• Мобильді үстемені жүктеу

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесу өткізді

Мемлекет басшысы бейнеконференция байланысы режимінде Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстанда транзиттік тасымалдау, экономиканы көміртексіздендіру, қаржы секторы саласындағы бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚДБ-мен ұзақ мерзімді өзара тиімді ынтымақтастықтың оң динамикасын қанағаттанушылықпен атап өтті.

– Біздің өзара іс-қимылымыздың шеңберінде жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Қазақстан Үкіметі мен ЕҚДБ арасындағы тиімді ынтымақтастық одан әрі дамитынына сенімдімін, - деді Мемлекет басшысы.

Одиль Рено-Бассо 16 наурызда Қазақстан халқына Жолдауында баяндалған Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан реформаларды құптады.

ЕҚДБ басшысы сондай-ақ көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша Қазақстан мәлімдеген мақсат шеңберінде ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін растады.

Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Одиль Рено-Бассоны Қазақстанға кезекті сапармен келуге шақырды.

 https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/kasym-zhomart-tokaev-provel-vstrechu-s-prezidentom-evropeyskogo-banka-rekonstruktsii-i-razvitiya-odi/