Әлихан Смайылов Сэр Сума Чакрабартимен кездесу өткізді
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Реформалар жөніндегі Жоғары кеңес төрағасының орынбасары Сэр Сума Чакрабартимен кездесу өткізді, оның барысында Қазақстанның макроэкономикалық дамуы, «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметі, сондай-ақ инвестициялар тарту мәселелері талқыланды.
Кеңесте қазіргі уақытта әлемде жаһандық және өңірлік логистикалық тізбектердің бұзылуы, қаржы және шикізат нарықтарындағы құбылмалылықтың артуы, инфляциялық қысымның ұлғаюы байқалатыны атап өтілді.
Туындайтын тәуекелдерді жұмсарту үшін ҚР Үкіметі қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, инфляцияны бақылау мен төмендетуге, сыртқы сауда қызметін ынталандыруға, экономика салаларын қолдауға және инвестициялар тартуға бағытталған дағдарысқа қарсы қажетті шараларды қабылдауда.
Экономиканың нақты секторы үшін сыртқы экономикалық жағдайдың нашарлауының салдарын бейтараптандыру мақсатында 2022 жылға 1,2 трлн теңге бөлу көзделген. Бұл қаражат өңдеу өнеркәсібін қолдауға, АӨК, автомобиль жолдарын дамытуға, кәсіпкерлердің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға және кепілдендіруге және т.б. бағытталатын болады.
Сэр Сума Чакрабарти бұл шаралар тиімді және уақтылы екенін атап өтті. Бұл ретте, оның айтуынша, қазіргі трендтерге ғана емес, олардың ұзақ мерзімді салдарларын да ескеру маңызды.
Кеңес барысында сондай-ақ АХҚО-ның 27-29 маусым аралығында өңірдегі ең ірі қаржылық конференциялардың бірі - Astana Finance Days өткізу жөніндегі жоспарлар талқыланды. Оның шеңберінде Қазақстанның жаңа экономикалық реформаларын, инвестициялық мүмкіндіктері мен әлеуетті өсу нүктелерін, оның ішінде көрнекті халықаралық сарапшылардың қатысуымен талқылау жоспарлануда.
Кеңестің тағы бір мәселесі Қазақстанға тікелей шетелдік инвестицияларды тарту болды.
Осылайша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша республика инвестициялар ағынының «пандемияға дейінгі» деңгейіне оралғаны атап өтілді. Өткен жылы $3,6 млрд құрайтын сомаға 44 жаңа инвестициялық жоба пайдалануға берілді.
Қазіргі уақытта отандық және шетелдік инвесторлар үшін 54$ млрд сомасына іске асырылған және әлеуетті 761 жобаның пулы пысықталды және жарияланды.
«Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін Үкімет 2026 жылға дейінгі инвестициялық саясаттың жаңа тұжырымдамасын бекіту бойынша жұмыс жүргізуде. Жаһандық трендтерді ескере отырып, қайта өңдеу өнеркәсібіне, агроөнеркәсіптік кешенге, фармацевтикаға және көлік-логистикалық инфрақұрылымға инвестициялар тарту бойынша жұмыс жалғасады», - деп атап өтті ҚР Премьер-Министрі.
https://primeminister.kz/ru/news/alihan-smailov-provel-vstrechu-s-serom-sumoy-chakrabarti-341013