Қазақстан СІМ ірі инвесторлармен келіссөздер жүргізуде
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі елдегі инвестициялық ахуалды қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізуде. Дипломаттар 700 ірі компанияның өкілдерімен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.
Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровтың айтуынша, ведомствоның алдында Қазақстанның өзінің инвестициялық міндеттемелеріне қатысты тұрақты екенін дәлелдеу бойынша үлкен міндет тұр.
Мәселен, СІМ-де Exxon Mobil компаниясының өңірлік директорымен кездесу өтті. Айта кетейік, бұл ірі мұнай корпорациясы Қазақстанда 1993 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде салынған инвестициялар көлемі 22 млрд долларды құрады.
Алмас Айдаров, ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары:
- Инвесторлар кеңесінің мүшелері, қазір барлық осы компаниялармен кездесулер өткізудемін. Бұл шамамен 30 компания. Шетелде біздің мекемелеріміз, елшілеріміз сол жерде орналасқан компаниялардың бас кеңселерімен кездесулер өткізуде. Біз 700-ге жуық компанияны қамтыдық. Exxon Mobil тәрізді үлкен компаниялар алаңдаушылық тудыруда. Олар Қазақстандағы жағдайға ғана емес, жаһандық деңгейде айналамызда болып жатқан жағдайды да талқылайды. Жалпы біз қазір қолда бар сандарға қараймыз, мысалы, Қазақстан экономикасына инвестициялардың өсуі 50% құрады.
https://24.kz/ru/news/economyc/item/523904-mid-kazakhstana-vedet-peregovory-s-krupnymi-investorami