• Мобильді үстемені жүктеу

Түркия Қазақстанның ЖЭК және телекоммуникация салаларына инвестиция салуға ниетті

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Қазақстан аумағында бірнеше озық инвестициялық жобаларды іске асыру болашағын талқылау үшін «SINLAK HOLDING» ірі түрік компаниясының сапарын ұйымдастырды. «SINLAK HOLDING» басқарма төрағасы Сердар Шинлак пен «KAZAKH INVEST» Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов арасындағы кездесу шеңберінде инвесторға инвестициялық ахуал, қаржы құралдары, жобаларды іске асырудың негізгі артықшылықтары және Қазақстандағы инвестицияларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат ұсынылды. 

Өз кезегінде «SINLAK HOLDING» басқарма төрағасы Сердар Шинлак түрлі бағыттарда бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыру ниеті туралы хабарлады.

«SINLAK HOLDING» бірінші бағыты аясында алдағы уақытта 1000 МВт дейін кеңейтумен 100 мВт күн электр станциясын салу мүмкіндігін қарастыруда.

Сонымен қатар, түрік холдингі GSM (MNO / MVNO) телекоммуникация саласында өзіндік инновациялық шешімдерді қолдануға маманданған. «SINLAK HOLDING» «бес елдегі негізгі желілік операторлар ретінде британдық «LYCA Mobile» компаниясының серіктесі болып табылады. Инвесторлар қазақстандық телеоператорлармен ынтымақтастықты жолға қоюға және осы саланы дамытуға жәрдем көрсетуге ниетті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде одан әрі тығыз өзара іс-қимыл жасау туралы уағдаласты.

Айта кету керек, сапар аясында компания уәкілетті мемлекеттік органдармен, квазимемлекеттік сектор өкілдерімен және жергілікті серіктестермен бірқатар кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

Анықтама: SINLAK Holding-бұл әскери-өнеркәсіптік кешен, энергетика, телекоммуникация, БАҚ және жеке инвестициялар сияқты салаларда жұмыс істейтін 18 компаниядан тұратын топ. Holding 1962 жылы құрылған және Түркия мен халықаралық нарықтарда қорғаныс, энергетика және телекоммуникация саласындағы жетекші компаниялардың бірі болып табылады.

 https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/turtsiya-namerena-investirovat-v-kazakhstanskie-otrasli-vie-i-telekommunikatsiy/