• Мобильді үстемені жүктеу

Қытайдың Фуцзянь провинциясының бизнесмендері Қазақстанға инвестиция салу мүмкіндіктерін қарастырады

KAZAKH INVEST Шанхайдағы ҚР Бас консулдығы және Фуцзянь провинциясы үкіметінің Коммерция департаменті ұйымдастырған Фуцзянь провинциясының Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі конференцияға қатысты. Іс-шараға Фуцзянь провинциясының 1000-нан астам кәсіпорындарың өкілдері қатысты.

KAZAKH INVEST-тің ҚХР-дағы Бас өкілі Қуаныш Амантай конференция қатысушыларына Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктерін, сондай-ақ ҚХР нарығында жоғары экспорттық әлеуетке ие қазақстандық өнімдерді өндіру бойынша инвестициялық ынтымақтастық мүмкіндіктерін таныстырды.

Өз кезегінде Фуцзянь провинциясының компаниялары өз қызметтерін таныстырды. Баяндамалар қорытындысы бойынша бірқатар компаниялар көлік және логистика, медициналық материалдар мен жеке қорғаныс құралдарын өндіру, сантехника, сондай-ақ электрондық сауда саласында инвестициялық ынтымақтастықты жолға қоюға қызығушылық танытты.

Фуцзянь провинциясына жұмыс сапары аясында ҚХР-дағы KAZAKH INVEST Өкілдігі ҚР-ның Шанхай қаласындағы Бас консулы Р.Рахимовтың Фуцзянь провинциясының «China Council for Promotion of International Trade» төрағасы Сю Минмен кездесуге қатысты. Кездесу барысында тараптар Фуцзянь мен ҚР кәсіпорындары арасындағы сауда және инвестициялық ынтымақтастық болашағын, сондай-ақ ағымдағы жыл ішінде ҚР инвестициялық ахуалын таныстыру бойынша бірлескен іс-шараны ұйымдастыру мүмкіндігін талқылады.

https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/biznesmeny-kitayskoy-provintsii-futszyan-rassmotryat-vozmozhnosti-investirovaniya-v-kazakhstan/