• Мобильді үстемені жүктеу

Fitch Ratings Қазақстанның кредиттік рейтингін растады

Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның егемен кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты».

Коронавирус пандемиясы кезінде тұрақтылықты көрсеткен күшті фискалдық және сыртқы теңгерімдер Қазақстанның рейтингін қолдайтын негізгі факторлар болып табылады.

Талдаушылардың айтуынша, елдің мемлекеттік қарызы төмен деңгейде қалды, ал таза егемен активтер әлдеқайда жоғары. Сонымен қатар, Fitch болжамына сәйкес, Қазақстан орта мерзімді кезеңде таза кредитор болып қалады.

Талдаушылардың болжамдары бойынша валюта бағамының тұрақтылығы, өнімділіктің артуы, ЖЗҚ жинақтардың алынуының төмендеуі инфляция деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, Fitch өз есебінде реттеу мен қадағалауды жақсарту бойынша жүргізілген іс-шаралардың салдарынан соңғы жылдары банк секторы көрсеткіштерінің жақсарғанын атап өтті. Атап айтқанда, сарапшылар NPL деңгейінің төмендегенін, банктердің жоғары өтімділігі мен кірістілігін атап өтті.

Рейтинг агенттігінің пікірінше, қаңтар айындағы оқиғалар ел экономикасына айтарлықтай әсер еткен жоқ. Банк секторының көрсеткіштері тұрақты деңгейде қалады.

Жалпы, таяудағы 2 жылда ауыл шаруашылығы секторының өсуі мен ірі инвестициялық жобаларды іске асырудың арқасында Қазақстан экономикасының өсімі 4% деңгейінде болады деп күтілуде.

https://primeminister.kz/ru/news/fitch-ratings-podtverdilo-kreditnyy-reyting-kazahstana-514623