• Мобильді үстемені жүктеу

Дүниежүзілік банк негізгі реформалар мен Қазақстан экономикасын тұрақты қалпына келтіруге қолдау көрсетуді жалғастыруға ниетті деп мәлімдеді Вице-президент Анна Бьерде

НҰР-СҰЛТАН, 2021 жылғы 14 қараша – Еуропа және Орталық Азия аймағы бойынша Дүниежүзілік банктің вице-президенті Анна Бьерде Бүгін Қазақстанға ресми сапарын аяқтады.

«Қазақстан жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған реформалар аясында өзінің экономикалық дамуындағы жаңа тарауды бастады. Дүниежүзілік банк біздің серіктестігімізді кеңейтуге және бәсекеге қабілетті ортада жұмыс істейтін серпінді жеке сектордың басым болуымен және есеп беретін және ашық мемлекеттік сектордың болуымен жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті нарықтық экономикаға айналуға көмектесуге дайын, – деді Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия аймағы бойынша Вице-президенті Анна Бьерде. - Біз Қазақстанның ең маңызды активі – оның адамдарына – әсіресе декарбонизация процесі тұрғысынан назар аударуды жалғастырамыз, ол технологиялар, жаңа жұмыс орындарын құру және инновациялар арқылы жаңа мүмкіндіктер ашады".

Экономиканың экологиялық және әлеуметтік бағдарланған тұрақты өсуі үкімет өкілдерімен талқылауда басты орынға ие болды, өйткені ел 2050 жылға қарай  "жасыл"  экономикаға көшуге және 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге тырысады.

Бьерде ханымның сапары БҰҰ-ның Глазго қаласындағы климаттың өзгеруі жөніндегі 26-шы конференциясының (COP-26) аяқталуымен тұспа-тұс келді, оның барысында Қазақстан 2060 жылы көміртегі бейтараптығына қол жеткізу, жылыжайлық  газдар шығарындыларын 15%-ға азайту және 2030 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 20%-дан 38%-ға дейін арттыру бойынша өз міндеттемелерін растады. Сондай-ақ, Қазақстан 2025 жылға қарай 2 миллиардтан астам ағаш отырғызу арқылы көміртекті сіңірудің ұлттық әлеуетін кеңейту жоспарлары туралы жариялады.

Дүниежүзілік банк 30 жыл бойы Қазақстанның қаржы мен әлеуметтік қызметтерден бастап инфрақұрылымға дейінгі түрлі секторларды дамытудағы маңызды серіктесі болып табылады. Осы уақыт ішінде қаржыландырудың жалпы сомасы 8 млрд. астам АҚШ долларын құрады.

2022 жылы Дүниежүзілік банк пен Қазақстан жеке сектор басымдылығына,  білімге негізделген, әртараптандырылған экономикасы бар қазіргі заманғы қоғамға айналдыруға елге жәрдем көрсетуге бағытталған әріптестіктің 30 жылдығын атап өтеді.

https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/vsemirnyy-bank-nameren-prodolzhat-podderzhku-klyuchevykh-reform-i-ustoychivogo-vosstanovleniya-ekono/