• Мобильді үстемені жүктеу

Ә. Смайылов шетелдік инвесторлармен жаңа жобалардың іске қосылуын талқылады

 

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-ші пленарлық отырысына қатысу үшін Нұр-Сұлтанға келген Еуропалық қайта құру және даму банкінің, Glencore және Philip Morris International компанияларының басшыларымен ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды primeminister.kz.

Әлихан Смайылов және ЕҚДБ Президенті Одиль Рено-Бассо ханым Қазақстан экономикасын декарбонизациялау және әртараптандыру, сондай-ақ банк секторы мен көлік-логистика саласын дамыту бойынша екіжақты өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін қозғады.

Серіктестіктің өткен 30 жылында қаржы, инфрақұрылым, ШОБ, агроөнеркәсіптік кешен және цифрландыру сияқты басым салаларда $11 млрд-қа 300-ге жуық жобаны іске асыруға қол жеткізілгені атап өтілді.

«ЕҚДБ-ның экономикалық және технологиялық саясат жөніндегі пәрменді ұсынымдар тұрғысынан да, қаржы ресурстарына қолжетімділік тұрғысынан да Қазақстан экономикасын қолдау жөніндегі тұрақты күш-жігері біздің орнықты дамуға деген ұмтылысымызда баға жетпес мәнге ие. Осыған байланысты тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға үміттенеміз», - деді Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде Одиль Рено-Бассо ЕҚДБ айтылған секторларда біздің елмен бірлесіп жобаларды іске асыруда үлкен әлеуетті көріп отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта банк декарбонизацияға, жасыл технологиялар мен жаңартылатын энергия көздерін дамытуға салынатын инвестициялар үлесін ұлғайтуда, бұл Қазақстан үшін де жақын перспективаға қызықты болуы мүмкін.

Glencore компаниясының бас директоры Гэри Нейглмен кездесу аясында Қазақстанда жаңа жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды.

Біздің еліміз Glencore сияқты стратегиялық серіктестермен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты одан әрі құруға дайын екендігі атап өтілді.

«Компания Қазақстанның тау-кен өндіру саласында маңызды рөл атқарады. Біз әріптестіктің жолға қойылған дәстүрлерін сақтауға және өзара іс-қимылдың жаңа нүктелерін дамытуға ниеттіміз», - деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Philip Morris International компаниясының Шығыс Еуропа бойынша президенті Марко Мариоттимен әңгіме барысында ҚР Премьер-Министрі компания Қазақстанның бизнес жүргізу орны ретіндегі оң имиджін нығайтуға елеулі үлес қосқанын атап өтті.

https://24.kz/ru/news/economyc/item/548788-zapusk-novykh-proektov-obsudil-a-smailov-s-inostrannymi-investorami