• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстан және Германия «жасыл экономиканы» бірлесіп дамытуға ниетті

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр және герман компаниялардың басшылары онлайн кездесу өткізді, оның барысында «жасыл экономиканы» дамыту, карбонсыздандыру, шикізатты қайта өңдеу және сутек экономикасы саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Кездесуге 80 астам жетекші герман компаниялардың басшылары мен өкілдері қатысты, олардың арасында — Siemens Energy, Linde, Deutsche Bahn, REMONDIS, Deutsche Bank, Bayer, SAP, Goldbeck Solar және басқалар.

Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарушы директоры Михаэль Хармс екі елдің сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын дамытудың маңыздылығын атап өтті. 

Онлайн кездесу барысында жетекші германиялық компаниялардың басшылары жалпы «жасыл экономикан» дамыту перспективаларына, екі жақты ынтымақтастықтың әлеуетіне және бірлескен жобаларды іске асыруға ерекше көңіл бөлді. Кездесудің соңында «сұрақ-жауап» форматындағы пікірталас өтті.

https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/kazakhstan-i-germaniya-namereny-sovmestno-razvivat-zelenuyu-ekonomiku/