• Мобильді үстемені жүктеу

INTERNATIONAL IFPA мен KAZAKH INVEST серіктестікт жөніндегі Меморандумға қол қойды

"KAZAKH INVEST"ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың NTERNATIONAL ISLAMIC FOOD PROCESSING ASSOCIATION Бас директоры Е.П. Шейх Билал Ханмен кездесуі барысында тамақ өнеркәсібіне шетелдік инвесторларды тарту саласындағы екіжақты ынтымақтастық болашағы талқыланды.

Кездесу аясында "IFPA" коммерциялық емес ұйымының басшысы Е.П. Шейх Билал Хан Ислам қаржысы мен Қазақстан Республикасының аграрлық азық-түлік секторына инвестициялардың қолжетімділігін қолдау және тамақ өнеркәсібіндегі Іскерлік байланыстар мен стратегиялық әріптестіктерге жәрдемдесу бойынша ынтымақтастыққа мүдделілігін хабарлады.

Сонымен қатар, тараптар Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы елдеріндегі тамақ өнімдерін өндірушілер арасындағы екіжақты өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Е.П. Шейх Билал Хан ИЫҰ-ға мүше елдер арасындағы тауарлар мен қызметтер алмасудағы кедергілерді жоюда Қазақстанға көмек көрсету мүмкіндігін атап өтті.

Келіссөздер барысында "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов түрлі салалық жеңілдіктер мен преференцияларды қамтитын шетелдік инвесторларды мемлекеттік қолдау жүйесі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ, ол ҚР-дағы өңдеу секторының аса маңызды және перспективалы тауашаларының бірі ретінде АӨК саласын дамыту қажеттілігінде ынтымақтастық мүмкіндігін атап өтті. Айта кету керек, азық-түлік өнеркәсібі саласындағы жобаларды жүзеге асырумен қатар, тараптар аграрлық инвестициялық қорды құруға қатысты бірқатар тақырыптарды талқылады.

 Кездесу қорытындысы бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды, бұл "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ исламдық инвестицияларды тарту үшін аграрлық азық-түлік инвестициялық жобаларды "IFPA" - мен бөлісуге, сондай-ақ оларды ИЫҰ және АҚИҰ-ға мүше елдерде ілгерілетуге мүмкіндік береді.

Анықтама: IFPA коммерциялық емес ұйым болып табылады, ол Ислам Ынтымақтастық Ұйымына/Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымына ("ИЫҰ/АҚИҰ") мүше елдердегі компаниялардың агроазық-түлік тауарлары экспортының өсуіне қызмет көрсету бойынша стратегиялық серіктестер арқылы, экспорттаушыларды импорттаушылармен және инвесторларды жобалармен байланыстыра отырып, сондай-ақ нарықтық ақпарат, оқыту/білім беру және іс-шаралар ұсына отырып және ИЫҰ/АҚИҰ-ға мүше елдердегі агроазық-түлік өнеркәсібінің жеке секторын қолдаумен айналысады.

https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/ifpa-i-kazakh-invest-podpisali-memorandum-o-sotrudnichestve/