• Мобильді үстемені жүктеу

Миланда инвестициялық бизнес-форум өтті

Милан, 2021 жылғы 13 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде Миланда Ломбардия өңірі үкіметінің, қазақ-итальян сауда қауымдастығының (ACIK) және "Kazakh Invest" Ұлттық компаниясы" АҚ қолдауымен Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшілігінің ұйымдастыруымен "Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы және пандемия кезеңінде Қазақстан мен Италия арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту" тақырыбында бизнес-форум өтті.

Іс-шарада қазақстандық тараптан "Kazakh Invest" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғали және Kazakh Tourism Ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақасов, мұнай-газ машинасын жасауды дамыту халықаралық орталығының бас директоры Марат Кәрімов, сондай-ақ Н.Назарбаев Қоры мен "СК-Фармация" ЖШС өкілдері сөз сөйледі. Италия тарапынан Италия парламентінің депутаты – "Қазақстан-Италия" достық тобының мүшесі Марко Оснато, Қазақстан-Италия сауда палатасының президенті Паоло Гирелли және итальяндық компаниялардың өкілдері сөз сөйледі.

Бизнес-форумды ашқан Қазақстан Елшісі Ерболат Сембаев өзінің алғы сөзінде 30 жыл ішінде біздің еліміз прогрессивті дамып келе жатқан экономикасы бар әлемдік қоғамдастық мойындаған заманауи демократиялық мемлекетке айналғанын атап өтті.

Сондай-ақ, ол Қазақстанның Италиямен қарым-қатынасына ерекше мән беретінін, оны маңызды стратегиялық серіктестердің бірі ретінде қарастыратынын атап өтті. "Тәуелсіздік кезеңінде біздің елдеріміз арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың берік архитектурасы құрылды", - деді Елші.

Бизнес-форумға итальяндық компаниялардың 50-ден астам басшылары мен өкілдері, сондай-ақ онлайн режимде 130-дан астам қатысушы қатысты. Іс-шарада Қазақстанның инвестициялық және туристік мүмкіндіктері мен екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективалары таныстырылды.

Форумға қатысушылардың назарына Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған фотокөрме, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев пен қазақтың ұлы ойшылы, ақыны Абай Құнанбаевтың кітаптары ұсынылды.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/region-news/details/7260?lang=ru