және қызмет көрсету еңбегінің мамандары:

Ауыл шаруашылығы саласында:

Тракторшы – 12 адам

Өндірісте:

Проходщик – 6 адам

Білім және денсаулық сақтау саласында:

Медбике – 1 адам

Құрылыс және коммуналдық шаруашылықта:

Құрылысша техник – 2 адам

Өзге салалар:

Хатшы референт – 2 адам

Төбе жабушы – 6 адам

Ағаш шебері – 4 адам

Тігінші – 4 адам

Туристік әлеует

 «Алтайские Альпы» демалыс базасы

 

"Алтайские Альпы" демалыс базасы Глубокое ауданының керемет әдемі жерінде орналасқан.  Оны тегін біздің «Швейцария» деп атамайды.   Бүкіл қыс бойы ерекше тау шаңғы базасы тау шаңғысы мен сноубордты, қысқы көрініс пен таза ауаны ұнататын туристерді қабылдайды. Жазғы кезеңде балалар лагері жұмыс істейді.