• Мобильді үстемені жүктеу

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы шетелдік дипломатиялық корпустың назарын аударды

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы қыркүйек – Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде шетелдік дипломатиялық корпус өкілдерімен бірлесіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауын онлайн-қарау өтті.

Іс-шараға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко бұл Жолдау Мемлекет Басшысының а.ж. наурызда қаңтардағы қайғылы оқиғалардан кейін бастамашылық еткен Қазақстандағы ірі ауқымды өзгерістердің жаңа маңызды бастамасы болып табылатынын атап өтті.

Шетелдік дипломаттар саяси және экономикалық реформалардың жаңа бағдарламасына ерекше қызығушылық танытты. Осылайша, Палестина Елшісі - шетелдік дипломатиялық корпустың дуайені Мунтасер Абу Зейд «жаңа реформалар мен бастамалар Қазақстан мен басқа елдер арасындағы саяси және дипломатиялық қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді» деп атап өтті. Ол сондай-ақ «реформалар мен таяудағы конституциялық түзетулерді көрсететін жаңа Қазақстан саяси, экономикалық және гуманитарлық қатынастар үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады» деген үмітін білдірді.

Өз кезегінде брифингке қатысқан АҚШ конгрессмендері Джеймс Паннета мен Томас Суози біздің елімізге жұмыс сапарымен келіп, Мемлекет басшысының жаңа реформаторлық бастамаларын құптады. Олар Вашингтонда Қазақстандағы адам құқықтарын күшейту және демократияландыру үдерістерін қолдауды жалғастыруға дайындығын ерекше атап өтті.

БАҚ-қа арналған түсініктемелерде Еуропалық Одақ өкілдігінің басшысы Елші Кестутис Янкаускас инвестициялық жобалар саласындағы рәсімдерді оңайлатуға назар аудара отырып, Қазақстан басшысының әлеуметтік-экономикалық реформаларына қолдау білдірді, бұл шетелдік компанияларды тартуға одан әрі ықпал ететін болады.

Беларусь Елшісі Павел Утюпин Президенттің Жолдауы дипломатиялық корпус үшін Қазақстан экономикасына бірлескен инвестиция салумен белсенді айналысуға шақыру болып табылатынын атап өтті.

 Послание Главы государства народу Казахстана привлекло внимание иностранного дипкорпуса (www.gov.kz)