• Мобильді үстемені жүктеу

Мағзұм Мырзағалиев АҚШ дипломатиялық миссиясының өкілімен ЖЭК дамыту мәселелерін талқылады

ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы миссиясы басшысының орынбасары Джуди Куомен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында ЖЭК дамыту, мұнай-газ кешенін дамыту перспективалары, энергетикалық көшу және АЭС салу мәселелері талқыланды.

Өз кезегінде, Энергетика министрі 2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасында теңдікке, адал бәсекелестікке және ашықтыққа негізделген халықаралық аукциондық сауда-саттықтың ашық тетігі қолданылатынын айтып, америкалық тарапты 2022 жылы өтетін аукциондарға қатысуға шақырды.

Анықтама үшін: 2018 жылдан 2021 жылға дейін ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондарға 1705 МВт шығарылды. Аталған кезеңде әлемнің 12 елінен 196 компания қатысты. Сондай-ақ, Джуди Куо ханым "Development Finance Cooperation" американдық дамуды қаржыландыру институтын құру туралы ақпаратпен бөлісті және олардың АҚШ-тың ЖЭК саласындағы инвестицияларының негізгі бағыттарының бірінде Орталық Азиядағы негізгі серіктес ретінде Қазақстанмен ынтымақтасуға қызығушылықтары туралы хабарлады.

https://24.kz/ru/news/economyc/item/518829-magzum-mirzagaliev-obsudil-s-predstavitelem-dipmissii-ssha-voprosy-razvitiya-vie