• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстанда отандық және шетелдік инвесторлардың іске асырылып жатқан инвестициялық жобаларының пулы жарияланды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау аясында ағымдағы жылдың ақпан айында Қазақстанда іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың бірыңғай пулы құрылды.

Үкімет инвестициялық жобалар пулын әзірледі, оған отандық және шетелдік инвесторлардың кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары енгізілді. Пулға шикізаттық емес секторлардағы құны 500 млн теңгеден асатын отандық және шетелдік инвесторлардың кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары енгізілген.

Пул жалпы сомасы шамамен 24,14 трлн теңге болатын әлемнің 30-дан астам елінен 761 инвесторлар жобасынан тұрады және 108 мыңнан астам жұмыс орындарын құруды көздейді.

ПУЛ ЖОБАЛАРЫНЫҢ МЫСАЛДАРЫ

Инвестициялық жоба

Инвестордың елі

Өңір

Жобаныңсомасы

(млн теңге)

Жұмысорындары

1.

Кальцийленген сода өндірісі

Түркия

Жамбыл облысы

200 000

350

2.

Техникалық кремний өндірісі

БАӘ

Павлодар облысы

35 000

380

3.

1000 га қарқынды бақша салу және сақтау мен өңдеу цехтарын салу

Швейцария

Алматы облысы

32 833

199

4.

Өнеркәсіптік жылыжай құрылысы

Польша

Түркістан облысы

7 000

150

 Жобалардың толық тізімі Сыртқы істер министрлігінің, Ұлттық экономика министрлігінің, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мен АХҚО-ның ресми сайттарында жарияланды және қолжетімді. Бұдан басқа, салалар бөлінісінде жобалар бейінді министрліктердің сайттарында, өңірлер бөлінісінде — қалалар мен облыстар әкімдіктерінің сайттарында жарияланды. Жарияланған ақпарат шеңберінде мынадай деректер ұсынылған: жобаның атауы, инвестор елі, іске асырудың басталу күні және болжамды пайдалануға беру күні, өңір, жауапты мемлекеттік орган, инвестициялар сомасы және жұмыс орындарының саны.

Жобалар бойынша ақпарат әр түрлі сатылардағы жобалардың дамуына байланысты тоқсан сайынғы негізде жаңартылуы мүмкін.

 Инвестициялық жобалардың бірыңғай пулы

https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/v-kazakhstane-opublikovan-pul-realizuemykh-investitsionnykh-proektov-otechestvennykh-i-zarubezhnykh-/