• Мобильді үстемені жүктеу

ШЫҰ Хатшылығында Қазақстанның инвестициялық әлеуеті таныстырылды

Пекин, 2021 жылғы 30 маусым – Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Хатшылығының ғимаратында "Орталық Азия елдерінің инвестициялық әлеуеті – ШЫҰ шеңберінде бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері мен болашағы" форумы өтті.

Іс-шараны ШЫҰ Хатшылығы мен "Қытай-ШЫҰ" Өңірлік сауда-экономикалық ынтымақтастық аймағының Әкімшілік комитетінің (Циндао қ.) қолдауымен шетелде кәсіпорындарды дамыту жөніндегі қытай қауымдастығы (CODA) ұйымдастырды.

Форумға 100-ден астам адам қатысты, оның ішінде ірі қытай компанияларының топ-менеджерлері, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және БАҚ өкілдері, олардың алдында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның (ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің) сауда-экономикалық әлеуеті, сондай-ақ олардың инвестицияларды қолдау саласындағы саясаты таныстырылды.

"Kazakh Invest" ҰК" АҚ, "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ және "Астана" халықаралық қаржы орталығы ҚХР-да аккредиттелген өкілдіктерінің басшылары Қазақстандағы іскерлік ахуал туралы, сондай-ақ елдегі инвестициялық мүмкіндіктер туралы қытай кәсіпкерлеріне айтып берді.

Сонымен қатар, форум аясында панельдік сессия ұйымдастырылды, онда Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Ғабит Қойшыбаев қатысушыларды Қазақстанның экономикалық дамудағы жетістіктерімен, Қазақстан-Қытай сауда-экономикалық ынтымақтастығының перспективалық бағыттарымен, сондай-ақ елдегі инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту үшін ҚР Үкіметі қабылдап жатқан шаралармен таныстырды.

Іс-шара соңында В2В форматындағы іскерлік кездесулер сериясы өтті, оның барысында мүдделі тараптар нақты келіссөздер жүргізіп, ынтымақтастықтың алдағы қадамдарын талқылай алды.

 https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/region-news/details/4991?lang=ru