• Мобильді үстемені жүктеу

«Dubai Global Partnership Series: Kazakhstan» - Қазақстанға назар

2021 жылғы 24 ақпанда өткен онлайн-кездесуде өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы және ақпараттық технологиялар сияқты түрлі салалардағы БАӘ мен Қазақстан арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың мүмкіндіктері талқыланды.

 Сондай-ақ, іс-шара барысында қатысушылар әр түрлі бағыттағы сауда мүмкіндіктерін талқылап, сауда органдарының өкілдеріне сұрақтар қойып, екіжақты экономикалық қатынастардың соңғы оқиғалары туралы білді.

Іс-шараға Dubai Chamber of Commerce & Industry Төрағасы Маджид Аль Гурайр, Қазақстанның БАӘ Елшісі Мадияр Меңілбеков, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров, «Kazakh Invest» өкілі Азамат Қожанов, FDI Dubai басшысы Фахад Аль Гергави, сондай-ақ Dubai Chamber of Commerce & Industry директоры Омар Хан қатысты. 

«Инвестицияларды тарту үшін жаһандық және өңірлік бәсекелестіктің асқынуын назарға ала отырып, инвесторлармен белсенді жұмысқа жаңа тәсілдерді енгізу және инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді күшейту қажеттілігі туындайды» - дейді Азамат Қожанов. Ол үшін инвестицияларды басқарудың және инвесторлармен атаулы жұмыстың жаңа алгоритмі енгізілетін болады.

Қазақстан БАӘ инвесторлар тартуға мүдделі. Бұған бұрын әмірліктер тарапына АӨК, мұнай-химия, тау-кен металлургиясы және фармацевтика салаларында 30 жоба ұсынылған. Бүгінгі күні БАӘ бизнес өкілдерімен бірлесіп осы ұсыныстарды нақты пысықтау жүргізілуде.

Вебинарға БАӘ, Қазақстан, Алжир, ҚХР және т.б. қоса алғанда, 19 елден 200 астам қатысушы қатысқанын атап өту қажет.

https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/dubai-global-partnership-series-kazakhstan-fokus-na-kazakhstan/