• Мобильді үстемені жүктеу

Малайзияда Саравак штатымен инвестициялық ынтымақтастықты дамыту талқыланды

Куала-Лумпур, 2021 жылғы 19 маусым – Малайзиялық бизнес экономикалық белсенділікті қалпына келтіруге дайындалуда және қазақстандық нарыққа қызығушылық танытуда.

Малайзияда толық локдаун жағдайында Қазақстан Елшілігі "Kazakh Invest" ҰК" АҚ-мен, Саравак штатындағы ҚР Құрметті консулы Аванг Даудпен және осы штаттың малайзиялық іскер топтары өкілдерінің қатысуымен Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықты дамыту бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға инфрақұрылым, білім беру, мұнай-газ индустриясы және жабдықтар өндірісі салаларында жұмыс істейтін компаниялар қатысты.

Қазақстанның құрметті консулы іскер топтар үшін Қазақстанмен инвестициялық ынтымақтастықтың келешегі туралы брифинг өткізді. Өз кезегінде "Kazakh Invest" ҰК" АҚ Қазақстандағы іскерлік ахуал мен инвесторларды мемлекеттік қолдау құралдарының таныстырылымын өткізді.

Малайзиялық бизнес өкілдері Қазақстан нарығының мүмкіндіктеріне, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының қызметі мен мүмкіндіктеріне айтарлықтай қызығушылық танытты. Іс-шараға қатысушылар пандемияға байланысты шектеулерді алып тастағаннан кейін ынтымақтастықты егжей-тегжейлі талқылау үшін бизнес-делегацияның Қазақстанға сапарын өткізуге келісті.