• Мобильді үстемені жүктеу

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Америка инвестициялық дөңгелек үстел жұмысына қатысты

Мемлекет басшысы іскер топтар өкілдерімен бірқатар кездесулер соңында Қазақстан-Америка инвестициялық дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

Іс-шараға АҚШ-тың ірі компанияларының Chevron, ExxonMobil, Fluor, Shell USA, The Solar Turbines, S&P Global, Centrus Energy Corporation, Boeing, Amway, GE International Markets, Honeywell UOP, Philip Morris, Procter & Gamble, Baker Hughes, John Deere, Bechtel, Halliburton, Valmont, Champion Foods, PepsiCo, MasterCard, Citi, McLarty Associates, Macro-Advisory LTD, Private Equity Fund RCF, Brownstein Hyatt Farber Schreck, Greenenberg Traurig LLP, Microsoft, Coursera, StartX, EPAM, Wabtec Corporation, Zscaler, DoorDash, Amazon, Pfizer, Medtronic, Netflix басшылары қатысты.

Президент мұндай форматтағы кездесу жақсы дәстүрге айналғанын атап өтіп, АҚШ Сауда палатасы мен Іскерлік кеңес мүшелеріне осы іс-шараны ұйымдастыруға көмектескені үшін ризашылығын білдірді.

Мемлекет басшысы өз сөзінде Әділ Қазақстанды құруға бағытталған ауқымды саяси және экономикалық реформаларды іске асыру туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Қазақстан көшбасшысы Қазақстанның экономикалық әлеуеті және инвестициялық тартымдылықты арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, көлік-логистика, цифрландыру, қаржы және жаңартылатын энергия көздері салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктері туралы айтты.

Мемлекет басшысы Қазақстанда Американың жаңа ірі кәсіпорындарының пайда болуын құптады.

Қазақстан басшысы Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық экономикалық серіктестік алдағы уақытта да барлық секторларда әртараптандырылып, кеңейе беретінін атап өтті.

— Менің командамның инвестициялар тартуға жәрдемдесуде мол тәжірибесі бар, бұл сіздің компанияларыңызға өңірдің ең жылдам дамып келе жатқан экономикаларының бірінде бизнес жүргізуді жеңілдетеді. Бүгінгі кездесу сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты ілгерілетуде, сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуда практикалық қадам болады деп үміттенемін, - деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 Касым-Жомарт Токаев принял участие в работе казахско-американского инвестиционного круглого стола — Официальный сайт Президента Республики Казахстан (akorda.kz)