• Мобильді үстемені жүктеу

Вадуц қаласында Қазақстан мен Лихтенштейн арасындағы екіжақты ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Вадуц, 2021 жылғы 11 мамыр – Вадуцқа жұмыс сапары барысында Қазақстанның Швейцариядағы және Лихтенштейндегі қоса атқарушы Елшісі Әлібек Бақаевты князьдік Үкіметінің басшысы Даниэль Риш қабылдады. Кездесуде тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі күн тәртібі мен даму перспективаларын талқылады.

Елші, сонымен қатар, Лихтенштейннің ресми және іскер топтарымен бірқатар кездесулер өткізді. Атап айтқанда, қазақстандық дипломат Вадуц бургомистрі Манфред Бишофпен екі елдің астаналары арасында экономика, қаржы, мәдениет және туризм саласында тікелей байланыстар орнату мүмкіндіктерін талқылады.

Лихтенштейн сауда-өнеркәсіп палатасының директоры Бригитта Хааспен кездесуде ынтымақтастықты институционалдық тереңдету мақсатында шарттық-құқықтық базаны кеңейту мүмкіндіктері талқыланды. 

 Әлемдік деңгейдегі қаржы орталығы ретінде танылған Лихтенштейн іскер топтарының назарын "Астана" халықаралық қаржы орталығымен ынтымақтастық болашағы аудартатынын атап өткен жөн. Елші А.Бақаевтың LGT Group банк холдингінің топ-менеджментімен кездесуі барысында осы бағыттың егжей-тегжейлі талқылануы өтті.

 Қаржы секторымен қатар Лихтенштейн экономикасының негізін өнеркәсіп (ЖІӨ-нің 40% - на дейін) қамтамасыз етеді. Сапар барысында Елші әлемдік деңгейде өз салаларында жетекші орын алатын Hilti, Balzers Optics, Ospelt Food, Hoval және Ivoclar Vivadent компанияларының басшылығымен ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері туралы келіссөздер жүргізді.

 Лихтенштейннің бизнес-қоғамдастығына Қазақстанның инвестициялық ахуалы мен экспорттық әлеуетінің артықшылықтары ұсынылды және Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысу ұсынылды.

 Сапардың маңызды тармақтарының бірі Қазақстан мен Лихтенштейн арасындағы мәдениет және өнер саласындағы алмасуды талқылау болды. Лихтенштейн Ұлттық музейінің директоры Райнер Фолькоммер мен Елші А.Бакаев Вадуцте Қазақстанға арналған тарихи және көркем көрмелерді өткізу мүмкіндіктерін талқылады.

Сапар Қазақстанның Лихтенштейндегі құрметті консулы Фолькер Шмидтің белсенді қатысуымен және жәрдемдесуімен өтті.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/region-news/details/4354?lang=ru