• Мобильді үстемені жүктеу

Нидерланд компаниялары Қазақстанның АӨК-не 100 млрд теңге салады

Тұқымдық картоп өндіру, жылыжай салу бойынша жобаларды іске асыру туралы келісімдерге қол қойылды.

Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин Нидерландының жетекші агроөнеркәсіптік компанияларының — жылыжайлар, ауыл шаруашылығы жабдықтары, тұқымдар, өсімдіктерді биологиялық қорғау саласындағы әлемдік көшбасшылардың басшылығымен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Тараптар АӨК саласындағы ынтымақтастықты дамыту болшағын, оның ішінде Қазақстанның жылыжай кешендерін, тұқым шаруашылығын және ауыл шаруашылығының басқа да секторларын дамытуда бұлтты есептеулер, жасанды интеллект және басқа да инновациялық технологияларды енгізу болашағын талқылады. Келіссөздер қорытындысы бойынша "Kazakh Invest"ҰК" АҚ, "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КЕАҚ, Қазақстанның картоп және көкөніс өсірушілер одағы, "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ өкілдері, сондай-ақ бірқатар қазақстандық компаниялар Dutch Greenhouse Delta, Food Ventures, Rijk Zwaan, Solynta және Koppert Biological Systems-пен Қазақстанда жеміс-көкөніс шаруашылығын дамыту және тұқымдық картоп өндіру, өсімдіктерді биологиялық қорғау құралдары, ҚР жылыжай кешендерін салу, Түркістан облысында демонстрациялық станция мен жоғары технологиялық зерттеу орталығы бойынша бірлескен жобаларды іске асыруды көздейтін келісімдерге қол қойылды.

Аталған жобалар бойынша ҚР экономикасына салынған инвестициялардың жалпы сомасы 100 млрд теңгеден асады. Оларды іске асыру Қазақстанда жаңа сапалы жұмыс орындарын құруға, АӨК саласында озық технологиялар мен практиканы енгізуге, сондай-ақ Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін және экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Нидерландтық компаниялардың өкілдері Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарына және Алматыға өңірлер басшылығымен және қазақстандық серіктестермен бірлескен жобаларды іске асыру бөлшектерін талқылау үшін барады.

Қазақстанға келген нидерландық бизнес делегациясының құрамына KUBO, Dutch Greenhouse Delta, Van der Hoeven Horticultural Projects, Certhon, Gakon, Koppert Biological Systems, Food Ventures, Hoogendoorn, Svensson, Priva, HVA International, Dalsem, Rijk Zwaan және т. б. өкілдері кірді.

Қазақстанда Нидерландтық капиталдың қатысуымен 900-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді, олар ҚР экономикасының энергетикалық, машина жасау, құрылыс, көлік-логистика және агроөнеркәсіптік секторларында кеңінен ұсынылған. Нидерланды озық технологиялар мен агросекторды жүргізудің тиімді әдістеріне ие, жетекші орында тұр және АҚШ-тан кейінгі әлемдегі ауылшаруашылық өнімдерін екінші ірі экспорттаушы болып табылады.

https://kapital.kz/economic/96154/kompanii-niderlandov-vlozhat-100-mlrd-tenge-v-apk-kazakhstana.html