• Мобильді үстемені жүктеу

«KAZAKH INVEST» Басқарма Төрағасы ҚХР-дың Қазақстандағы елшісімен кездесті

Астанада «Kazakh Invest» Басқарма Төрағасы Сапарбек Тұяқбаев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшісі Ханьхуэй Чжан мырзамен кездесті. Кездесу барысында тараптар «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберіндегі инвестициялық әріптестік сұрақтарын талқылады.

Қытай Қазақстанның қабылданған 2018 – 2022 жылдарға арналған Ұлттық инвестициялық стратегиясына сәйкес, инвестицияларды тартуға арналған басымдықты шет елдері тізіміне кіреді. Ынтымақтастықтың индустриалды-инвестициялық бағдарламасы жалпы сомасы $ 27 млрд. доллардан астам 51 жобадан тұрады.

Тараптар кездесу барысында, Қазақстанның Қытай үшін Орталық Азиядағы ірі сауда серіктесіне және Еуразия аймағындағы инвестициялар салатын ірі объектісіне айналғанын атап өтті. Ляньюньган қытайлық-қазақстандық логистикалық терминалы, Қазақстанға Азия-Тынық мұхит аймағына теңізге шығатын орынға қол жеткізуге мүмкіндік берді. Қазақстанның темір жолдары Қытайдың Еуразиялық трансконтиненталдық дәлізіне кіруіне мүмкіндік береді.

«Бір белдеу, бір жол» жаңа бағдарламасы» Қазақстандағы шетелдік инвесторларға үлкен перспективалар ұсынады. Біз инфрақұрылымдық жобалар, шикізаттық емес сектор шеңберінде іс жүзіндегі өзара қарым-қатынасты күшейтуге ниеттіміз», - деп атап өтті «Kazakh Invest» басшысы Сапарбек Тұяқбаев.

ҚХР ҚР Елшісі Ханьхуэй Чжан өз кезегінде Қытай компанияларының Қазақстан нарығындағы іскерлік белсенділіктерінің ауқымының кеңеюіне мүдделілігін көрсетті.

Қытайлық инвестициялардың негізінен, жеңіл өнеркәсіп, жаңа технологиялар, халық тұтынатын тауарлары өндірісі, металлургия, мұнай мен газды өңдеу, химия өнеркәсібі, машина құрастыру, энергетика, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу, көлік және логистика тәрізді салаларға тартылатынын айта кету қажет.

Жобалар негізінен экспортқа бағдарланған өнімдер өндірісіне бағытталған.

 

http://invest.gov.kz/ru/news/predsedatel_pravleniya_kazakh_invest_vstretilsya_s_poslom_knr_v_kazahstane